Бақылау сұрақтары:
1 Наркоздық заттар, түрлері
2. Психотроптық заттар
3.Ұйықтатқыш заттар
4.Нейролептикалық заттар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығыныңстуденттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №6 Седативтік заттар
1Седативтік заттар
2Сіресуге қарсы қолданатын заттар
Нейролептикалық заттар – сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қарсы орталық жүйке жүйесінің реакциясын төмендететін дәрілік зат. Олардың негізгі әсері – жануарларды тыныштандырып, қорқыныш үрей тудыратын реакцияларды әлсірету. Препараттары фентиазин, триоксазин, талоне муох. Аменазин – ақ немесе сарғыш түсті ылғал кристалды ұнтақ.
Орталық жүйке жүйесіне күрделі әсер ететін өте күшті нейролептик, аминазиннің әсерінен шартты рефлекторлық қызметі бәсеңсиді, t° төмендейді қан атмырлары тарылады.
Седативтік заттар – белгілі бір мөлшерде зақымдалған жүйке жүйесінің қызметін қалпына келтіреді оның жұмысын реттеп отырады. Препараттары бромды калий – Kalii bromidium, түйгін шөп тамыры- Rhizomacum radicis Valerianae, карвалол – corvalolum, девинкал – Hexamidium
Седативті, аналгетикалық және миорелаксантты әсері бар 20-50мл шыны флакондарда шығарылады. Тыныштандыратын, миорелаксантты және ауруды бәсеңдететін касиеті бар және премедикацияға қолданатын дәрі.
Мөлшері: Ксиланит бұлшық етке немесе күре тамырға (1-2мин ішінде асықпай). Ірі қара малға бұлшық етке 0,25-1,5 мл 100кг тірі салмаққа. Ұсақ малдарға бұлшық етке 0,05-0,25мл 10кг тірі салмаққа
Бромидтер. Медицинада емдік мақсатпен бром тұздарын – бромидтерді қолданады. И. П. Павловтың зерттеулеріне қарағанда бром тұздары, белгілі бір мөлшерде зақымдалған жүйке жүйесінің қызметін қалпына келтіреді және оның жұмысын реттеп отырады.
Бромды калий – Kalii bromidum. КВ2; бромды натрий – Natrii bromidum, бромды аммоний – Ammonii bromidum, NH4B2. Үш препараттың барлығы да - ақ түсті, кристалдар немесе ақ түсті, кристалды ұнтақтар. Суда жақсы ериді. ( 1:5 – 7,5 ). Жергілікті жерге қолданғанда кілегейлі қабықты тітіркендіріп, қан тамырларын кеңейтеді, ал жоғарғы концентрацияларында гастроэнтерит құбылысы пайда болады. Оның мұндай әсері қысқа мерзімді болып, онша үлкен қауіп тудырмайды, өйткені бұл препараттар организмге тез сіңіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |