Бұзау ұшаларын екі жарты ұшаға омыртқа бойымен бөледі, ал омыртқалардың өскіндері оң жарты ұшасында қалу керек.
Әр жарты ұшаны стандарт бойынша 10 мүшеге бөледі, олардың әрқайсысын І, ІІ немесе ІІІ сұрыпқа жатқызады.
І сұрыпқа жамбас, белдеме, арқа мүшесі, жауырын, иық асты бөлігі жатады. Мүшелердің орташа шығымы ұша массасының 71% құрайды.
ІІ сұрыпқа – мойын, шап етімен бірге төс жатады. Мүшелердің орташа шығымы ұша массасының 17% құрайды.
ІІ сұрыпқа иық алды және тізесі жатады. Орташа шығымы – 12%.
Мүшелердің бөліне шекарасы және оның құрамына кіретін сүйектер 9.2суретте көрсетілген.
9.2-сурет. Бұзау етін мүшелеу схемасы. І, ІІ, ІІІ цифрларымен сұрыптары белгіленген. 1 – жамбас-сан; 2 – белдеме; 3 – арқа мүшесі; 4 – жауырын; 5 – қол еті; 6 – шап етімен төс;7 – мойын; 8 – иық алды; 9 – сирағы
Достарыңызбен бөлісу: |