Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет138/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
369577-1

Дитразин- Ditrazinum.Әсері мен қасиеті жөнінен дитразинді цитрат пен дитразиилі фосфаттың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Бірақ оңай синтезделетіндіктен дитразинді фосфат жий қолданылады.Су мен спиртте жақсы еритін ақ түсті, кристалды ұнтақ. Гельминттерге қарсы әсері мысықтардың аскаридозыңда, күйіс қайыратын малдардың мюллериозы мен протостронгилозында күшті байқалады. Өте төменгі мөлшерінің өзі (0,03-0,005 г/кг) мысықтардағы гельминттерге өлтіре әсер етеді. Ішке ерітінді түрінде жоәне желатин капсулаларында береді.
Жануарлар үшін уыттылығы онша емес, 0,03 г/кг мөлшерінің өзінен ешқандай улану белгілері байқалмайды. Күйіс қайыратын малдың диктиокаулез, мюлллериоз және протостронгилозында препаратты 25-30 % ерітінді күйінде тері астына егеді. Малдың 1 кг тірілей салмағына есептегендегі дитразиннің мөлшері; қойларға-0,075 г; дитрашнді фосфаттың мөлшері: қойларға 0,1 г, ал ірі қара малға 0,05 г. Шошқалардың метастронгилезында дитразинді цитратты 0,1 г/кг мөлшерінде шошқалардың тері астына егеді. Ауыз қуысы, тері асты және бұлшық ет арқылы препаратты қолданғандағы летальдік мөлшері емдік мөлшерінен 20-25 есе жоғары.
Фенасал-PhenasaIum. Суда нашар еритін, ақшыл сарғыш түсті ұнтак, зат. Препарат паразиттердің оттегі мек глюкозаны сіңіруін әлсіретеді, лактатдегидрогеиоза ферментінің белсенділітін төмеадетеді, бірақ анаэробты гликодизді жақсартады. Төменгі концентрациясының өзінде феносад цестодалардың бұлшық еттерін салдандырып, олардың қызметін бүлдіреді. Препарат алабуға бактериоцефалезында зор жетістікпен қолданылады.Оның 0,1 г/кг мөлшері 100 % емдік нәтижелілік көрсетті. Сонымен бірге ол қойлардың моннезиозы мен үй жануарларының цестодоздарында кеңінен қолданылады.
Тифенилметанды бояулар тобына жатады. Жануарлардың стронгилидоз және басқа да кейбір гельминтозды ауруларының да кеңінен қолданылады. Препараттың жануарлар үшін уыттылығы онша емес, бірақ оның әсерінен жануарлардың кілегейлі қабықтары, несебі, тезектері қызғылт немесе күлгін түске боялады.Шошқаларға бергендегі мөлшері 0,05 г/кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет