Қазіргі жағдайда бүкіл әлемде тұтынушылардың тауардың сапасына қоятын талаптары қатайтылды. Нәтижесінде өнімнің сапасын қажетті деңгейде тұрақты камтамасыз ету қажеттілігі туындады. Себебі онсыз кәсіпорынның қызметінің экономикалық тиімділігі мүмкін емес. Сондықтан халық шаруашылығының барлық салаларында сараптама жүргізу күнделікті қажеттілік болды.
«Сараптама» (фр. espertise, лат. espertus – тәжірибелік) – қандай болса да бір сұрақты маманмен ғылымның, техниканың, экономиканың, сауданың және басқа салаларды зерттеуде арнайы білімді талап ететін шешім. Кәсіби әрекет саласына байланысты сараптаманың келесі маңызды топтарын айырады: экономикалық, технологиялық, соттық, құқықтық, заңдық, дәрігерлік-еңбектік, дәрігерлік, бухгалтерлік, қылмыстық, экологиялық және т.б.
Тауарлық сараптама – тауарлардың негізгі сипаттамаларын сарапшымен бағалау, сол сияқты олрадың тауартану үдерісіндегі өзгерістерді шешім қабылдау үшін, соңғы нәтиже болатын тәуелсіз және білікті қорытындыларды беру. Сараптама жүргізу кезінде бағалау жүргізілуі мүмкін тауарлардың барлық негізі болатын сипаттамалары: ассортименттік, сапалық, сандық, құндық немесе тек олардың бөлігі.
Сараптамалық баға – тұтынушылардың немесе басқа нысандардың жеке сипаттамаларының шын мәндерін, олардың қабылданған талаптарға сәйкестігін немесе тауарлық ақпараттарды анықтау және сарапшылармен дәлелдеу немесе кешенді таңдау бойынша операциялардың жиынтығы.
Сараптау кезінде бағаны тауарлардың сипаттамаларына немесе басқа нысандарға талаптарды тек қана құжаттармен емес, сарапшылар да қоя алады. Бұл кезде тауарлық ақпарат деп, маркілеуде, тауарлық ілеспе құжаттарда және /немесе басқа ақпарат көздеріндегі (нормативтік, техникалық құжаттарда, оқулық, ғылымыи, анықтауыш әдебиеттерде және т.б.) мәліметтерді түсіну керек. Баға беруге сараптауда тауарлардың бірлік бумалары, тауарлық партиялар және бірлік даналары ұшырауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |