Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/8
Дата15.12.2023
өлшемі351 Kb.
#139793
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп...
Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр.
Ел, жұрт деген ұғымдарды Абай қалың ел, қазақ жұрты, халық деген кең мағынасында алып, бүкіл халықты тұтас алып мінездеу үшін де қолданады. Мысал үшін «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,— деп басталатын өлеңді еске түсірсек жеткілікті. Ақын бейнесінің өзгешелігі алдымен оның халықтың өмірін, тағдырын қалай түсіне білетініне байланысты. Ақын өзі туралы айта отырып ел жайын толғайды, халық туралы айтады. Ұлы ақын өзі жайлы, өзінің жеке басы туралы айтқанда да, жалпыға ортақ жайларды айтады, бүкіл адамзат тағдырын ойлап толғанады.
Ақынның поэзиядағы өз тұлға бейнесі арқылы біз оның өзі өмір сүрген заманды қалай танитынын, халықтың мүддесін, арман-тілегін қалай түсінетінін көреміз. Халық өмірінің, заман келбетінің поэзиядағы көрінісі арқылы ақын бейнесін айқынырақ сезіне түсеміз. Жинақтап айтқанда, осының бәрінен сол дәуірдегі қазақ өмірінің мол шындығын табамыз[18].
Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол- керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымеи ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жаплы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл-философ ақын деген мағынада айтамыз. Абайдың шығармашылық өнерінің арнасы кең, ақын сусындаған бұлақтары мол екені үнемі айтылып келеді. Атап, анықтап айтатын нәрсе- Абай поэзиясының негізгі тірегі, қайнар көзі, ана сүтіндей нәрлендірген арнасы- халық поэзиясы, қазақтың ақындық өнері. Абай поэзиясының халықтың сөз өнерімеп тығыз байланысты, тамырлас екенін дәлелдеу үшін «Сап-сап, көңлім, сап көңлім» секілді нағыз ауызша поэзияның үлгісінде шығарылған өлеңдерін айтсақ та әбдеи жетерліктей.
Сап-сап, көңлім, сап, көңлім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Кыз өле ме бай таппай
Түн кезгенің мақұл ма?
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай?
Абай поэзиясының халықтың сөз өнерімен жалғастығы, терең тамырластығы ақынның көркемдік ойлау ерекшелігіне тән үлттық сипат-қасиеттерінен, сөз қолданысынан, өлең өрнегінен, сөзді үйлестіруінен-осының бәр-бәрінен, яғни, барлық шығармаларынан айқын аңғарылады. Абай өзінен бұрынғы ақындарға кейбір жанрлық үлгіні, көркемдік тәсілді қолдануы жағынан жақындығыда бар дегенде де, оынң өзіндік өзгешелігі, жаңалығы және бар екенін көре білу қажет екенін байқаймыз[19].
Абайдың өзі кейбір ақындарды сынайтыны басқалармен өнер өлшесу, өзінің поэзиясындағы ұстаған бағытын, әкелген жаңалығын тереу түсіну мақсатынан туғаны хақ. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»,- деген сөзінен біз Абай өз творчествосының жаңашылдық сипатына айрықша мән бергенін аңғарамыз.
Ал өзінен бұрынғы ақындарды сынағанына келсек, атын атап, анықтап айтатыны тек Бұқар, Шортанбай, Дулат қана.
Шортанбай, Дулат және Бұқар жырау,
Өлеңі бірі- жамау, бірі-құрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау.
Абайдың сыны оларға поэзияда қолданылған әдіс-тәсілдерге, нақтылап айтсақ, өлең-жырларда бұрынан қалыптасқан нақыл сөздерді, дайын сөз үлгілерін жиі қолданушылыққа қатысты болса керек. Жамау, құрау деп отырғаны осы мағынада айтылған деп түсіну қисынды.
Абай өлеңдерінде қазақ поэзиясында бұрын дәл осындай мағынада айтылмаған ойлар, шертілмеген сырлар көп. Оның поэзиясының жаңалығы сонда, және сол ойлары мен сезімдерінің тереңіне бойлайтын, бейнелеп жеткізе білетін ақындық шеберлігінде.
Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлга, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар әдебиетте Абайдай ұлы ақын дүниеге келуінде өзіндік заңдылық бар.
Абайдың алдындағы ірі ақындардың ең зор еңбегі деп, әсіресе, поэзия тілін, әдеби тілді жан-жақты дамытып, өрістеткенін айта аламыз. Қазақтың сан ғасырлар бойы дамыған, әбден шындалған ақындық тілі болмаса, Абай поэзиясының тілі соншалықты оралымды, бай бола алмайтыны анық.
Ақындық өнерді өзіне өмірлік зор мақсат етіп, өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруге Абай тек 80-жылдардың ортасында жұмыла кіріседі. Бұл Абайдың айнал-сын болжап, әлеуметтік кұбылыстарды терең бағалап, кең ойлай алатын, көргені мен түйгені тәжірибесі молайған, әбден кемеліне келген шағы болатын.
Абайдың орасан зор ақындық қуат-күші өз шығармаларында қазақ өмірінің ең манызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен, қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сезіне білетіндігінен айрықша айқын көрінеді. Ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сегіз аяқ», «Ғылым таппай мақтанба», «Болыс болдым, мінеки» секілді таңдаулы көркемдік туындыларының қайсысын алсақ та оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер- білімге, адал еңбекке, әділеттілікке шақыру, надандықты, артта қалу кесепатын айыптау, алауыздық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.
Абайдың адам мен қоғам жайындағы концепциясы- қазақ топырағындағы жаңа концепция. Абай адамды белгілі қоғамдык өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп, бағалап бейнеледі.
Абай поэзиясындағы психологизм, әр түрлі адамдардың мінез-құлқын, психологиясын, қандай жағдайда қандайлық әрекет ететінін ашып көрсетуге шеберлігі жағынан алғанда үздік шығармалар аз емес дегенде, алдымен осы «Бөтен елде бар болса» және «Сабырсыз, арсыз, еріншек» секілді өлеңдерді атауға болар еді.
Елді бірлікке, татулыққа шақыру- «Сегіз аяқ» өлеңінің ең күшті сарыны.
Біріңді, қазақ, біріңді дос
Көрмесең істің бәрі бос-
деген үлкен қоғамдық мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ерекше тебіреніспен айтады.
«Қайға шығар ілімнен»- ашу мен ызаға толы өлең. Ақынның қайғаса да, ашу-ызасы да халықтың тағдырын ойлаудан туады. Абай ел жайын толғайды, елдің мінез-құлқын сынға алады. Елді тұтас алып:
Қызық пенен тыныштыққа
Қазақ тұрмас тұрықтап
...Түзу бол деген кісіге
Түзу келмес ырықтап,-
деп сипаттайды.
Қажет деген жерінде ақын сөз тигізетін адамдар тобын саралап, бөліп айтады. Мысалы: «ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді» дегені өңкей қырт, мылжың адамдарға қатысты болса, «бас-басына би болған өңкей қиқым» дегені елдің сиқын бұзып жүрген, қолындағы күші азайған, ұлыққа, мансабы жоғары чиновникке бағынышты болыстарға қатысты.
Ал енді жалпы жұртқа қаратып айтылған:
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың,
деген секілді сөздер халықтың қамын жеп толғанған ақынның жүрегінің түкпірінен шыққандай сезіледі де, мөлшерсіз қатты сын деуге келмейді.
Абай халық туралы сөйлегенде, ел жайын қозғағанда кейде «қазақ», «халық» көбінесе «ел», «жұрт» деген сөздерді қолданады. Бірақ есте тұратын нәрсе- осы сөздердің нақтылы мағынасы ылғи бірдей болмай, айтылатын ойдың орайына қарай әр түрлі келеді. Абайдың елдің арасын бұзатын, араздық, алауыздықты бықсып-қоңырсыған иісі адамның қолқасын алатын отынның шаласымен салыстыруы сол арамдық, алалықты қоздырушылықтың елге қаншалықты зиянды, жексұрын қылық екенін жақсы байқатады[20].
Еңбек ету, өнер үйренуді уағыздайтын пікірлерімен ұштастыра, жар сүю, үй болу мәселесін әсіресе «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» атты өлеңінде көбірек толғайды. Бұл- Абайдың жастарға арналған достық, татулык, жар сүю мәселесіп қозғайтын насиғат өлеңі.
Абайдың қоғамдағы әр түрлі топтардың өкілдерін сипаттаудағы сыншылдық пікірлері де, жастарға айтқан ғибратты ойлары, ақыл-кеңестері де халықты үлкен адамгершілік мақсат-мұратқа жетуге ынталандыру ниетінен туған. Олардың жағымсыз мінез, жаман әдеттерін мысқылдап, ажуалай отырып ақын адалдық, жігерлілік, еңбек сүйгіштік, әділеттілік сезімі, ой тереңдігі секілді қасиеттерді үлгі етеді.
Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты сөз етсе де, ол оның қоғамдык, әлеуметтік тамырын, маңызын айқындап, адам үшін, қоғам үшін пайдалы немесе зиянды жақтарын ашып және осының барлығын өмірдің ілгерілеу, даму тұрғысынан суреттейді. Міне, бұл ерекшелір Абайдың өмірді суреттеушілік тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі сайып келгенде, қазақ әдебнетінде реалистік, сыншыл реалистік көркемдік әдістің туып, қалыптасуы еді. Абай әдебиетке әкелген аса зор жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі- осы дейміз
Қажет деген жағдайда көрер көзге келгірсіп, жанын аямайтындай көрініп, достық, тілектестік пердесін жамылып, монтанысып, мүләйімсіп қалатыны, бірақ сырт айналғанда жалтарғыш, колына билік тисе, кекірейіп, басқаны көзге ілмеуге тырысып, суық, сұсты түрімен сескендіре қарайтыны- кейіпкердің мұндай әдеттерін ақын айлакерлік қана емес, шектен шыққан ерсілік, жөнсіздік, жосықсыздық деп санайды.
Елге білім тарату, ғылымды меңгеру тақырыбы Абай творчествосында бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде орасан зор әлеуметтік мазмұнға ие болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет