Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет37/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143
Тании-Taninum. Глюкозаның күрделі эфирі, онда галий қышқылдарының бірнеше радикалдары бар. Иіссіз, тұтқыр дәмді, сарғыш түсті аморфты ұнтақ, суда оңай ериді.
Ас қорыту жолында альбуминаттар түзеді. Қарында тұтқыр заттардың әсері 3-24 сағатқа созылады. Тании ерітінділері алкалоидтердің көбісін тұтқырлайды, оларды ерімейтін қосылыстарға айналдырады, уды босатып ыдырайды, бұл удың қайтадан уьтты әсер етуі мүмкін. Сондықтан улардың түзілген комплексті косылыстарын ішск-қарыннан мүмкіндігінше тезірек тазарту керек.
Танальбин-Tannalbinum. Таниннің белоктық қосьлысы. Иіссіз және дәмсіз, су мен спиртте нашар еритін аморфты коңыр түсті ұнтак Пенсиннің асерінен баяу ыдырайды, сондықтан оның едәуір бөлігі ішекке өзгеріссіз түрде тұседі. Ішектің сілтілі ортасында баяу ыдырап, ол нәзік тұтқыр дәрі ретінде әсер етеді. Тек ірі малға ғана емес, сонымен бірге төлге де қолданылу ұсынылады.
Танноформ-Tannoformum. Таниннің формальдегидпен конден-сациясының өнімі. Химиилық жағынан метилендитанин болып табылады. иіссіз және дәмсіз, суда, эфирде және хлороформда ерімейтін, аздап кьзғылттау немесе кызылқошқыл ұнтақ. Күйдіргіш сілті, карбонаттар ерітінділерінде және абсолютті спритте ериді. Ішкізілгеннен кейін қарында өзгермсй, ішектің сілтілі ортасында формальдегидпен ыдырап, ериді, тұтқыр және дезинфекциялаушы әсер етеді. Ішектің жұқпапы ауруларында ірі малға және төлге қолданылады. Танноформды сеппе дөрі түрінде, жараларда, әсіресе ұлпа.лары көп закымдалған жараларда колданады. Онын әсерінен жаралар қарақотырланады, оның астындагы жара іріңдемей жазыла бастайды.
Ветеринариялық практикада таниннен басқа жаңғақты, еменнің қабығын, жалбыздың жапырағын және басқаларды жиі пайдаланады. Олардың құрамында 5 % - дан 70 % - ға дейін илік заттар бар.
Еменің қабығы (кора дуба)-Согtех Quеrcus. Кептірілген қабык., көктемде кәдімгі еменнің бұтақтары мен жас діндерінен (жапырак жайғанға дейін) жиналады. Қабыктың кұрамында 10-20%-дық илік заттар, қант, ғали қышқылы бар, Көбінесе қабықты қайнатпа түрінде қолданады, сирек жағдайда ұнтақ, болюс, ботқа, микстура түрінде қолданады. Ауыз уылғанда ауызды шаю үшін, гастриттерде, энтериттерде, іріңге қарсы қолданылатын дәрі ретінде ішкізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет