Бақылау сұрақтары:
1 Антигельминттік заттар
Дитразин
3 Фенасал
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №30 Инсектоакарицидтік жэне дератизациялык заттар.
1 Инсектицидтік, акарицидтік заттар
Дератизациялық заттар
Инсектицидтік және акарацидтік заттар
Инсектицидтік insecta-жәндіктер coedo- өлтіремін немесе дизенфекциялық заттар деп жәндіктерді жою үшін қолданатын заттарды, ал акарицидтік деп acarus-кене, сoedo-өлтіремін, кенелерге қарсы күресу үшін қолданылатын заттарды айтады жәндіктердің көпшілігі өздерінің тескіш және тескіш сорғыш мүшелері арқылы адамдар мен жануарларды тынымсыздандырады, олардың өнімділері мен өсімталдығын күрт төмендетеді. Олардың көпшілігі теріні бүлдіріп мал өнімдерінің, әсіресе ет пен сүттің сапасын төмендетеді.
Олардың жұмыртқаларының личинкаларының фармаколог, аттарға сезімталдығы әртүрлі келеді. Сондықтан оларды акоцидтік-жұмыртқаларын өлтіру, ларвоцидтік-личинкаларды өлтіру, акарицидтік-кенелерді өлтіру, пестицидтік-жәндіктерге, құрттарға, саңырауқұлақтарға, микробтарға қарсы инсектицидтік заттарды жәндіктердің шоғырланған, өсіп-өнетін жерлерінде қораларда, малдың денелерінде қолданады. Қораларға аэрозоль, ерітінді немесе сұйық қоспалар күйінде қолданады.
Инсектицидтік заттарға қосылыстар, хлорлы қосылыстар, күкірт оның труындылары.
ФОС-қазіргі кезде химияда, биологияда, медицинада, мал дәрігерінде, ауыл шаруашылығы кезінен қолданады.
ФОС өте күшті инсектицидті, акарицидті, бактерицидті заттар болып табылады. Дұрыс қолданбағанда мөлшерін шектен тыс асырып жібергенде жануар уытты әсер етеді.
ПрепараттарыХлорофос – chlorophosum, ДДВФ-екі хлорлы винилфосфат, Карбофос – karbophosum Амидофос - Amidophosum
Хлорофос – кристалды ұнтақ өзіне тән исі бар парафин тәріздес. Хлорофос ұнтақ, дуст, ерітінді, күйінде шығарылады.
Препаратты кенелерге, шыбындарға ақыраларға қарсы, мал қораларын дезинфекциялау үшін қолданады.
Хлороорганикалық қосылыстар. Таза күйінде хлор жәндіктерге қарсы тыныс алу жолдары арқылы қолданғанда уытты әсер етеді.
Препаратты Гексахлоран – Нехоскочатин, Никохлоран - Nicochloramum
Гексохлоранды – бензолды хлормен әрекеттестіру арқылы алады. Гексахлораминның инсектицидтік және акарицидтік белсенділігі өте жоғары. Практикада гексохлоранды дуст, суспензия, сүртпе май, эмулсия, линимент және аэрозольды түрінде қолданады.
Гексахлоранды шыбындар мен масалармен күресу үшін, сулы-майлы эмулсия битнер, жүн жегіш, мамық жегіш құс қораларындағы кенелермен күресуге жануарлардың пироплазмоз ауруының кенелерін тарату күресу қолданады.
Күкірт-sulfuz – сары түсті ұнтақ немесеғ кесек зат. Суда ерімейді майда, спиртке және эфирде нашар ериді. Олар акарицидтік, антисентикалық әсер етеді және терінің экстеролық әсер етеді және терінің экстерореценторларын тітіркендіреді. Сонымен бірге бактериостатикалық та әсер етеді. Күкіртті сыртқы мүшелерге қотыр ауруларына қарсы қолданады ас қорыту жүйесінің жұмысын күшейтіп зат алмасуды жақсартуға қорғасын немесе сынаппен уланудың тиісті түрінде уыттқа қарсы зат ретінде қолданады.
Натрий тиосульфаты – Natrii thiosulfas. Иіссіз түссіз ашқылтым дәмі бар кристалдар. Жалпы уыттқа қарсы әсер ететін зат ретінде сары ауруының күйгенде, қабыну құбылыстарының жіті түрінде, ауыр металдар және металлалудармен уланған кезде қолданады.
Тышқандар және егеуқұрықтармен күресу үшiн механикалық бактериологиялық және химиялық заттар қолданылады. Химиялық заттардың iшiнде қазіргi кезде зоокумарин, теңiз сарымсағы, крысид, көмiрқышқылды барий және мырышты фосфатидтiң маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |