Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет17/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

Өзін –өзі бақылау сұрақтары



  1. Икигай деген не?

  2. Өзінің Икигайынды қалай табасыз?

  3. Икигай картасы неден тұрады?

  4. Икигайдың бес ережесі

  5. Бизнес идея деген не?

  6. Бизнес үшін идеяны дұрыс таңдау

  7. Бизнестегі қадамдардың реттілігі.

3 тақырып. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау


Дәріс 3


3.1.Бизнес жоспарлаудың мәні және түсінігі
3.2.Бизнес-модель түсінігі. Инновациялық бизнес модельдер.
3.3Бизнес-модельдің канвасы
3.4.Бизнес-жоспар – кәсіпкерлікті жоспарлау құралы ретінде
3.5. Бизнес-жоспарды құру және әзірлеу әдістемесі.
3.6. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны мен сипаттамасы.


Дәрістің мақсаты- «бизнес-жоспарлау», бизнес-моделі канвас, бизнес-жоспар, негізгі бизнес-жоспардың бөлімдері ұғымдарының ашу.


3.1.Бизнес жоспарлаудың мәні және түсінігі
Бизнес-жоспар құжат ретінде кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының перспективаның жоспарын алмастыруға қабілетті. Сондықтан, бизнес-жоспар – бұл кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің рентабельдігін арттырудағы статистикалық даму бағдарламасы.
Бизнес-жоспар – коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.
Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.
Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.
Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсететінін көреміз.
Бизнес-жоспарға ұқсас құжат болып техника-экономикалық негіз болып табылады, өйткені мұның бағыты бизнес-жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз шағын негіз болып келеді. Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.
Бизнес-жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және нақты кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес -жоспар табысқа жету жолы болып табылады; Бизнес-жоспар бизнесті басқару және іс-әрекеттер бағытын анықтайтын құжат болып табылады. Бұл аспектіде бизнес-жоспар стратегиялық жоспардың және басқарудың орындалуы мен бақылаудың қажетті элементі.
Бизнес-жоспарды жоспарлау процесі және фирманың ішкі басқару инструменті ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да бизнес-жоспар ылғи да өзгеріп отыратын құжат, ол фирманың жаңа еңгізулерге бағыттайды.
Бизнес-жоспар өзін-өзі үйрету құралы. Бұл аспектіде бизнес-жоспар бұл үзіліссіз тану мен өзін-өзін тану процессі құралы. Осыдан бизнес-жоспар шығармашылық процесс деп бекітуге болады.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың құрылымы, формасы, мәні бойынша әр түрлі типте қолдануы мүмкін. Бизнес-жоспар келесідей жіктеледі:
- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары;
- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары және тұжырымдамасы;
- Құрылымдық бөлімдердің бизнес-жоспары;
- Бизнес-жоспар несиеге сұраныс;
- Бизнес-жоспар – грантқа сұраныс;
- Аумақтық даму бизнес-жоспары;
Берілген технология бойынша бизнес-жоспар әртүрлі қолдануына байланысты атқарыладыНарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың қызметі – басқару құжаты ретінде оның экономикалық дамуында қабылданған стратегияларға, концепцияларға, мақсаттарға және міндеттерге сәйкес болуы. Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет