Шошқа жарты ұшасын бөлшек саудада 7 мүшеге бөледі, оларды тағамдық құндылығына қарай І немесе ІІ сұрыпқа жатқызады.
І сұрып – жауырын, арқа мүшесі, төс, шап етімен бірге белдемесі және сан еті. Мүшелердің орташа шығымы жарты ұша массасының 94% құрайды.
ІІ сұрыпқа қолы және сирақтары жатады, олардың орташа шығымы жарты ұша массасының 6% құрайды.
Мүшелерді бөлу сызығы және кіретін сүйектері 9.3- суретте келтірілген. Жауырын – артқы сызығы 5- және 6-шы артқы омыртқалары арасында 6 және 7-қабырғалардың арасын кесіп өтеді; төменгі сызығы – қол-шынтақ буыны арқылы өтеді. Бұл мүшеге 7 мойын және 5 арқа омыртқалады, 5 алғашқы қабырғалар толығымен және 6 және 7-қабырғалардың төменгі бөліктері, жауырын жауырын шеміршегімен бірге, қол сүйегі және төс сүйегінің алдыңғы бөлігі кіреді.
Алдыңғы аяғы қол-шынтақ буыны арқылы бөледі. Алдыңғы аяғынан дірілдек, сорпа жасалады.
Арқа мүшесі – алдыңғы сызығы жауырын бөлігін бөлу сызығы арқылы; артқы сызығы – соңғы қабырға (14-ші) және сәйкес омыртқа арқылы; төменгі сызығы – қабырғалардың ортасынан көлденеңінен кесу арқылы өтеді. Бұл мүшеге 9 арқа омыртқасы (6-шыдан 14-шіге дейін) және оларға сәйкесінше омыртқалалырдың үстіңгі бөлігі. Бұл бөлігін котлет, эскалоп, щницель, кәуап жасау үшін қолданады.
Төс – алдыңғы бөлу сызығы – жауырын бөлігін бөлу сызығы арқылы; үстіңгі сызығы – арқа бөлігін бөлу сызығы арқылы; артқы сызығы – соңғы қабырға арқылы өтеді. Төске 9 қабырғалардың (6-шыдан 14-шіге дейін) астыңғы бөлігі және төс сүйегінің артқы бөлігі жатады. Төсті қуырады, бұқтырады, борщ, сорпа жасауда қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |