Дүниетаным - тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, сезімдердің, түсініктердің, ойлар мен идеялардың жиынтығы
Дүниетанымда әлемнің белгілі суреті қалыптасады. Ол адам мен қоғамның білім деңгейіне байланысты болады
Мифология («мифос» грек тілінен– «аңыз», «логос» – «ілім» – бұл адамдардың санасында дүниені қияли бейнелеу, құдайлар мен батырлар іс-әрекеттері жөніндегі аңыздар
-танымдық және түсіндірмелік қызметі (дүние хаостан қалай пайда болған және ұйымдастырылған);- аксиологиялық (миф құдайлар мен батырлардың жақсы әрекетіне жоғары баға беріп, адамдардың көңілін көтерген);
- телеологиялық қызметі (миф адам тіршілігінің және қоғам тарихының мақсаты мен мағынасын анықтап береді);
- праксиологиялық қызметі (болжамдық, магиялық, жасампаздық)
- коммуникативтік қызметі (миф дәстүр мен әдет арқылы дәуірлерді және ұрпақтарды бір-бірімен байланыстырады);
-регулятивтік қызметі (миф дәстүр мен әдет арқылы адамдардың қарым-қатынастарын реттейді);
- компенсаторлық қызметі (адамдардың осы дүниеде орындалмайтын талаптарын о дүниеде жүзеге асырылатына және қанағаттандырылатына сендірген)
Діни дүниетаным
Дін - бәрінен жоғары жаратушы күшке сенетін және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарастың тарихи түрі және қоғамдық сананың формасы