Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Дәмтағамдық консервілер тісбасар ретінде және қою тағам жасауда қолданылады. Олар томат тұздығындағы, май қосылған, паштеттер, паста, турамалар және балық-өсімдікті консервілер болып бөлінеді.
Томат тұздығындағы балық консервілері суық тағам, сонымен қатар екінші тамақ ретінде қолданады. Бұл консерві өндірісінде алдын ала дайындалған балықты ұнға аунатып, сұйық майда қуырады, суытқаннан кейін банкілерге салып, үстінен ыстық томат тұздығын (соус) құйып, герметикалы жауып стерилдейді.
Май қосылған балық консервілері – ысталған, шарпылған, кептірілген немесе қуырылған балықтан жасалған жоғары құнды өнім. Ысталған балықтан шпрот типті, май қосылған ысталған балық типті консервілер дайындалады. Шарпылған және кептірілген балықтан екі типін дайындайды: сардина және май қосылған шарпылған балық. Шпрот және сардинаны дайындағаннан кейін қоймада жетілу үшін 2–3 ай бабына келтіреді.
Балық паштеттері, паста және турама әртүрлі балық еттерінен, уылдырығынан, бауырынан жасалады. Қуырылған, ысталған немесе шарпылған шикізатты майдалап дәмдік қоспалармен араластырады да, банкілерді толырып, тығындап, заласыздандырады.
Балық-өсімдікті консервілер әртүрлі балықтан, уылдырықтан, бауырдан көкөністер, жарма немесе бұршақ, тұздық, маринад, сорпа қосылып дайындалады. Бұл консервілердің тағамдық құндылығы жоғары және дәмі ерекше.