Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет24/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

6. Негізгі ресурстар
Негізгі құндылықтарды құру үшін бізге қандай негізгі ресурстар қажет? Біздің тарату арналарымыз?
Келесіқадам - қажетті ресурстарды анықтау. Бұл реттеөндіріс үшін де,клиенттермен қарым-қатынасты, өткізу арналарын және т. б. құру үшін де қажетті барлық ресурстарды бөлу қажет.
Ресурстарды түрлері бойынша бөлу қажет:ақша,шикізат,адами, ақыл-ой, материалдық емес (мысалы, патенттер, куәліктер) және т. б.
7. Негізгі әрекеттер
Жұмыс істеу үшін бізге қандай негізгі әрекеттер қажет? Клиенттермен қарым-қатынас жасау үшін қандай негізгі әрекеттер қажет?
Бұл жерде жоғарыда көрсетілген барлық тармақтарды орындау үшін нақты қандай қадамдаржасау қажет екенін ескеру қажет. Оларға өнеркәсіптік процестің кезеңдері, жеткізу, маркетингтік қызмет, сатудан кейінгі қызмет көрсету және т. б. жатады.
Басқаша айтқанда, бұл бағанада сіздің бизнес-процессіңіздің жұмыстарының басты кезеңдері белгіленеді.
8. Негізгі серіктестер
Біздің негізгі серіктестеріміз қандай? Біздің негізгі жеткізушілеріміз кім? Біз олардан қандай негізгі ресурстарды аламыз?
Бұл жерге оларсыз сіздің бизнесіңіз тіршілік ете алмайтын серіктестерді жазу қажет. Оларға, мысалы, маркетингтік агенттіктер, жеткізушілер, кеңесшілер, фрилансерлер, аутсорсингтік компаниялар және т. б. жатады
Олар сіз үшін қандай негізгі ресурстарды жеткізеді?Осы кезеңде шығындарды қалайда азайтуға бола ма? Сіздің өнімдеріңізге бартер болуы мүмкін бе?


9. Шығындар құрылымы
Бизнес-модельмен қандай маңызды шығындар байланысты? Негізгі ресурстардың қайсысы ең қымбат? Негізгі әрекеттердің қайсысы ең қымбат?
Сіздің бизнес-модельдеріңізде қандай шығындар маңызды? Қай шығындар жоғары? Қандай қызметкөп шығындыталап етеді?
Шығындарға өзгермейтін шығындар, ауыспалы шығындар, жалақы, салық төлемдері, ресурстардың құны және т. б. жатады. Барлық маңызды шығындар бөліп көрсетілуі тиіс. Осылайша олардың белгілі бір кезеңдегі жалпы шығын сомасындағы үлесін көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет