Ылғалдылығын анықтау. Шұжық өнімдерінің ылғалдылығын турама өлшендісін тұрақты массаға дейін кептіру жолымен анықтайды.
Жұмысты орындау реті: массасы 3 г шұжық өлшендісін 0,001 г дәлдікпен өлшеп, алдын-ала дайындалған бюкске салады, 5–6 г құм қосып, ашық бюксты қақпағымен бірге 105˚С температураға дейін қыздырылған кептіргіш шкафқа салып, 1-1,5 сағат бойы кептіреді. Содан соң бюкстың қақпағын жауып, эксикаторда суытқан соң өлшейді. Өлшеген соң сынамаларды тағы да сол
температурада тұрақты массаға дейін 30 минут кептіреді
Ылғалдылық мөлшері пайызбен төмендегі формуламен есептеледі:
X (m2 m)100,% (m1 m)
мұндағы m2 – кептіргеннен кейінгі өлшендісі бар бюкс массасы, г; m1 – кептіргенге дейінгі өлшендісі бар бюкс массасы, г; m – бос бюкс массасы, г.
Достарыңызбен бөлісу: |