Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


З. Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы



бет3/8
Дата15.12.2023
өлшемі351 Kb.
#139793
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
З. Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихына көз жіберсек, әрбір кезеңде осы тақырыпты арқау еткен дүниелерді зерттеп, зерделеу жалғасын тауьш келеді. Десек те, қазақ әдебиетіндегі шығармашылық қолтаңбасымен дара көрінген тұлғалардың қаламгерлік жолын, көркемдік ізденістерін танытып, оларға терең бойлап, ғылыми-танымдық тұрғыдан баға беру, талдап, таразылау бүгінгі заман талабы екендігі даусыз.
Тілі мен діліне, діні мен тініне, дүние танымы мен рухына еркіндік алған қазақ елі өз қоғамдық санасындағы қымбатты құндылыктар мен асыл қазыналарға, рухани әлемі мен мәдени тарихына өзге көзқараспен қарай бастады. Қиындығы мол, аса күрделі осы мәселелерді зерттеу мен байымдау барысында академик 3.Ахметов еңбектеріндегі іргелі ой-пікірлердің орны айрықша бөлек.
Зәки Ахметов -қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, өсуіне, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ғалым. Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында өзінің орыс, қазақ тілдерінде жазылған ғылыми монографияларымен Қазақстандағы әдебиет туралы ғылымның өрісін кеңейтіп, оны биікке көтерген үлкен зерттеуші. Оның қазақ әдебиетінің теориясы, методологиялық, текстологиясы тарихы, осы көрнекті ақын, жазушылары туралы зерттеулері орыс, ағылшын, қытай, түрік, белорус, молдавян, армян, азербайжан, өзбек, қырғыз тілдерінде жарияланып, қазақ әдебиетінің дүние жүзін кеңінен танылуына Зәки Ахметовтің сіңірген еңбегі айрықша, әр уақытта атап айтуға әбден лайықты.
Ғалым қазақ әдебиеттану ғылымының барлық саласына араласқан, көп қырлы, ғылым тарихында биік тұлға. Өзінің ширек ғасырдан астам зерттеушілік қызметінде сан алуан мәселеге арнап көптеген ғылыми, педагогтык, методологиялық еңбектер жазды. Соның ішінде оның, әсіресе, сүйіп зерттеген объектісі - қазақ поэзиясы. Оқымыстынын қазақ өлеңі туралы жазған қомақты да ғылыми жағынан өте маңызды монографиялары көпшілікке аян.
Зәки Ахметовті ғылыми әлемге әйгілі еткен алғашқы көлемді туындысы -«Қазақ өлең құрылысы» деп аталатын кітабы[7,27]. Қазақ өленінің тарихы мен теориясын талдайтын бұл еңбек поэтикалық тіл және стиль жөнінде, ақындар мен жыраулардың көркем шеберлігі жайында сыр шертетін ғылыми өрісі биік дүние. Оқырман бұл кітап арқылы қазақ өлеңінің ұйқасу сырына қанығып, шумақтық, ырғақтық қасиетіне қанық болғаны сөзсіз.
Ғалымның «Қазақ өлеңі құрылысы» (1964, орыс тілінде), «Қазақ поэзиясының тілі туралы» (1970, орыс тілінде), «Өлең сөздің теориясы» (1973) атты монографиялары - әдебиет теориясы саласындағы классикалық еңбектер.
З.Ахметовтің ғылыми зерттеу жұмыстарының құндылығы - қазақтың сөз өнерінің каймағын танытатын талантты ақын Абай Құнанбаев пен кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов шығармаларынын көркемдік ерекшеліктерін, философиялык, эстетикалық деңгейін орыс тілі арқылы әлем әдебиеттанушыларына кеңінен танытатын ғылыми-теориялык тұрғыдан дәлелдеп, мойындатуы еді.
Өлең сөздің теориясын сөз еткенде 3.Ахметов «Әдебиет теориясы, соның ішінде өлең сөздің теориясы, қатып қалған қағидалардың немесе жекелеген жаттанды қисындардың жиынтығы емес. Теориялық ұғым түсініктер, тұжырымдар жүйелі түрде танылып, көркем әдебиеттің, теориялық ойдың, зерттеудің айрықша қасиеттері толық аңғарылады.
Ғалымның зерттеу еңбектерін түгелдей алып қарасақ, оның ғылыми іс-әрекеттерінде тұтасқан жүйе бар екенін байқаймыз.
Ахметовтің өлең құрылысымен қатар туған әдебиетіміздің тарихы (Шоқан, Абай, Шәңгерей) туралы, туысқан халықтар арасындағы әдеби байланыстар хақында, текстология мәселелеріне қатысты келелі, көлемді еңбектер жазды; қазақ мектептері үшін орыс әдебиетінен оқулықтар жасады; қазақ әдебиетінің және көп-ұлтты совет әдебиетінің көп томдық тарихын жасауға, Абай шығармаларының толық жинағын бірнеше рет (1954, 1957, 1977) бастырып, қалың оқырманға таралуына белсене араласты. Сонымен қатар қазақ әдебиеттану ғылымында іргелі зерттеулердің қатарында ғалым З.Ахметовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы мен дәстүрлері» (1978) монографиясын ерекше атаған ләзім
Бұл ғылыми еңбекте қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың өзара байланысы алғаш рет жан-жақты әдеби деректер негізінде, ғылыми деңгейде зерттеледі. Болашақ іргелі еңбектер үшін әдебиеттану ғылымының жана бір көкжиегін ашудағы соны да тың қадам болып табылады. Кітапта қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерімен бірге ұлт әдебиеттерінің өзара байланысы мен ықпалдастығы нақтылы контекстерде қарастырылады[9].
Бүкіл саналы ғұмырын іліммен, ғылыммен өткерген көрнекті ғалым, Казақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Зәки Ахметұлы Ахметовтің «Абай және Лермонтов», «Қазақ өлеңінің құрылысы», «Абайдың ақындық әлемі», «Мұхтар Әуезовтің рамон-эпопеясы» және ғалымның жетекшілігімен жарық көрген еңбектері тұрғанда ғалымның есімі естен шықпайтыны дәлелдеуді қажет етпейтін шындық
Зәки Ахметовтің ғалымдық еңбектері көп саланы қамтиды. Біз бұл жолы тек ең незгілеріне ғана тоқталып өттік. Академик ағаның ғылыми мұрасын танып, зерделеу, оған терең талдау жасап, тиісті бағасын беру - алда тұрған зор міндеттердің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет