Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Абайтану ғылымының қалыптасуы мен зерттелу тарихы



бет4/8
Дата15.12.2023
өлшемі351 Kb.
#139793
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Абайтану ғылымының қалыптасуы мен зерттелу тарихы


Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай- қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп Абайды аса жоғары бағалады. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлендері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынныц тұңғыш өмірбаянып айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық[10]. Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі тірісінде 1903 жылы Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: Абай-қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін де қолжазба түрінде және ауызша тарап келген болатын. А.Байтұрсынов та ақын өлеңдерімен 1903 жылы Абай өлеңдері жазылған дәптер арқылы танысқанын айтады. Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтан (мұнда М.Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 жылы жарық көрген I.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады[11]. Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болды. 40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялык және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. «Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардан басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі». А. Байтұрсынов мұны айтқанда алдымен Абайдың кейбір пікірлерінің мәнісін, жеке сөздердің, сөйлемдердің нақтылы мағынасын түсіну қиынға соғады дегенге меңзейді десек болар. Мысалы, «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» дегендегі адам өлмейді деп кесіп айтылған сөзді адамның жаны мәңгі жасайды деген мағынада да, немесе жақсы адамның рухы, ақылы мен жаны кейінгі ұрпақтардың санасында ұзақ, мәңгі сақталады деген мағынада да түсінуге негіз бар[12]. Бұл жерде нағыз поэзиялық туындының мағыналық сыйымдылығы, тереңдігі шексіз мол болатынын да ескеру қажет. Өлеңде тура айтылған, бейнеленген өмір шындығынан гөрі, сол айтылғаннан аңғарылатын шындық, содан туындайтын сезім-әсерлер әлдеқайда бай келетінін белгілі. Қалайда Абай айтқан кейбір сөздер, пікірлер түсінуге қиып көрінсе, не мағынасы көңілімізден шыкпағандай болса, А.Байтұрсыновтың осы ескертуін еске ала отырьш, соның өзі «Абайдың айта алмағанынан болған емес», біздің жете түсінбеуімізден болған шығар-ау дегенді ойлап қойсақ, артық емес секілді. Абайдың таңдаулы дерлік өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, оның өзіндік дара ақындық тұлғасын танытарлық сипаты анық байқалады. Сонымен қатар кейде бұрынғы поэзиядағы белгілі әдеби үлгіні қызықтап, жекеленген өлең-жырын дәстүрлі қалыппен шығарған кездері де бар. Ондай өлеңді Абай орайы келгенде табанда ауызша шығарып айтуы ықтимал. Мұхтар Әуезов «Абайдың өмірбаяны» атты зерттеу еңбегінде былай дейді: «Абай өзі бір жазып тастаған өлеңін қайтадан жоқтап, жинап отырмаған. Әрқашан, кейде кітап оқып отырғанда, кейде жай бір оймен қозғалып отырғанда, қолына қағаз, қарындаш алып, айтпақ өлеңін жазып тастайды екен. Соны қасында отырып балалары, інілері я жай адамдар болса да, қалтасына салып алып жүріп кетеді. Содан бірден біреу жазып алып жаттайды. Кейбірін әнге қосып домбырамен айтып жүреді». Абай жазған шығармаларын талғап, таңдап, жариялауға, кітапқа кіргізіп бастыруға қайсысы лайық деп сараламаған болса, мұны кейінгі сыншылар ескеруі қажет екені талассыз ғой. Ақынның жеке өлеңдері дұрыс талданып, бағалануы оның творчествосына жүйелі көзқарас, орнықты тұтас концепция қандай екеніне байланысты. 20-жылдарда әдебиетті таптық тұрғыдан қарап бағалау мықтап орын алған кезде Абай жоғарғы таптың ақыны, байшыл ақын деген пікірлер аз айтылған жоқ. Абай творчествосының зор қоғамдық, танымдық мәні әлі жете, толық ашылып көрсетілмегендіктен ол кездегі мақалалар мен зерттеулерде ақын өлеңдерінің мазмұн-мағынасының байлығын, көркемдік қуаттылығын суреттеу, бейнелеп айту шеберлігін ұғып-түсіну жағы да жетімсіз болып жататыны байқалады. Абай халықтың мұңын мұңдап, өмірде әділетсіздік, қиянатшылдық көп деп налыған болса, оны өмірден торығушылдық, күйректік деп санау мүлде орынсыз[13]. Абай ел жайын ойлап қанша қапаланса да, қайғырса да өз көңіл күйін, ішкі мұңын үнемі айрықша сезімталдыкпен білдіреді, өзін өзі жігерлендіріп отырады. Тіпті «Келдік талай жерге енді, кіруге-ақ қалды көрге енді» деп отырғанның өзінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет