Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Орамжапырақ көкөністердің сапасына қойылатын талаптар



бет61/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Орамжапырақ көкөністердің сапасына қойылатын талаптар. Сапасына қарай ақ қауданды орамжапырақты екі тауарлық сұрыпқа бөлінеді: жай және іріктелген. Қаудандар балғын, бүтін, аурулармен зақымданбаған, таза, өніп кетпеген, өзекшесі 3 см аспайтын болу керек. Іріктелген орамжапырақ үшін қаудандар тығыз, жай қаудандар үшін – тығыздығы төменірек, бірақ борпылдақ емес болу керек. Түрі мен жетілу мерзіміне қарай орамжапырақтың массасы мен тығыздығы бекітілген. Ерте сұрыпты орамжапырақ үшін қаудан массасы бойынша 5% дейін ластану және механикалық зақымдану рұқсат етіледі, іріктелген сұрыптар үшін – рұсат етілмейді, жай сұрыптары үшін – шектеу қойылмайды.

Орамжапырақ көкөністердің аурулары. Орамжапырақ көбінесе сұр және ақ шірікпен, тамырлы бактериозбен, нүктелі некрозбен зақымданады, сонымен қатар өсу кезінде құрт пен бітемен зақымданады.

Сұр және ақ шірік саңырауқұлақ әсерінен туындайды, нәтижесінде жапырақтар шырыштанып, бетінде сұр немесе ақ мамық пайда болады.

Тамырлы бактериоз кезінде жапырақтарда қара дақ пайда болады, ауру асқынған сайын дақтар ұлғаяды, ал жапырақтар сарғайып кебе бастайды.

Нүктелі некроз кезінде жапырақ бетінде сұр немесе қара майда дақтар пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет