Омарлар мен лангусттар (теңіз шаяндары) Атланта мұхитынан, Солтүстік және Жерорта теңіздерінен ауланады. Сауда орындарына мұздатылған және консерві ретінде түседі. Мұздатылған түрде оларда қызғылт таза және тығыз сауыты, тығыз ақ еті болу керек. -18С температурада 8 айға дейін сақтайды.
Криль – ұсақ теңіз креветкасы. Балғын шикізаттан сығымдау арқылы шырынын алады, содан кейін 90–95 С температурада 10 минут бойы пастерлейді. Бұл кезде ақуыз коагуляциясы жүреді. Ақуызды бөліп алады да ұнтақтайды және –30 С температурада брикет түрінде мұздатады. Брикеттерді пергамент пен целлофанға орайды.
«Океан» ақуызды пасталардың мұздатылған брикеттері тығыз, қызғылт немесе қызыл түсті, тотыққан май белгілерсіз болу керек. Жібіген соң консистенциясы түйірлі немесе сүзбе тәрізді болады, дәмі мен ароматы жағымды. Оларды –18 С температурада 8 айға дейін, ал –10 С температурада 30 тәулікке дейін сақтайды.
Моллюскаларға мидиялар, устрицалар, теңіз тарақтары, кальмар, сегізаяқтар жатады. Маринад, куырылған және бұқтырылған ет, палау, салат, турама, ыстық тамақтар жасауда қолданылады.
Мидия – теңіз моллюскалары; олар Қара, Азов, Балтық, Беринг, Охот және Жапон теңіздерін мекендейді. Мидияның еті нәзік, дәмді және мөлдір. Құрамында А, D, С және В тобы дәрумендері, әртүрлі минералды заттар (3–4% дейін), гликоген (5,9–6,2%), аз мөлшерде ақуыз (10–12,8%) және май (2%-ға дейін) болады. Оны салат әзірлеу үшін пайдаланады; мидияны қуыруға, бұқтыруға жәие қыздырып пісіруге болады. Мидияны тірі күйінде қайнатылған, тоңазытылған немесе консервілеп сатады.
Устрицаларды Қара және Қиыр шығыс теңіздерінен ауланады. Олар қозғалмай теңіз түбіне жабысып өседі. Тез көбейеді. Устрицаларды жасанды түрде өсіреді. 4–5 жыл жасында сауда орындарына түседі.
Устрицалардың тағамдық құндылығы жоғары. Олардың өзіндік
химиялық құрамы бар. Оның құрамында көп мөлшерде гликоген бар, кейде 6%ға дейін жетеді. Құрамында йод, фосфор және кейбір металл қоспаларының болуы маңызды орын алады. Балық етіне қарағанда устрицаларда В тобы және С дәрумені көп болады.
Тағамға тірі күйінде қолданылады. Дұрыс сақталса, 10 С температурада 10–15 күн бойы тірі сақталуы мүмкін. Сақтаудың ең жақсы температурасы шамамен 0 С, –3 С төмен температурада олар тіршілігін жояды.
Теңіз тарақтары көп мөлшерде Қиыр шығыста ауланады. Олардың өлшемі өте ірі, ал салмағы 200 г дейін. Тарақтардың еті дәмді, краб етіне ұқсас. Оның құрамындағы құрғақ зат мөлшері 17% және одан жоғары. Тарақтар дәрумендерге, әсіресе В тобы дәрумендеріне, йод және басқа минералды заттарға бай. Ол саудаға мұздатылған түрде түседі.Піскен және кептірілген түрде, сонымен қатар салат, турама, котлеттер және басқа тағам жасауда қолданылады. Сақтау мерзімі –18 С температурада 2 айға дейін.
Кальмарлар — теңіз моллюскалары. Олар тропикалық суларда тіршілік етеді. Оның еті жұғымды-нәрлі болып келеді. Кальмарларды консервілейді, сондай-аң терісі мен тұмсығын және сүйегінен арылтқаннан кейін пайдалануға дайын болатын жартылай фабрикаттар шығарады. Оның салмағы 70-350г. Кальмар етін кептіреді, ал кейде мұздатады. Кепкен кальмар етінде 20–25% су, шамамен 70% ақуыз, 1% май және 5–6% минералды заттар болады. Кальмардың етін пайдалану алдында салкын суға салып жібітіп, сыртқы қабыршағынан тазартып, мұқият жуады (2–3 рет). Кальмарды түзды суға салып, баяу жанған отқа қойьш, 3–5 минут қайнатады (I кг кальмарға 2 л су және 15 г тұз керек). Ет ыстық суда неғұрлым көп жатса, ол солғұрлым қатты болады. Қайнап піскен кальмарды сорпасынан алмай салқындату керек. Кальмардың етін салатқа және винегретке қосады, сондай-ақ оны көкөніспен қосып бұқтырады (5–10 минут), ал консервіленген кальмарды бірден пайдалануға болады. Сақтау мерзімі –16С температурада 6 айға дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |