Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет53/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капиталдың саны мен сапасының өсуі

  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі

  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

  • Қоғамдағы іскерлік қабілеттің өсуі.

  • Сұраныс факторлары - өсіп жатқан өндіріс көлемін өткізу мүмкіншілігі, тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, пайда салығының, ресурстар бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

  • Бөлініс факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:


1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің үлгілері.Экономикалық өсу үлгілері жоғарыдағы аталған факторларға тәулігіне байланысты. Экономикалық әдебиетте әртүрлі үлгілерді ұсынды. Олар: Ч.Коббо-П. Дуглас үлгісі, Р.Солоу үлгісі, А.Тинберген үлгісі, Рой Ф.Хоррод –Е. Домар үлгісі.
Жоғарыда келтірілген экономикалық өсу үлгілерін екі топқа бөлуге болады: көпфакторлы және қосфакторлы үлгі.
Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі.
Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.
Еңбек өнімділігінің артуына технологиялық прогресс факторы аса маңызды түрде әсер етеді. Технологиялық прогресс – бұл өндірістік үрдісті ұйымдастырудың және басқарудың жаңа әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар, өндірістік үрдісте қолданылатын ғылымның әртүрлі салаларындағы ашылымдар мен жаңалықтар және басқа да заманауи жетістіктер. Сонымен қатар, білім және адам капиталы сияқты ерекше факторға және оның экономикалық өсуге қосатын үлесіне де маңызды түрде көңіл бөлген жөн. 
Адам капиталына инвестициялар – қазіргі заманғы экономикалық өсудің аса маңызды факторы. Осындай инвестициялар әлеуметтік-экономикалық құрылымның ҒТП-нің даму ырғағына үздіксіз ілесіп, әрі бейімделіп отыруына жағдайлар жасайды. Демек, бүгінгі күні сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға, жұмыс орнында тәжірибе жинақтауға, инновацияларды енгізуге инвестиция салусыз, яғни адам капиталын дамытусыз экономикалық өсудің шынайылығына қол жеткізу мүмкін болмайды.
Алайда, экономикалық өсудің теріс факторлары да болады. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды экономикадағы әлеуметтік өзгерістер деп атайды. Оларға әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау саласын шектен тыс мемлекеттік реттеу деген факторлар жатады. Мәселен, қоршаған ортаның ластануын бақылау бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қысқа мерзімде экономикалық өсу қарқынының бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін. 
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет