Тақырып: Кәсіптік оқыту педагогтың кәсіби құрылуының педагогикалық негіздері. Педагогикалық шеберлік.
Мақсаты: кәсіби-педагогикалық қызметкерлерді даярлау туралы ұғымды қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар: 1.Кәсіптік оқыту оқытушысының әдістемелік және арнайы дайындығына қойылатын талаптар.
2.Қазіргі оқу-тәрбиелік үрдісіндегі кәсіптік оқыту мұғалімінің қызметтік міндеттері мен құқықтары.
3.Еңбек және кәсіптік оқыту бойынша әдістемелік жұмыс жүйесі. (мектепте, ауданда, қалада, облыста). Кәсіптік оқыту педагогын даярлау және біліктілігін жоғарылату.
САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
1-тапсырма. Педагог мамандығы, педагогикалық еңбек туралы ұсынылған әдебиеттермен танысыңыз. Мұғалім, педагогикалық шеберлік туралы пікірлерге түсінік беріңіз:
«…Тек жақсы тәрбиеші болғанда ғана, жақсы мұғалім бола алады. … Барлық педагогикалық мәдениет, педагогтың бүкіл білімі тәрбие жұмысынсыз нақты білім болып табылады».
«Әр қайсысымыз педагогикалық даналықты пайымдауды іске асыру емес, тек әлем жасөспірімге қатар өзін тануға көмектесетін ширақ тұлға болуына баулуымыз қажет. Біз жасөспірімге рухани өмір байлығының үлгісі болуымыз қажет; тек сонда ғана біз моральдық құқықта тәрбиелей аламыз.» (В.А.Сухомлинский).
2-тапсырма. Қазіргі жағдайда ұсынылған әдебиеттерді талдау негізінде педагогтың негізгі қызметін анықтаңыз; педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдарын ашыңыз, ондағы балаларға сүйіспеншілік, икемділік, кәсіптік оқыту, жеке педагогикалық тәжірибе қандай рөл атқарады көрсетіңіз.
3-тапсырма. Педагогикалық қызмет құрылымын талдауда жеке және топтық хабарламалар дайындаңыз. (Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Л.Ф.Спирин, А.И.Щербаков және т.б. еңбектері бойынша). Педагогикалық қызмет құрамына кіретін басты кәсіби-педагогикалық біліктілікті анықтаңыз.
Өзіндік жұмыс 1-тапсырма. Өзіңіздің педагогикалық мәдениетіңізді көтеру үшін өзіндік аудиториядан тыс жұмысыңыздың қысқаша бағдарламасын құрыңыз. Оның ішіне мынадай құралдарды қосуға болады:
Оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқыту;