Нейролептиктер (neuroleptica) – сыртқы және ішкі тітіргендіргіштерге қарсы орталық жүйке жүйесінің реакциясын төмендететін дәрілік заттар. Бұл әсерлі жануарлардың неврозы және үркіп-шошыған кезде байқауға болады. Құрылысы жағынан нейролептиктер әтүрлі химиялық топтарға жатады-фенотиазиндер, тиоксантендер, бутирофенондар т.б.
Олардың негізгі әсері – жануарларды тыныштандырып, қорқыныш–үрей тудыратын реакцияларды әлсірету. Жоғары молшерінде ұйқы келтіретін және наркоздық әсеріде байқалады, бірақ бұл бағыттағы әсері ерекше – оларды тек наркоздық заттар мен ұйқы келтіретін заттардың әсерін күшейту үшін ғана қолданылады.
Препараттары– фенотиазин, аминазин, трифтазин, триоксазин
Ветеринарияда фенотиазин антигельминтті зат ретінде қолданылады. Бірақ оның молекуласына кейбір радикалдары енгізу өте айқын әсері бар нейролептикалық зат алуға мүмкіншілік береді. Фенотиазин туындыларының көп қосындылары нейролептикалық және седативтік, жергілікті және жалпы ауырсыну сезімділігін төмендететіндердің әсерін күшейтеді, гистамин мен адреналиннің әсерін бәсеңдетіп, температураны төмендетеді.
Аминазин(aminazinum)– ақ немесе сарғыш түсті, ылғал тартатын ұсақ кристалды ұнтақ. Суда, спиртте, хлороформда жаксф ериді. Жарықта қараяды, сол үшін қараңғы жерде сақтау керек.
Әсер ету механизмі.Аминазиннің әсерінен көптеген ферменттердің (цитохромоксидоза, аденозин үшфосфотаза, т.б.)белсенділігі төмендейді. Орталық жүйке жүйесінің синапстарына адренолитикалы әсер ете отырып, жүйке торшаларындағы зат алмасуды баяулатады. Оның әсерінің айқындалуына жүйкелік қозу өткізгіштігінің бәсеңдеуі және аралық, үлкен ми қыртысы арасындағы байланыстың нашарлауы септігін тигізеді.
Қолданылуы.Аминазинді жануарлардың стресстік жағдайлары кезінде қолданылады.
Трифтазин(triftazinum) – ақ немесе көгілдір түсті кристалды ұнтақ, суда және спиртте оңай ериді. Таблетка және ұнтақ түрінде шығарылады.
Трифтазин жануарлардың түріне қарай өте күрделі әсер етеді. Төменгі мөлшерінде седативті әсер етсе , жоғарғы мөлшерде ұйқы келтіреді, тіптен наркоздық әсерін де байқауға болады. Төменгі мөлшерінің өзінде жануарлар тынышталып, тыныс алуы сиреп, тереңдей бастайды.
Триоксазин (trioxazinum) – таблетка түрінде 0,3 грамнан шығарылады. “Б” тізімі бойынша сақталады. Препарат баяу әсер ететінін транквилизаторға ( тыныштандырып әсер ететіндер) жатады.
Галоперидол (haloperidolum) – өте күшті седативті әсер ете отырып организмнің шартты рефлекторлық қызметін төмендетіп, қозғалысты баяулатады.