Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА



бет81/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.
ЕЭА-ның негізгі мақсаттары: Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу. Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін: еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз- жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.
Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :

  • милитаризация мен қару-жарақтану;

  • қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;

  • қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.

  • дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;

  • ұлттық мәдениеттің жойылуы;

  • дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.

Халықаралық еңбек бөлінісі- бұл әлем елдерінің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы және белгілі сандық ,сапалық арақатынас арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.


Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер ететін факторлар:

  • еңбек өнімділігін арттыру

  • өндірістің жоғары тиімділігіне жету

  • өндіріс шығындарын мейлінше төмендету



Халықаралық еңбек бөлінісінің түрлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет