Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет67/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   379
Кориандр немесе кинза – бір жылдық өсімдік, көкөніс және ет тағамдарына дәмқосар ретінде қолданады. Ароматы чабер мен райханға қарағанда төменірек, сондықтан тағамға көп мөлшерде қосуға болады. Құрғақ күйінде ароматын жоғалтады, сондықтан оны аз кептіреді.

Саудаға түсетін татымды көкөністер балғын, таза, сарғаймаған, механикалық зақымданбаған, аурусыз болу керек. Олардың сақтау мерзімі бірнеше сағатқа созылады, себебі олар тез солады.




3.2.7. Десертті көкөністер


Десертті көкөністерге рауғаш, спаржа, бөрікгүл жатады. Десертті көкөністердің дәмдік қасиеті өте жоғары. Олар басқа көкөністерге қарағанда ерте піседі және С дәруменінің көзі. Бұл көкөністерден жасалған тағамдарды әдетте десерт ретінде қолданады.



Рауғаш (ревень) – қарақұмық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Тағамға жуан етті, қалыңдығы 2 см дейін, ұзындығы 30-70 см сағағы қолданылады. Оның құрамында С, В1, РР дәрумендері бар. Рауғаш құрамында алма қышқылы (1%) және пектин заттары (0,94%) болғандықтан, оны кисель, компот, тосап, мармелад, желе, салат жасауда, сонымен қатар консервілеуде кең қолданады.

Спаржа – тамаққа жас, шырынды, ұзындығы 18-20 см тамыр сабақтары қолданады. Жас тамырлары тәтті, нәзік дәм мен иіске ие, түсі ақшыл-қызғылт болады. Жер бетіне шыққан тамыры тамаққа қолданбайды, себебі күн сәулесінің әсерінен олар жасылданып, ащы болады. Спаржа құрамында 93% су, 2% азотты заттар, 2,3% қант, 0,6% күл, 20 мг% С дәрумені бар. Гарнир ретінде, сонымен қатар консервілеуде кең қолданады.

Бөрікгүл (артишок) – жылу сүйгіш өсімдік. Оның гүлдері жиналып, себет құрайды. Бөрікгүлде қант мөлшері (12,7%) жоғары. Пісірілген күйде, сонымен қатар тұздық жасауда, консервілеуде қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет