Шұжық өнімдерінің сапасын 9 баллдық жүйе бойынша органолептикалық бағалау. Шұжық өнімдерінің сапасының органолептикалық көрсеткіштерін бүтін және кесілген батонда келесі ретпен: сыртқы түрі, түсі, бетінің күйі; кесілген батонда – құрылымы мен құрамдас бөліктерінің таралуын; иісін, дәмін, консистенциясын анықтайды.
Органолептикалық бағалауды шұжық өнімін идентификациялаудан бастайды. Сыртқы түрін, бетінің күйін және түсін батонды сырттай қарау жолымен анықтайды. Жабысқақтығына, зең басуына көңіл аудару керек. Содан соң батонды көлденең кесіп, иісін, ет турамасының түсін анықтайды. Бос қуыстарды, сұр дақтар болуына немесе болмауына назар аударыңыз, май пішіні мен өлшемін анықтау керек. Шұжық дәмін, татып көреді, бөтен дәм мен иістің болуын ескереді. Консистенциясын шұжық қимасын саусақпен басып анықтайды.
МЕСТ 9959-91 кестесінде келтірілген ет өнімдерін 9 баллдық жүйе бойынша (9.3-кесте) дегустациялық бағалау шкаласын қолдана отырып, шқжық сапасын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |