Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет68/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89
Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Күміс монометаллизмі Ресейде 1843—1852 жылдары, Индияда 1852-1893 жылдары, Голандияда 1847—1875 жылдары қызмет етті. Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің үлгісі ретінде XVII ғасырда Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғасырдын, аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда — 1871—1873 жылдары, Швецияда, Норвегияда және Данияда — 1873 жылы, Францияда 1876— 1878 жылдары, Австрияда - 1892 жылы, Ресейде және Жапонияда —1897 жылы, АҚШ-та — 1900 жылы. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты — бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  • алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

  • алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);

  • толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

  • алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезендерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде калпына келтіре алмады. 1924—1929 жылдары ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған нысаны жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы — 215 мың франке тең болды.
Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасау болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды. Сонымен, 1929—1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып, (мысалға, Ұлыбританияда — 1931 ж., АКДІ-та 1933 ж., Францияда —1936 ж.) оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.
Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады.
Өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттарын қолданылады:

  • М1 агрегеты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (бакноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

  • М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан тұрады;

  • М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;

Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасын жасау және талдауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

  • М0 (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);

  • М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы дипозиттері;

  • М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютиасындағы аудармалы дипозиттері;

  • М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан РЕспубликасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев “ Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы “ Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – теңге енгізілді.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.
Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды.
Несиелік қатынастар жүйесінде несие операцияларын жасау үшін қаражат тартудың да маңызы зор. Мұндай қызмет әр түрлі несиелік қатынастар үшін біркелкі бола бермейді. Айталық, коммерциялық несие кезінде несиегердің сырттан қаражат тарту қажеттілігі туындамайды, ал банктік несиелеуде сырттан тартылған қорлардың кеңінен пайдаланылуы көзделеді. Экономиканы дамытуда несиенің рөлі маңызды әрі сан салалы. Несие өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен тұтынылуы үрдісіне және ақша айналысы саласына әсерін тигізеді, яғни өнімді өндіру мен өткізу үрдістерінін іркіліссіз болуына ықпал етеді, өндірістің маусымдылығына орай туындаған қаражатқа деген ділгірлікті уақытша қанағаттандыруда, өндірісті кеңейтуде үлкен рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет