Балықтардан басқа теңіздер мен мұхиттарда шаян тәрізді жануарлар және өсімдік ағзалары тіршілік етеді. Олардың өкілдері омыртқасыздар, теңіз балдырлары болып табылады, олардың тағамдық, азықтық, техникалық және емдік құндылыққа ие.
Омыртқасыздар ішінде тағамдық мақсатта шаян тәрізділер, моллюскалар инетерілілер, ал балдырлар ішінде теңіз орамжапырағы маңызды орын алады. Омыртқасыздар еті жоғары құнды, емдік және профилактикалық қасиетке ие. Тағамдық құндылығы жағынан жұмыртқаға, сүзбеге жақын және ет, балық құндылығынан асып кетеді. Омыртқасыздар етінде ақуыз көп. Омыртқасыздар минералды тұздарға, әсіресе микроэлементтрег бай. Олардың құрамында 1% май бар, май құрамында полиқанықпаған май қышқылдары көп болғандықтан биологиялық құнды болып саналады. Негізінен В тобы витаминдері, сонымен қатар С және D продәрумені бар.
Омыртқасыздарды тамаққа қолдану қандағы холистеринді төмендетуге ықпал етеді, зат алмасуға әсер етеді, вирустарды өлтіретін антимикроб заттарын бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |