САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 1-тапсырма. Ұжымдық өмір әрекетiнiң жағдайларын талқылау (3-4 адам) топтық жұмыс барысында өткiзу орынды. (3-4 адам) Топ 20-30 минут аралығында 3-5 жағдаяттармен өз бетінше жұмыс істейді, сосын қабылданған шешімдерді талдауға бірігеді. Сабақтың нәтижелілігі пікірталас амалдарын қолдануды, педагогикалық жағдаяттар мен тәрбиелік әсердің бірізділігін шешу тәсілдерін «қорғауды» жоғарылатады. Студенттердің айтқан дәлелдеулері «өз ойы» ғана емес, сондай ақ іс-әрекет, қарым-қатынас, қатынас, қоғамдық пікір, тұлға белсенділігінің сипаты туралы білімін «өмір тәжірибесіне» негізделуі қажет; ұжым және тұлғаның өзара әрекеттестік үрдісін түсіндіру; ұжымдағы тұлғаны идеялық-танымдық қалыптастыруды ұғыну оның дамуының мәнін анықтаған.
Жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындаңыз.
1-жағдаят. 1 курс. Топта сегіз адам– консультанттар. Бұл балалар басқаларға қарағанда пәнді жақсы біледі, өзінің достарына материалды меңгеруде көмектеседі(олардың сұрауы бойынша). Бір топтағыларға осылай дайындалу ұнайды. Олардың ойынша, бұлай түсіндіргенге де, тыңдағандарға да пайдалы.
Бірақ топтық жиналыста жақсы оқитын білім алушының бірі басқаларға сабақты үйретуге уақытын бекер жіберетіндігі жайлы хабарлады; оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері бар, неге біз үлгерімі төмендермен жұмыс жасауымыз керек. Топ ызаланып, таң қалды, өйткені барлық пәндер оңай меңгеретін озат оқушы айтып отыр. Назар өзінің көзқарасында барлығы өз еркінше оқитынын дәлелдеді, өзіміздің күшімізге сенеміз, әр қайсысымыздың жеке мақсатымыз, қызығушылығымыз, бар сондықтанда бос уақытымызды өзіміздің қалауымызша өткізуімізге құқылымыз. Топ үнсіз тыңдады. Сосын кейбірі дәлелдеуге тырысты, қалғаны Назардың сөзімен келісті. Барлығына бұл сөз ұнамады, өйткені барлығы түрлі пәндер бойынша кеңесшілерден сұраған енді өздерін қарыздар сияқты сезінді.
Ұжымдағы қоғамдық пікірге сәйкес қалыптастыру үшін осындай жағдаятта жолдастарыңызға қалай көңіл аударар едіңіз, өз сөзіңізді дайындаңыз.
2-жағдаят. Жаңа жылдық кешке қыздар дос ретінде араласатын көрші кәсіптік колледждегі жігіттерді шақырмақшы болады. (топтағы жастар қыздарды лажсыздан қыздарды биге шақырады, кейбірі тіпті билемейді). Жастар ренжіп, егер олар көрші кәсіптік колледждегі жігіттерді шақыратын болса кештен кететіндерін айтты. Бірақ сондада көрші кәсіптік колледждегі жігіттерді шақырады. Жанжал болады. Қыздардың бірін ренжітті. Топтағы балалар барлығы кетіп қалады. Кеш қыздардың энтузиазмы мен сәтсіздікті жеңу үшін кеш жалғасты, бірақ барлығының көңіл-күйі нашар болды. Аталған жағдайда жігіттер қыздардан кешiрiм сұрасада құтқармады.
Келтірілген жағдаят негізінде топ ұжымының даму деңгейі, олардың өзара қарым-қатынасы мен іс-әрекет амалдары туралы сынға алуға болама? Осы топта іс-әрекет қатары мен топтың жас және ұжымдық өмір әрекеті ерекшелігін ескере отырып, әңгімелесу-талқылауды жоспарлаңыз.