Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары



бет12/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
Қазіргі жағдайда кәсіптік білім беру жүйесін дамытуды анықтайтын бағыттарға үздіксіз, интегративтілік, стандарттау, білімді демократияландыру жәнеплюрализациялау т.б. жатады.
Үздіксіз білім беруді баяндауда гуманистік идея жүзеге асырылады: ол адамның барлық білім беру бастамасын орталық ретінде қойып, сондай-ақ бүкіл өмір аралығында оның қабілетінің толық дамуына жағдай жасау қажет. Үздіксіз білім берудің мынадай қағидалары бар: өмір бойы адамның жасалуын қамту, білім беру жүйесін тұтас ретінде түсіндіру, оқылатын пәндер арасындағы байланыс, өзін-өзі басқару, өзіне-өзі білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бағалауға ерекше белгі жасау;сабаққа мотивтілігін талпындыру; барлық білім беру үрдісіне қағидалардың жүйелілігі.
Білім берудің интегративтілігі оқыту жүйесі мен өндірістің байланысын білдіреді, яғни оқу мекемелеріне сай барлық деңгейдегі қажетті мамандарды даярлауға үлкен корпорациялар нақты өндірістік мақсаттарды жүзеге асыру үшін тапсырыс алады, онда жаңа мәселелі және пәнаралық сипатта болатын тәртіп пен курстар, білім алудағы түрлі формалар, оқу мекемелерінің типтері, қайта даярлау түрлері құрылады.
Білім беруді стандарттауға мүмкіндік береді:

  1. жұмысшы немесе іскер-маман біліктілігінің қажетті минималды деңгейін, білім берудің жалғасын қамтамасыз ететін базалық деңгейді орнату;

  2. кәсіби профильді кеңейту жолында мамандарды даярлау сапасын арттыру, білім беру мазмұнының әмбебаптығы, прогрессивті блокты-модульдік оқыту жүйесін енгізу, оқу мекемелері қызметінің тиімділігін бақылау;

3) кәсіби білім беру жүйесінің барлық субъектілерін даярлаудың нормативтік-құқықтық аспектілерін реттеу, үздіксіз білім беру жүйесі жағдайындағы оның сабақтастық байланысын орнату;
Білім беру жүйесінің демократияландыруын дамыту, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру, қоғамдық ортаны демократиялық қағидаға айналдыру, білім беру кеңістігін кеңейту, әр түрлі оқу мекемелеріндегі паралельді оқыту, демократизм.
Плюрализациялауадамның дамуына бағытталған, ол демократиялық жетістіктерді тереңдетеді және бекітеді, жаңа философиялық өмірді, ойлау мәдениетін, білім беру құрылымдарының жан-жақтылығына, кез келген типті оқу мекемелерін таңдауға, оқу үрдісі мен педагогикалық технологиялардың әдістері мен формаларының көп нұсқалы болуына септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет