Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет69/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Қияр сапасына қойылатын талаптар. Сыртқы түрі бойынша қияр балғын, бүтін, сау, ластанбаған, механикалық зақымданбаған, пішіні мен түсі ботаникалық сұрыбына сәйкес болу керек. Жұмсағы тығыз, жетілмеген сулы, қабықсыз тұқымдары болу керек. Саудаға шіріген, буланған, солып қалған, үсіп қалған, сары, тұқымдары дөрекі қабықты қиярды жіберу рұқсат етілмейді.

Асқабақ – бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Бақша дақылы. Оның көпшілігі Америка құрылығында. Қабығы қатты ірі жемісті. Жемісінде қант, каротин бар. Майлы сұрыптарының ұрықтарынан май алынады. Дәрілік қасиеті де бар. Бір гектардан 300-500 ц, ал суармалы жерде 1000 центнерге дейін өнім алынады. Асқабақ асханалық, мал азықтық және техникалық сұрыптарға бөлінеді.

Асханалық асқабақ жұмсағында 3-5% қант, 0,6% минералды заттар, шамамен 1% ақуыз және 1% пектин заттары болады. Минералды заттардың ішінде фосфор қышқылы үлкен орын алады. Асқабақ каротинге бай (1,5 мг% дейін), осыған байланысты асқабақтың жұмсағы сары түсті болады.

Асханалық сұрыптары ботқа, көже, езбе жасау үшін қуырылған түрде де қолданады.

Кең тараған сұрыптары: Мозолевская, Белая медовая, Крупноплодная, Испанская, Витаминная.

Асқабақтың стандартты жемістері балғын, жетілген, сау, пішіні мен түсі ботаникалық сұрыпқа сәйкес болу керек. Басқа сұрыптардың қоспасы 10% аспау керек. Өлшемі ең үлкен көлденең диаметрі бойынша анықталады және ол ұзынша пішінді асқабақ үшін 12 см, жазық және домалақ пішінді асқабақ үшін 15 см кем болмау керек.

Асқабақ партиясында езілген, жарылған көкөністердің болуы рұқсат етілмейді.



Кәді (кабачки) – асқабақ тұқымдасы. Барлық жерлерде өсірілетін көкөністік, жемдік (шала піскен жемістері), майлы (тұқымынан алынады) өсімдік. Өнімділігі гектарынан 200-300 ц. Тағамға 3-10 күндік түйнек салған жас кәді ғана жарамды. Себебі ол жұмсақ, іші қуыстанбаған, тығыз, дәні жетілмеген болады. Кәдінің құрамында 93% су, 4,9% қант, 0,3% жасұнық, 15 мг% С дәрумені және минералды тұздар бар. Кәдіден көптеген тағамдар әзірлейді. Кәдіден уылдырық жасайды. Кең тараған сұрыптары: Греческий, Грибовский, Сотэ, Цуккини.

Кәді балғын, аурулармен зақымданбаған, жұмсағы тығыз, қуыстанбаған, тұқымдары жетілмеген болу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет