Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


- сыртқы сауда айналымы = Экспорт + Импорт



бет83/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   89
- сыртқы сауда айналымы = Экспорт + Импорт;
- сауда байланысы (сауда балансы айырмасы) = Тауарлар экспорты мен импорты айырмасы.
Белсенді сальдо — экспорттан түскен табыс сомасының импортқа кеткен шығыннан артық болуы.
Енжар сальдо — импортқа кеткен шығын сомасының экспорттан түскен табыстан артық шығуы.
Экспортты квота — экспорт шектеулі болған жағдайда экспортқа шығаруға рұқсат етілетін тауарлар саны.
- Экспортты әлует - белгілі бір елдің әлемдік рынокта өз экономикасына шығын келтірмей сататын енім үлесі.
Халықаралық сауданың тиімділігі екі түрлі көзқараспен бағаланады:
1. Абсолютті артықшылықтар теориясы: белгілі бір ел қандай да бір тауар өндіруде басқа елмен салыстырғанда абсолютті артықшылықтарға ие (климаттық, географиялық, технологиялық, т. б.) деп есептеледі (егер ол бұл тауарды аз шығынмен өндіретін болса).
2. Салыстырмалы түрдегі артықшылықтар теориясын XIX ғасырдың басында Д. Рикардо ойлап шығарды:
Егер қандай да бір елдің өнімнің барлық түрін аз шығынмен өндіру мүмкіндігі болса немесе тіптен болмаса, онда өндіріс пен саудадағы мамандандырудың салыстырмалы түрдегі артықшылықтары әрекет ете бастайды. Егер елдер арасындағы шығынға қатысты айырмашылықтарды ескерсек, онда белгілі бір ел әлеуетті серіктесіне қарағанда бұл тауарды баламалы аз шығынмен өндірген жағдайда тауар өндіруде салыстырмалы артықшылықтарға ие болады.



Саудалық шектеулер шетелдік баж (тарифтер) және тарифтік емес тосқауыл түрінде болады:



Сауда тосқауылдары



Кеден бажы

Тарифтік емес тосқауылдары

Сыртқы сауда саласында мемлекеттік саясаттың екі типі бар:


Протекционизм — ішкі рынокты шетелдік тауарлардан қорғауға бағытталған және импортты шектейтін саясат.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет