Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет22/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   143
Қолданылуы.Наркоздық зат ретінде алкогольді ішке береді және күре қан тамырына егеді.
Ауырсыну сезімділігін әлсірететін,ашу құбылыстарына қарсы және антисептикалық зат ретінде оны қарын кеуіп-кеңігенде, сіреспе-шаншулар кезінде, ішектердің атониясында, сонымен қатар ауырсыну сезімділігін әлсірететін зат ретінде мидың қабынуында, сіреспе жөтелдерде және иттің оба аурулары кезінде қолданады.
Қоздырғыш зат және энергия көзі ретінде алкогольді ауыр жұмыстардан кейін жануарлар жалпы әлсірегенде, жұқпалы аурулар кезінде, қан кетулерде, ингаляциялық наркоздық заттармен уланғанда, ұзаққа созылған толғақтарда, сонымен қатар организм жалпы әлсіреп шаршаған кезде пайдаланылады.
Бактерицидті зат ретінде алкогольді операция жасалатын жерді, хирургтің қолын, құрал-саймандарды және де басқа операцияға керекті жабдықтарды дезинфекциялау үшін қолданады.
Алкогольдің бұл әсері оны ішке ауырсыну сезімділігін әлсірететін және қабынуға қарсы зат ретінде қолданғанда ескеріледі.Алкоголь қотырға қарсы қолданылатын көптеген линименттердің құрамына кіреді және еріткіш, әрі көмекші зат ретінде дәрілік препараттарды дайындау үшін қолданылады.
Алкогольді өте үлкен мөлшерде дәнекер ұлпалардың қызметі нашарлағанда, жүрек акауларында және бүйрек ауруларында қолдануға болмайды.


Бақылау сұрақтары:

1.Анальгетикалық заттар


2.Қызу басқыш дәрілер
3.Алькоголдер


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығыныңстуденттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет