Негізгі ұғымдар:Экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика, саяси экономика, меркантилизм, физиократтар, марксизм,маржинализм,индукция, дедукция,ғылыми абстракция,экономика,экономикалық категория, экономикалық заңдар,позитивті экономика, нормативті экономика.
Тақырып бойынша қосымша сұрақтары: Экономикалық теория пәні нені зерттейді?
Макроэкономиканың қарастыратын сұрақтардың аумағы қандай?
Жалпы экономикалық теорияның зертеу әдістеріне сипаттама беріңдер.
Экономикалық ойлардың даму кезеңдерін атаңыз.
Қазақстандағы экономикалық ғылымның даму ерекшеліктері қандай?
Меркантилистер неге байлық көзі айналым аясы деп есептеген?
Физиократтардың тарихи еңбегі немен қорытындыланады?
Экономикалық ғылымды идеологияландыру нені білдіреді?
Кейнстік мектептінің неоклассикалық мектептен қандай айырмашылығы бар?
«Саяси экономияның», «экономикалық теорияның» және «экономикстің» қандай айырмашылықтары бар?
Қоғамдықөндiрiстiңқұрылымы. Өндіріс және ұдайы өндіріс
Адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндіріс қажет. Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі және де адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеттері. Ал, өндіріс нәтижесі болып адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын материалдық емес игіліктер табылады. Қоғамдық өндіріс адамның табиғатпен екі арадағы өзара әрекетінің процесін және осы кездегі пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығын қамтиды. Сонымен, өндіріс дегеніміз –адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді, өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін бағытталған мақсатты іс-әрекеттері.
Қоғамдық өндіріс
Өндіргіш күштер
Өндірістік қатынастар
Ұйымдық-экономикалық
Жұмысшы күші
Технико-экономикалық
Өндіріс құрал жабдықтары
Әлеуметтік-экономикалық
Жұмысшы күші дегеніміз- адамның еңбекке қабілеттілігі. Ал еңбек дегеніміз- адамның саналы іс-әрекеті болып табылады. Оның негізгі көрсеткіші еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі ол біріншіден, белгілі бір уақыттағы өнім көлемі; екіншіден, әрбір өнім бірлігіне кеткен уақыт көлемі. Еңбек өнімділігін арттыру нәтижесінде еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды, қоғамның байлығы өседі. Еңбек өнімділігі денгейін анықтайтын бірнеше факторлар бар(кесте 4).
Еңбек өнімділігі денгейін анықтайтын негізгі факторлар:
Жұмысшылардың кәсібилігі, квалификациясы мен білімділік деңгейі
Өндірісті ұйымдастыруға жұмысшы күшінің болуы жеткіліксіз. Оған қоса өндірістің заттық факторлары – өндіріс құрал- жабдықтары керек. Өндіріс құрал-жабдықтары – бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының жиынтығы.
Өндірістік қатынастар- бұл материалдық игіліктер мен қызметтерді өндру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Қажеттілікті қанағаттандыру барысында қоғамдық өндіріс екі сфераға бөлінеді: