Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Пісіріліп-ысталған шұжықтарда 38–40% ылғал 5% су болады. Оларға Деликатесная, Любительская, Баранья жатады.
Ет нандары пісірілген шұжықтар рецептурасына сәйкес жасалады, да металл қалыптарда пісіріледі. Консистенциясы пісірілген шұжыққа қарағанда тығыздау, дәмі өзіндік, әлсіз тұзды, татымдықтар ароматты болады. Құрамында 57–75% ылғал, 3% тұз болады.
Паштеттер ливерлі шұжықтардың шикізаттарынан жасалады. Тураманы қалыптарда пісіреді. Дәмі жағынан ливерлі шұжықтарға ұқсас, бірақ тығыз жағылғыш консистенциялы. Құрамында 50–60% ылғал, 2% тұз болады.