Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Арнайы тағайындалған кондитер өнімдері



бет178/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

6.8. Арнайы тағайындалған кондитер өнімдері


Жалпы сұраныстағы кондитер өнімдерінен басқа кәсіпорын балаларға арналған, дәруменделген, емдәмдік, медициналық өнімдер өндіреді.



Балаларға арналған өнімдер табиғи жоғары сапалы шикізаттан құрамына консерванттар, гидрленген майлар, спирт, кофе, жасанды бояғыштар мен ароматты заттар қоспай өндіреді.

Бұл өнімдер рецептурасына сүт, сары май, жемістер мен жидектер, жаңғақ сияқты биологиялық құнды өнімдер енгізіледі. Какао-өнімдерін қоспайды, себебі оның құрамында теобромин мен кофеин бар.

Балаларға арналған өнімдерге жатады: кәмпиттер – Одуванчик (сары май қосылған сүт-шоколадты корпусты), Колокольчик (помада корпусты, құлпынай қайнатпасы қосылған, сүт-шоколадпен әйнекейленген), Сливочная тянучка, Коровка, Тузик; карамельдер – Лайка, Белка, Стрелка, Пчелка; зефир – Детский; шоколад – Детский; печенье – Овсяное, Детская забава, Школьное; торт – Клубничка және т.б.

Дәруменделген өнімдер дайындау үдерісінде синтетикалық дәрумендермен, ұнтақ немесе итмұрын езбесі түріндегі табиғи дәруменді препараттармен, ашытқылармен байытылады. Көптеген кондитер өнімдерінде дәрумендер аз немесе мүлдем жоқ, сондықтан тағамдық құндылығын арттыру үшін дәрумендеу маңызды орын алады.

Дәрумендеу үшін әдетте С және В1 дәруменін қолданады, кейбір өнімдерге В2, РР, Е, А, D дәрумендерін қосады. Дәруменделген түрде карамель, кәмпит, шоколад, мармелад, печенье, пряник өндіріледі, негізінен дражелерді дәрумендейді, себебі сыртындағы балауыз-майлы қабаты дәрумендердің сақталуын қамтамасыз етеді.



Емдәмдік өнімдер кәдімгі өнімдерден ерекшелігі құрамынан кейбір заттары алынатыны, немесе көп мөлшерде қосылатыны болып табылады. Бұндай өнімдер зат алмасуы бұзылған адамдарға тағайындалған немесе профилактикалық мақсатта қолданады. Олардың ішінде сусамырмен ауыратын адамдарға арналған өнімдер көп орын алады. Сусамырмен ауыратын адамдарда көмірсу алмасуы бұзылған, сондықтан оларға қантты, кәдімгі кондитер өнімдерін қабылдауға болмайды, сондықтан олар үшін қанты басқа тәтті заттармен: сорбит, ксилитпен алмастырылған өнімдер өндіреді. Ассортименті: вафли Диабетические на ксилите, драже Арахис на ксилите, Зефир с сорбитом және т.б. Қазіргі кезде қантты аспартаммен, сукралозамен алмастырады, олардың тәттілігі қант тәттілігіне қарағанда 200-400 есе көп.

Емдәмдік өнімдерге теңіз ормжапырғы қосылған өнімдер жатады. Теңіз орамжапырағында ақуыздар, көмірсулар, пектин заттары, А, В, С, D, каротин дәрумендері, йод, бром, кобальт және т.б. микроэлементтер бар. Теңіз орамжапырағының дәмі жағымсыз, бірақ қантпен және басқа қоспалармен дәмі білінбейді. Теңіз орамжапырағымен Молочное және Зеленый Горошек дражелерін, Бело-розрвый және Сливочный зефирін, пат, монпансье, Морское печеньесін өндіреді.

Теңіз орамжапырағы қосылған өнімдер склероздың дамуын, зат алмасу бұзылуын алдын алатын профилактикалық өнімдер. Теңіз орамжапырағындағы пектиндер ас қорытуды жақсартады.

Пектин қосылған өнімдерді де емдәмдік өнімдерге жатқызуға болады. Пектин заттары ағзадағы ауыр металдарды, сонымен қатар радиоактивті элементтерді байланыстырып ағзадан шығарады. Сонымен қатар пектин қосылған өнімдер асқазан-ішек ауруларына ем.

Пектин негізінде жеміс-желелі кәмпиттер: Лето, Голубое озеро,

Снегурочка және т.б. өндіріледі.

Өсімдік майы қосылған өнімдер де емдәмдік тамақтануда маңызды орын алады, себебі өсімдік майлары полиқанықпаған май қышқылдарының (F дәруменінің) көзі. Бұл өнімдер орта және кәрі жастағы адамдарға ұсынылады. Жүгері майын қосып Новое және Диетическое печеньесін шығарады.

Медициналық (емдік, дәрілік) өнімдер дәрі-дәрмектерді енгізіп алынады. Шоколад немесе конфет түріндегі дәрілер олардың физиологиялық әрекетін арттырады, себебі дәріні қабылдау кезінде пайда болатын (әсіресе балаларда) жағымсыз шартты рефлексті жояды.

Тыныс алу жолдарын емдеу үшін эвкалипт-ментол немесе анис-ментол карамельдері, мята майы мен ментолы бар Снежок зефирі; жүйке және қан жүйесін бекіту үшін – кальций глицерофосфат, ферратин және фитин бар карамель; асқорыту жұмысын реттеу үшін крушина экстракты бар өнімдер шығарылады.

Балаларға арналған, дәруменделген, емдәмдік және емдік кондитер өнімдерінің сапасын стандарттармен қарастырылған жалпы талаптарға сәйкес бағалайды. Бірақ суықты қолдану олардың сапасын ұзақ сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы 0С температурада сақталған өнімдерде 18С температурада сақталған өнімдерге қарағанда С дәруменінің жоғалуы 50% аз.



Сағыз негізінен импорттық шикізатта өндіріледі. Жалпы тағайындалған сағыз құрамындағы толтырғыштарға байланысты: Мятная, Клубничная, Апелисиновая болады. Арнайы тағайындалған сағыздар да өндіріледі: ксилитпен және сорбитпен – сусамырмен ауыратындар үшін; тіс кариесін профилактикалау үшін – қантсыз, фтор қосылған сағыз; антиникотиндық – шылым шегуді тастау үшін және т.б.

Сағыз өзіне тән дәм мен иісті, бөтен дәм мен иіссіз болу керек.Түсі әртүрлі (қолданған бояғыш заттарға байланысты), біртекті боялған болу керек. Консистенциясы – нәзік-пластикалы, шайнағаннан кейін созылғыш, тұтқырпластикалы, тіске жабыспайтын болу керек. Беті құрғақ болу керек.



Сағыз құрғақ бөлмелерде 18С дейін температурада 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақталу тиіс. Сақтау мерзімі: шығарылған күннен бастан шикізатына байланысты 2-4 ай.


Бақылау сұрақтары





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет