Сыртқы (экзогенді) факторлар – экономикалық жүйеден тыс болып жатқан құбылыстар. Оған жататындар: адамдардың санының өзгеруі, жаңалық табу мен инновациялар соғыс және басқада саяси уақиғалар.
Ішкі (эндогенді ) факторлар –экономикалық жүйенің өзінің ішінде болып жатқан құбылыстар. Оларға жататындар: тұтыну, инвестициялау және мемлекеттің іс-әрекеттері.
Аралас факторлар – циклдің себебін ішкі және сыртқы факторларды синтездеу арқылы анықтайды. Олардың авторларының тұжырымдауынша: сыртқы фактор циклдің бастапқы дүмпуін туындатады, ал ішкі фактор тазалық – ауытқуға әкеліп соғады.
Экономикалық циклдердің бір - бірінен ұзақтығына және интенсивтілігіне байланысты айырмашылықтары бар. Осыған орай әдебиеттерде үш мерзімге бөледі: қысқа, орта және ұзақ.
11.1. кесте Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері
Ұзақтылығы
Себептері, ерекшеліктері
1. Дж.Китчиннің «қысқа толқындары»
2-4 жыл
Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары»
10 жыл
Ақша айналысындағы өзгерістер, несиелік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары
18-25 жыл
Экономикалық циклдардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары»
40-60 жыл
Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
5. Форрестердің циклдары
200 жыл
Энергия куаты мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің циклдары
1000-2000 ж.
Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.
Китчин тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттары мен сату бағасын таладу негізінде, өзінің назарын, ұзындығы 2-ден 4 жылға дейін болатын, қыска толқындарды зерттеуге аударған.