Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау



бет32/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

9. Фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау. Кез-келген жаңа жобаны жүзеге асыру кезінде белгілі бір қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Кәсіпкерлер үшін осындай қиындықтарды алдын-ала көре білу және оларды жою жөнінде стратегиялар жасау өте маңызды. Осыған байланысты бизнесті іске асыру кезінде кездесуі мүмкін проблемаларды анықтап, тәуекел дәрежесін бағалау керек. Қауіп-қатерлер бәсекелестерден, өндірістік саясат және маркетинг аймағында жіберген кемшіліктерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындауы мүмкін. Егер кәсіпорын үшін аталған факторлардың ешқайсысы қауіп төндірмесе, онда әрқайсысына тоқталып, қобалжуға болмайтынын негіздеу қажет. Қандай-да бір қауіп-қатерлер ойламаған жерден туындауы мүмкін, ол үшін одан шығу жолдары мен іс-әрекет стратегиясы алдын-ала әзірленген жөн. Баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы мүмкін болатын қиындықтар туралы білетінін және оған дайын екенін көрсетеді.
10. Келісімшарт тиімділігі мен қосымшалар. Мұнда кәсіпкерлік келісімшарттың тиімділігінің жиынтық сипаттамалары келтіріледі. Сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік те ескеріледі. Қосымшада бизнес-жоспарда келтірілген мәліметтерді кеңінен түсіндіретін немесе нақтылайтын құжаттар көрсетіледі. Олардың қатарына келесілер жатқызылуы мүмкін:
- өнімдер бойынша техникалық мәліметтер;
- келісімшарттар, лицензиялар көшірмелері;
- маркетингтік зерттеулер нәтижелері;
- кәсіпорын және жоба басшыларының анкеталық мәліметтері;
- патенттер, авторлық куәлік көшірмелері және т.б.
 


Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1. Бизнес-жоспар деген не?
2. Қандай жағдайда кәсіпорынның бизнес-жоспары жасалынады?
3. Бизнес-жоспарды құру және әзірлеу әдістемесі
4. Бизнес жоспар құру алгоритмін сипаттаңыз.
5. Бизнес-жоспардыңнегізгі бөлімдерін атаңыз және мазмұныңашыңыз.
6. Бизнес жоспар бизнес жоспар қандай мақсат үшін керек?

      1. тақырып. Маркетинг қызметіндегі стартап.

Дәріс 4
4.1.Маркетинг негіздері, құралдары мен міндеттері.
4.2.Маркетингтегі зерттеулердің түрлері
4.3.Мақсатты аудитория және оның түрлері
4.4. MVP – өміршендігі ең төмен өнімнің сипаттамасы
4.5. Сұхбаттың сипаттамасы, мақсаты, міндеті және әдісі
4.6. Оффлайн және онлайн арналары

Дәрістің мақсаты-маркетингтің түрлері мен құралдары, мақсатты аудитория, MVP, сұхбаттасу мен сату каналдары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет