Ф-об-012/060 №2 практикалық сабақ


Залалсыздандыру өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігі



бет12/15
Дата10.02.2022
өлшемі70,57 Kb.
#25199
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2 практика

Залалсыздандыру өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігі.

• Аппараттың техникалық паспорты болу керек. Аппаратпен жұмыс істеу үшін 18 жастан асқан, медициналық білімі, куәлігі бар адам жұмысұа жіберіледі.

• Аппараттарды қолданған кезде көрсеткіштері О-ге түспей ашуға болмайды.

• Аппараттар тұрған бөлме жақсы желдетілуі керек.

• Еденге қара резинадан немесе ағаштан жасалған дорожка болу керек (ток тартпау үшін және аяқ тайып кетпеу үшін)

• Аппараттардың сымдары, вилкасы, точкасы ашық болмауы керек, ал шнурлары жалғанбаған болуы қажет.

• Арнайы аппараттардың монометрі дұрыс жұмыс жасайтын болуы шарт.

• Аптасына бір рет қорытынды жуу жасалу керек.

• Аппараттар тұрған бөлмеге бөгде адамдардың кіруіне болмайды.

Орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесінде жұмыс істеу

ОЗБ – орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесі қазіргі кезде барлық емдеу мекемелерінде ұйымдастырылған.

Мақсаты:

1.Медициналық құралдарды алдын ала тазарту, залалсыздандыру

2.Залалсыздандыру:

а) медицина құралдарын;

б) киімдерді төсек жапқыштар мен таңу матералдарын

в) хирургиялық биялай мен резеңкелі өнімдерді.



ОЗБ-нің құрылысы:

1.Залалсызданбаған блок;

2.Залалсызданған блок;

Залалсызданбаған блокта құралдарды, залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға арналған материалды және бу стерилизаторларын, құрғақ ауа шкафтарын дайындау жүргізіледі.

Залалсызданған блокқа залалсызданған матералды түсіреді. Залалсыздандыруға қанмен, жарамен және зарарланған заттармен қатынаста болған барлық құралдар мен өнімдер жатады. Қолдану барысында кілегей қабықтарға тиетін және оларға жарақат әкелетін құралдар да (катетер, зонд) залалсыздандырылады.

Залалсыздандыруда бу, ыстық ауа және химиялық әдістер қолданылады.



Заласыздандыру тәртібі:

Өнімдер (мақта шариктері, шприцтер, инелер, жаялықтар, пинцеттер) залалсыздандырғыш қораптарға, крафт-пакеттерге, 2-қабатты жұмсақ базелді қораптарға салынады. t - 120˚С, қысымы 1,1 атм. уақыты 45 минут.

Залалсыздандырудың бұл кезеңі резеңке өнімдерді (катетер, зонд, биялайлар) өңдеуге қолданылады. Резеңке қолғаптардың ішіне және сыртына жабысып қалмау үшін тальк себеді. Қолғаптардың арасына дәке салады және әр қолғапты дәкеге орайды. Бикстегі, крафт пакеттегі, 2-қабатты жұмсақ қораптағы залалсыздандырылған материалдар 3 күн сақталады.

Автоклавтың залалсыздандыру тәртібін залалсыздырған заттардың ішіне салынған термометрлер көмегімен бақылап отырады.

Залалсыздандырудың сапасын бензонат қышқылы арқылы тексереді. Бу мен заласыздандырғанда бензонат кышқылы кристалдары бар флакон салынады, ол t - 132˚С, қысымы - 2 атм кезінде балқиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет