Жергілікті үкімет және атқарушы органдар. Оларға мәслихаттар және әкімдер жатады. Өзіндік басқарманың жергілікті үкімет органы (маслихат) – өзіндік басқарманың сайланған жергілікті органы. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.
Жергілікті атқарушы органдар (әкімшіліктер) – атқарушы органды басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе. Мемлекеттік басқару жүйесіне жергілікті атқарушы үкімет органдары – облыс әкімдері, аудан, қала, ауыл және қыстақ әкімдері кіреді. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің лауазымына премьер-министрдің ұсынысымен республика президенті тағайындайды және жұмыстан босатады. Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерді лауазымдарына өздерінен жоғары тұрған әкімдер тағайындайды және жұмыстан босатады. Әкімдер президенттің және үкіметтің өкілдері болып саналады. Әкімдерді лауазымына президент өз білгенінше жұмыстан босатқызуға құқылы.
sБақылау сұрақтары: 1. Биліктің қандай тұжырымдамалары бар?
2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтерін атап көрсетіңіз?
3. Саяси билік субьктілері дегеніміз не?
4. Саяси биліктің әр түрлі саяси институттар мен саяси қатынастардың жүйесімен сипатталатын қандай үш дәрежесі бар?
5. Саяси биліктің қандай түрлері бар?
¨ Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017
3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017
4. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.
5. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.
6. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014
7. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9
8.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005.