Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
Инвестициялар өседі.
Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
Тауарлардың бағасы өседі.
Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
Несиеге сұраныс өседі.
Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.Өнеркәсібі дамыған елдердегі экономикалық даму циклді сипатта: құлдырау, өрлеу, қаржылық дағдарыс, жандану, қайта құлдырау, қайта жандану және т.б. Осы фазалар спираль тәрізді тәртіппен жүреді, прогрессивті қозғалыс.
Экономикалық циклдардың себебін шартты түрде сыртқы (экзогенді), ішкі ( эндогенді ) және аралас факторларға бөлуге болады.