Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет68/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

3.2.8. Асқабақты көкөністер


Асқабақты көкөністерге қияр, асқабақ, кәді, патиссондар, қарбыз және қауын жатады.



Қияр – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Тамаққа қолданылуы бойынша көкөністердің ішінде орамжапырақтан кейін екінші орынды алады. Олардың калориялығы төмен, дәмдік қасиеті жоғары болғандықтан балғын түрде де, маринадтау және тұздау үшін де кең қолданады. Тамаққа жетілмеген түрінде нәзік, тығыз жұмсағы бар, қабығы жасыл қиярлар қолданады. Жетілген кезде қабығы мен жұмсағы дөрекіленеді, тұқымды камерасы сулы және қышқыл болады. Құрамында 9596% су, 4-5% құрғақ зат, оның ішінде 2-2,5% қант, 2,2-2,7% көмірсу, 1% ақуыз, А, С, В дәрумендері бар. Құрамындағы пектин заттары асқорыту үдерісіне оң әсер етеді. Өлшемі бойынша қияр майда (ұзындығы 71-90 мм), орташа (91-120 мм) және ірі (120 мм жоғары) болып бөлінеді. Жетілу мерзімі бойынша ерте пісетін және кеш пісетін; бетінің күйі бойынша тегіс және бұдырлы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет