Ф кгму 4/3-04/02 ип №06 умс при Казгма от 14июня 2007



бет1/11
Дата13.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#107013
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: «Философия»

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: «Философия»

Дәріс-презентация №1

Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні және қызметтері

Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша

Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна

Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы

Дәріс 1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні және әдісі

  • 1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы
  • 2. Дүниетанымдық мәдениеттің қалыптасуы
  • 3.Философия – білімнің және рухани мәдениеттің ерекше түрі
  • 4. Философияның пәні және қызметтері

Ойлау дегеніміз не?


Ойлау – адам санасының қасиеті: дүниені жалпылау және абстрактілеу жолымен бейнелеу (лат.: «abstractio» - бөлек қарастыру, жалпылау).
Ойлау ұғымдарды қалыптастырудан басталады және пайымдау мен ой тұжырымы түрінде дамиды
Ұғымзаттың жалпы, мәнді, қажетті, қайталанатын белгілерін бейнелеу
Пайымдау – заттың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының болуын құптау немесе жоққа шығару
Ой тұжырымы – бұрыннан болған пайымдаулардан жаңа пайымдауды шығару

Ойлау мәдениеті

Ойлау мәдениеті адам мен қоғам мәдениетінің көрінісі (лат. «cultura» — «өңдеу», «cult» - «табынушылық»

Демокрит мәдениетті “екінші табиғат”деп атаған. Бұл – адамның қолымен жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Соларды жасау барысында ойлау мәдениеті қалыптасты

Ойлау мәдениеті – адамның қоршаған дүниені, болмысты, өз тіршілігін дұрыс бейнелеуге қабілетінің белгілі деңгейі. Бұл адамның жалпы мәдениетінің өте маңызды құрамды бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет