Отандық білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарға өтуі бірінші орынға мынадай міндеттерді қоюға итермелейді: білім беру сапасын, үлгерімді және оқу үрдісін басқарудың объективтілігін жоғарылату, және де оқу материалының стандартқа сай келуі, студенттердің өзін - өзі болашақ маман ретінде дайындауға құштарлығын көтеру және алдыңғы қатарлы ғылыми қол жеткізген жетістіктерден бағыт алу. Бұл міндеттердің орындалуы барлық білім беру орындарының оқу үрдісін кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруды және қарқынды жұмыс істеуін талап етеді. Бұл кездегі басты мәселенің бірі студенттердің алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра алуы және жаңа нарықтық көзқарасты қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандартын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Оны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз» деп нақты бағыт берді. Осыған орай, алдыңғы қатарлы жаңа технологияларға бейімделіп, жан-жақты өркендеу, қоғамның сапалық жаңа экономикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға көшу міндеті тұр. Міне сондықтан, бүкіл халықтың, оның ішінде жастардың санасына жаңа экономикалық ойлау жүйесін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне еніп отыр. Осы оқулықта ғылымның қалыптасу мен тарихынан бастап қазіргі экономикалық жағдайды жақсарту мәселелерін теориясын негіздеу қарастырылған.
«Экономикалық теория негіздері» оқу құралын пайдалана отырып оның қалыптасуын және даму кезеңдерін; экономикалық теорияның әдістерін, заңдарын; экономикалық қажеттіліктерді, экономикалық ресурстарды және олардың шектеулілігін; меншіктің мәні және түрлерін терең меңгеруіне; нарықтың мәнін, бәсекенің түрлерін үйрене отырып, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізін білуіне; негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін үйреніп, мемлекеттің қаржы жүйесі мен қазына саясатына мән беруіне; экономикалық теорияның халықаралық аспектілерін тануына септігін тигізеді. Оқу құралы әрбір студенттің осы курсты меңгергеннен соң, зияткерлік қабілетін дамыта отырып, кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жүйелі түрде өзінің ой-пікірін ел экономикасының дамуына жұмсауына көмектеседі.