Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Әлемдік валюта жүйесінің мазмұны және құрылымы. Қазіргі әлемдегі халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер



бет80/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89
15.3 Әлемдік валюта жүйесінің мазмұны және құрылымы. Қазіргі әлемдегі халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер

15.1 Әлемдік шаруашылықтың мәні. Интеграция және интерұлттандыру

Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа созылатын процесс. Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда –экономикалық, қаржылық және ғылыми –техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.
Әлемдік шаруашылық - елдердің ұлттық шаруашылықтары әр түрлі байланыстармен (экономикалық, техникалық, ғылыми, мәдени, т.б.) халықаралық еңбек бөлінісі негізінде біріктірілген ғаламдық экономика.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы , егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ , дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады.
Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы , ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады.
Сондай – ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы , әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.
Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады.
ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.
Сонымен, әлемдік экономика – экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылымтарды да зерттейді.Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады.
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалықсаясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет