Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Оның ауқымына, мондай-ақ мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға бірігетін, мәмлеген келетін мемлекеттік емесе көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді. Басқаша айтсақ, бұл өз бетінше күрделі институционалды ұйымдасқан құрылым болып есептелінеді. Бұл құрылымды ресейлік саясаттанушы Г.И. Демин мынадай схема арқылы көрсетеді.
-
Институционалды-ұйымдастырушылық шағын жүйе: мемлекет, партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдар
|
Мәдени-идеологиялық шағын жүйе: саяси мәдениет, идеология, қоғамдық пікір, дәстүрлер
|
↨
Саяси қатынастар
↨
|
Нормативті реттеушілік шағын жүйе: саяси шешімдер, нормативтік құқықтық актілер, әдет ғұрып нормалары
|
Ақпараттық-коммуникациялық шағын жүйе: бұқаралақ ақпарат құралдары, ғылыми-ақпараттық инфрақұрылым
|
2. Алғашқыда саяси ғылымға жүйелілік әдістемесі әлеуметтанудан көрнекті американ ғалымы Толкотт Парсонстың еңбектерінің арқасында келді. Мәні бойынша, Парсонс қоғамды 4 жүйенің бірлескен әрекеті ретінде көрсете отырып, жалпы қоғамдық өмірді жүйелі сараптаудың негізін салды: социеталды бірлестік, фидуциарлы жүйешік, саясат пен экономика. Бұл үлгіде бірінші жүйешік ережелерден тұрады және интеграция қызметін атқарады, екіншісі – құндылықтардан тұрады және үлгінің ұдайы өндірісіне жауап береді, үшіншісі-ұжымдардан қалыптасады және мақсатқа жетуге қызмет етеді, төртіншісінің құрылымдық компоненті ретінде рөлі бар, ал негізгі міндеті-әлеуметтік жүйенің бейімделуі. Мұнда өзара байланыста болатын және әрқайсысы өз қызметін атқаратын, ұдайы өндірісті және әлеуметтік ағзаның тұтастығын қамтамасыз ететін элементтерден құралған әлеуметтік жүйенің бөлінуі байқалады.
Әлеуметтік жүйені мұндай талқылау Парсонс жасаған әлеуметтік ағзаның құрылымдық-функционалдық үлгісіне негізделеді. Қоғам оның түсінігінде белгілі бір рөлі мен маңызы бар, қатыстылы тұрақты құрылым аспектілері бар көптеген адамдардың үздіксіз әрекеттесуінен көрінеді. Әлеуметтік институттарды ол әлеуметтік әрекеттерді өзінше реттейтін, барынша қатыстылы тұрақты құрылымдар ретінде көре отырып, әлеуметтік жүйенің құрылымының негізін құрайтын және қоғамның мүшелерінен күтілетін тәртіпті анықтайтын үлгі мен моделдердің жиынтығы ретінде көрсетеді. Оларға сондай-ақ үрдіс ұғымы қосылып, құрылым ұғымына жұп болады. Функция құрылым мен үрдісті байланыстырады және жүйе үшін мағына береді.
Парсонс әлеуметтік жүйенің екі бағыты бар деп санайды: біріншісі-жүйе қоршаған ортаның құбылыстарына немесе ішкі мәселелерге бағытталғанын көрсетеді, екіншісі –жүйе бір минуттық қажеттіліктерге немесе ұзақ уақыттық мүдделерге жауап қайтарады. Бір бағыттың екіншісіне сүйенуі жүйенің негізгі төрт қызметін бөліп көрсетеді - бейімделу, мақсатқа жету, интеграция және үлгіні қолдау (әлеуметтік жүйе деңгейінде экономикалық, саяси, құқықтық және моральдік-идеологиялық жүйешіктерде жүзеге асырылатын қызметтер туралы сөз болып отыр). Көрсетілген қызметтердің күрделі шиеленісі кезінде әлеуметтік жүйенің құрылымдық-функционалдық табиғаты жүзеге асырылады.
Т.Парсонс саяси жүйені белгілеуде негіз болатын ұжымдық мақсаттарды анықтау, ресурстарды жұмылдыру және шешім қабылдау сияқты мақсаттарына жетуге керектігін маңызды деп табады. Саяси жүйешікте оларға үш институт бөлінеді, онда біріншісі басқа екеуінің шығу көзі болып табылады: лидерлік, билік орындары және тәртіпті белгілеу. Лидерлікті институционализациялау деп нормативті тәртіп моделі түсініледі, ол арқылы кейбір топтар иеленетін күштерімен жағдайларды шеше алады және бірлестіктің мақсаттарына жету үшін шешім қабылдау мен бастаманы жүзеге асыру міндетіне иеленеді, билік органдары институттарында аккумуляцияланады және соның нәтижесінде билік пайда болады. Ең соңында меншік құқы, тәртіп белгілеу, кәсіптік ереже, партиялар мен ассоциациялардың жарғылары және тағы басқалардан тұратын әлеуметтік бақылаудың нақты негізін жасайтын ережелер мен нормаларды шығарылады.
Жүйенің бөліктері арасындағы бірлесу жүйе ішіндегі ресурстардың өзара айырбасы жолымен жүзеге асырылады. Парсонстық моделдің ерекше белгісі экономикалық қатынастар жүйесінде жүзеге асырылатын үлгінің саяси жүйе элементтерінің бір-бірімен байланысын ұқсасатыру болып табылады. Осылайша, саяси жүйеде делдалдық рөлін (экономикалық тауар) билік ойнайды. Билік саяси жүйе ішінде айналып жүретін ақшаға сәйкес, бірақ ол қоғамның үш функционалды жүйе ішіне енетін және соңғысының шеңберінен алыс кететін фактор ретінде қарастырылады. Парсонс сайлаушыларды салымшылармен, ал саясаткерлерді банкирлермен теңестіреді. Банк жүйесіне барабар саяси эквивалент барма деп сауал қоя отырып, ол оның шығу тегін қолдау жүйесінен табады. Ол өз кезегінде саяси жүйе мен интеграция жүйесі арасындағы, билік пен оның ықпалы арасындағы айырбас зонасы деп түсініледі. Саясаттың демократиялық жүйесінің биліктік қатынастарында теңдікті сақтау мақсатында тұрғындардың сенім кредитін иелену үшін қосымша күшпен сайлауда жеңіске жеткенде олар банкирлер қалпына ұқсас жағдайға тап болады.
Мұндай алғышарттан шыға отырып, Парсонс алғашқылардың бірі болып, қоғамдық жүйеде саяси үрдістерді сараптау үшін теңдік ұғымын қолдануға тырысты. Оның пікірі бойынша, билік ресурстарының жалпы сомасы қоғамдағы билік өкілеттіліктерін алып жүрушілердің санына қарамастан оған тәуелсіз болып қала береді. Басқаша айтқанда, қоғамдық жүйеде бұл ресурстарды үлестік негізде бөлу ғана өзгереді. Парсонс бойынша әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы қоғамның мүшелерінің рухани дамуы мен дәстүріне елеулі қысым жасайтын әлеуметтік қызметтің дамуы нәтижесінде пайда болады.
Осылайша Парсонс қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде түсінудің негізгі пішінін белгіледі. Ол бірінші рет оның құрылымдық бөліктерін жүйеледі, сондай-ақ оларды басты бірлестік ішіндегі теңдікті қамтамасыз ету мен келісімді сақтау қызметімен үйлестірді. Бұл жерде маңыздысы жүйені басқа жүйелердің қоршауында болатын және өз кезегінде жүйенің келісілген қызметі әлеуметтік ағзаның тұтастығы үшін жағдайды қамтамасыз ететін бөліктерден тұратынын түсіну негізгі болып табылатын әлеуметтік ғылымның жүйелілік әдістемесінде элементтерді енгізу маңызды болып табылады. Парсонс сондай-ақ бұл моделді саяси өмірді жүйелі құбылыс ретінде зерттеу үшін үш негізгі қызметін атап көрсетіп, сондай-ақ оны экономикалық жүйемен ұқсастырып ұсынуға тырысты. Бұл себептер саяси ғылымда жүйелілік сараптауды одан әрі қолдану үшін негіз жасады.
Саясаттануда комплексті жүйелілік концепцияны жасаған танымал Дэвид Истон болып табылады. Ол саяси жүйені физикалық, биологиялық, әлеуметтік және психологиялық қоршауда қарастырды. Истон саяси өмірді бұл жүйе бірлесетін белгілі ортада болатын бағыттық жүйе ретінде зерттеуді заңдыдеп санайды. Саяси жүйенің ішкі жүйелілігін ұйымның негізгі ерекшелігі басқа да әлеуметтік жүйе сияқты өзінің жұмыс істеуі жағдайына жауап бере алатын икемді қабілеті болып табылады.Осымен байланысты Истон өзінің әдісін тепе-тең анализге қарсы қояды. Оның пікірінше, тең жағдайларды сараптауды әдістемелік негіз ретінде қабылдау теңдік жағдайына жеткізіле алмайтын жүйелердің мақсаттарын тануды қиындатады.
Кесте № 3. Саяси жүйенің әрекет етуі Д. Истонның саяси жүйе үлгісі (Д.Истон бойынша):
Истон жүйелі сараптаудың артықшылығын барынша икемді және тиімді теоретикалық құрылымды жасау мүмкіндігінен көреді. Оның шеңберінде теңсіздіктің жасанды жағдайын ұстап тұра алатын немесе теңдіктің қазіргі бар жағдайын бұзуға қабілетті әрекеттерді кейде жүзеге асыра алатын жекелеген элементтер мойындалады. Одан басқа ол өзінің айналасын былайша өзгерте алады онымен қоршаған ортаның бірлесіп әрекет етуі қарама-қайшылыққа алып келмеуге немесе саяси жүйе элементтері арасындағы қатынасты мүлдем ауыстырып, ортаның әсерін барынша жақсы жеңіп шығуы үшін өзінің мақсаттары мен әрекеттерінің амалдарын өзгерту.
Жүйені Истон олардың өзара байланысының деңгейінен тәуелсіз кейбір көптеген өзгертулер ретінде анықтайды. Саяси жүйені ол құндылықтар авторитарлық тәсілмен қоғамға қосылатын бірлескен әрекеттердің жиынтығы деп анықтайды, міне бұл оны басқа онымен бірлесіп әрекет ететін жүйелерден ерекшелендіреді.
Саяси жүйенің қоршаған ортасын Истон интрасоциеталды (экономика, мәдениет, әлеуметтік, тұлғааралық қатынастар) және экстрасоциеталды ( бұл қоғамға қатысты сыртқы болып табылатын барлық жүйелер халықаралық бірлестіктің қызметті бөліктері болатын, мәдениеттің ұлтаралық жүйелері) деп бөледі.Бүлдіруші әсерлер - ұғымдар, олардың көмегімен саяси жүйеге қоршаған ортаның толық әсерін тиімді суреттеуге болатын және бұл жүйеде олар тудыратын өзгерістер.
Истон саяси жүйенің екі негізгі қызметін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жүйе қоғамға құндылықтарды ұсынуға қабілетті болуы тиіс. Екіншіден, ол оның мүшелерінің көпшілігін оларды міндетті түрде мойындауға мәжбүрлеуі тиіс. Аталған екі ерекшелікті Истон саяси жүйедегі дағдарыстық жағдайдың пайда болуы туралы айтатын өзінің қайшылықты мағыналарының шеңберінен шығатын саяси өмірдің мәнді өзгерістері деп атайды.
Саяси жүйеге көптеген әсерді жоғарғы деңгейде қысқарту индикаторлар санын шектеу мақсатында Истон «кіру» және «шығу» ұғымдарын қолданды. Саяси жүйенің оны қоршаған ортасымен өзара байланысын «айырбас» термині арқылы білдіреді.Ал трансакция терминінің көмегімен саяси жүйеге қоршаған ортаның бір бағыттағы әрекеті фактісіне көңіл аударылады немесе кері әрекет сәйкес жүйеге кері жауапты уақытша елемеу шарты.
«Кіру» ұғымының мәні оның көмегімен біз саяси жүйенің айналасында болып жатқан көптеген әртүрлі жағдайлар мен оқиғалар әсерінің жалпы тиімділігін сипаттауға мүмкіндік алатынымызда. Олар қоршаған ортада болып жатқан барлық топталған түрде толықтыратын жалпы өзгерістер қасиетін атқара алады. Жалпы өзгерістер саяси дағдарысты қамтамасыз етуі мүмкін.
Истон тиімді құрал ретінде қоршаған орта жағынан әсерді зерттеуді екі негізгі кіріс түрінде қарастырады: талаптар мен қолдау. Олар ылғи да жүйеге оның тұрақты жұмыс істеуі үшін еніп тұруы тиіс. Оған қоса олар қайшылықтың потенциалды бастамалары болып табылады және басқарылуы тиіс, яғни талап пен қолдаудың белгілі бір динамикалы ара салмағы болуы тиіс. Талап, Истон бойынша билік субъектілері жағынан бөлуді міндеттеуші заңдылық пікірін білдіру формасын көрсететін үш негізгі қызметті атқарады:
саяси конверсия барысында бірінші функционалды қадамды көрсететін талапты білдіру;
талаптарды реттеу немесе түсіп жатқан ағымды сүзгіден өткізу және құрылымдық пен мәдени деңгейде оны арналандыру;
талаптарды қысқарту немесе жүйелеу, тәртіпке салу, саяси жүйеде көрінетін белгілі бір балама санға әкелу.
«Шығу» термині оның айналасы үшін саяси жүйенің ауысу тәртібінің көптеген салдарларын сараптауға көмектеседі. Олар қоршаған ортаға жүйенің әсерін сезіну тәсілдерін және талап пен қолдаудың кіруші факторларының түрлерін өзгерте отырып, жанама өзіне-өзі негіздеуге мүмкіндік береді. Биліктің әрекеті мен шешімін Истон «кіру» мен «шығудың» қайта құрылуы ретінде қарайды. Соңғысы тек қана саяси жүйенің айналасына әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ жүйеге «кіретін» факторларды сәйкес бірлесіп әрекет етудің әр жаңа айналымында анықтауға және түзетуге мүмкіндік береді.
Соған қоса, кері байланыс нұсқасы жасалып, жүйеге өзінің болашақтағы тәртібін жетілдіруге ұмтылуы үшін қазіргі тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Ол «өткеннен шыға отырып, болашақтағы әрекеттердің бейнесін реттейтін» қасиет деген дәлелді атайды. Ол қоғамдағы қайшылықты жоюдың негізгі механизмі болып табылады және жүйеге енетін күштердің тек қана биліктің жауап беру қабілетіне орай бұл қызметті атқаратынын көрсетеді. Кері байланыс жүйеге өзінің мақсаттарына қаншалықты ол жақын келді және оларға жоғары деңгейде жақындастыққа жету үшін өзінің әрекетін қалай өзгерту керектігін болжам жасауға мүмкіндік береді. Билік кері байланысты елемеу жағдайында, оның мақсатын жүзеге асырудың тиімділігі үлкен емес, себебі жүйенің өкілдерін саналы саяси қолдау деңгейі мен іс жүзіндегі көңіл-күйін билік бағдарлай алмайды. Бұған назар аудара отырып, Истон ақпараттық кері байланыстың қажеттілігі туралы айтады, яғни кімде-кім жүйе атынан немесе жүйе үшін шығып отырса, шығыстар нәтижелілігінің ақпараты ең болмаса билікке жетуі тиіс жағдайда болуы керек.
Осылайша, Д.Истонның парадигмасына сәйкес, саяси жүйедегі амал, жауап, ақпараттық кері байланыс және биліктің жауап қайтаруының жаңа айналымы бірлескен әрекеттердің үздіксіз тізбегін құра отырып, қозғалысқа келеді. Саяси жүйедегі динамикалық өзгерулерді сараптауды қолдануда Истон ажырағысыз және өзара байланысқан бағыттардың ағымы ретінде саяси үрдістерді талдауда елеулі қорытындыға келеді.
Көріп отырғанымыздай, Д. Истон ұсынған саяси өмірді жүйелі сараптауда саяси жүйені дағдарысты мәнінің шеңберінен маңызды өзгертулерге қауіп төндіретін, сыртқы бүлінуші әсерлерге ұшырайтын белгілі бір орта ретінде қарастыруда елестеуге сүйенеді. Бұл сараптаудың жетістігіндегі ең маңыздысы - жүйе өзінің өмір сүруі үшін дағдарыстарды жоятын әрекеттердің көмегімен жауап беруге қабілетті болуы тиістілігіне жол беруінде. Соның ішінде биліктің әрекеті негізгі маңызға ие. Бірақ та сараланған және тиімді әрекеттер үшін олардың керекті ақпарат алуға мүмкіндіктері болуы қажет. Ақпарат ала отырып билік біршама уақыт ішінде жүйеде төменгі деңгейдегі қолдауды қамтамасыз етуге қабілетті бола алады.
Саяси жүйені зерттеуде құрылымдық-функционалдық әдістің жақтаушылары Г. Алмонд және Д. Пауэлл болып табылады. Олардың атымен саяси жүйенің формалды бөліктерін, нақты саяси мінез-құлықтың көрінуін зерттеуге ауысуын ұйғаратын саяси жүйелерге салыстырмалы сараптау жасауды байланыстырады.
У.Г.Алмонд пен Д.Пауэллдің еңбегінде құрылым мен мәдениет олардың сараптамасында басты орынды иеленеді. Құрылым деп олар саяси жүйені құрайтын, оңай бақылауға болатын әрекеттерді түсінеді. Саяси үрдіске қатысатын адамдардың әрекеттерінің бөлігі сәйкесінше рөл деп аталады. Рөлдер өздерінше бірліктерді құрайды. Бұл себептен саяси жүйенің негізгі әрекеттерінің бірі саяси рөл болып табылады. Өзара байланысты рөлдердің нақты жиынтығы құрылымды құрайды. Судья-бұл рөл, сот-рөлдердің құрылымы.
Алмонд Пауэллмен бірге саяси жүйені рөлдердің жиынтығы және олардың бірлескен әрекеті ретінде анықтайды, оның ішінде тек үкіметтік институттар ғана емес, сонымен қатар олардың саяси аспектілерінің барлық құрылымдары да жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, құрылым деп олар өзара байланысты рөлдердің жиынтығын түсінеді.
3. Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;
коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;
дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;
авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |