Шүйгіншөп тамыры мен тамырсабағы Далалық алқаптарда өсетін көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның тамыры мен тамырсабақтарында эфир майлары, терпендер, валериан және изовалериан қышқылдары, валериан және хитинин тәрізді алкалоидтар болады. Шүйгіншөптің эфирлі майы төменгі мөлшерде орталық жүйке жүйесін, тыныс алу және жүрек – тамыр орталықтарын әлсіз қоздырады. Жоғары мөлшерінде ол орталық жүйке жүйесін әлсіретеді, рефлекторлық қозуды төмендетеді және шеттік жүйкелердің сезімталдығын баяулатады. Сонымен бірге, эфир майлары ішектің бірыңғай салалы еттерінің тонусын төмендетіп, жүрек – қантамырларын кеңейтеді. Шүйгіншөпті невроздарда, жүйке қозуында, ішек еттерінің жиырылуында қолданады.
Карвалол Сыртқы түріне қарағанда эфирдің иісі бар, түссіз сұйық зат. Седативті және жиырылуға қарсы әсер етеді. Невроздар кезінде, қан тамырлары мен ішектердің спазмаларында қолданылады. Ішке бергендегі мөлшері: шошқаларға 0,8 – 1,0 мл; иттерге 15 – 30 тамшы.
Девинкан. Кристалды алкалод. Таблетка ( 0,005 – 0,01 ), ұнтақ және ампула түрінде ( 0,003% ) шығарылады. « Б » тізімі бойынша сақталады. Девинкан гипотензивті және тыныштандырғыш зат ретінде әсер етеді. Шошқаларға бұлшық ет арқылы бергендегі дозасы 0,006 – 0,008, ал ішке бергендегі мөлшері 0,007 – 0,01.
Бақылау сұрақтары:
1Седативтік заттар, препараттары
2Сіресуге қарсы қолданатын заттар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығыныңстуденттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Достарыңызбен бөлісу: |