XIII
Түн. Ел ұйықтаған. Ермек жалғыз. Электрдің ӛткір жарығын кӛкшіл
қағазбен қалқалап қойып, «Ленинизм мәселелерін» орысшасынан оқып отыр.
Кӛп оқып шаршаған болу керек. Ауық-ауық кӛзін уқалап, мұрнын қысады.
Қайта қадалады кітапқа. Мұқабалы қалың тетрадь ашулы жатыр алдында.
Жуан саусақтарымен қарындашты қылғындыра ұстап, жазып та қояды.
Жазуы үлкен, ажарсыз. Кеш сауаттанған ескі жұмысшы ғылым дүниесіне
құныға қарапты... Сенектегі ақ тӛс қаншық шәу ете түсті. Елемей отыра беріп
еді, есік қақты біреу.
— Бұл қайсың?
— Мен. Бәйтен ғой.
Бәйтен ентіге, бір қапшықты кӛтере енді үйге. Қоразданып,
жымыңдайды.
— Мейрам бар ма?
— Қайтқан жоқ әлі.
— Мына қапшықты тез босат. Кетем.
— Бұның не?
— Не қыласың сұрап, ала бер.
Ермек қапшықтың аузын ашты. Май, сыр, печенье, консервілер кӛрінеді.
Үндемей аз ойланып тұрды да, Бәйтенді тӛр жаққа ертіп келіп:
— Отыр!—деді зекіре. Сұрланып қара мұрты тікірейіп кеткен.— Итсің!
Иттен де жамансың. Анау қара қаншық осы үйдің аяқтағы асына тимейді.
Сені қажыған, ескі жұмысшы деп қазна маңына жібергенде, же, ұрла деп
жіберіп пе еді? Оңбайтын қараниет! Дәндей-дәндей бізге келдің бе енді?
Шапшаң шыныңды айт. Қанша қапшық тараттың?
200
Sauap.org
Ұйқыдан Әнипа оянды. Жалма-жан екеуінің қасына келді. Дір-дір етеді.
Бәйтен шынын айта қоймады. Қанға тойған қара тӛбеттей, аз күнде дүрдие
қалған. Дәмесі әлі де Ермекті кӛндірмек:
— Бұл ұрлық емес, жолдас. Қазна ӛзіміздікі. Ала бер. Қолдан келіп
тұрғанда Мейрам екеуіңе істемеген жақсылықты кімге істеймін...
— Кеңірдегіңді суырып алармын. Айтасың ба, шыныңды, жоқ па?— деп
Ермек тӛнгенде ғана Бәйтен қипақтай бастады.
— Қой, ей, тақама қолыңды. Қапшық, жәшіктердің талайы кетіп жатыр.
Қайда кетіп жатқанын қайдан білейін. Мынаны әдейі сендерге берем деп,
бастықтан сұрап алдым.
— Бастығың қайсы? Махметтің ӛзі ме? Склад бастығы ма?
— Махметтің ӛзінен қоярда-қоймай сұрап алдым. Жұрттың бәріне таси
береді деймісің мені.
Қанша ежіктесе де Бәйтен бұдан артық айта алмады. Ол орталық
складта, қолқабысшы жұмысшы ғана. Аңқау, олақ, ожар, бишара ен азықтың
ішінде қарны тойғанына мәз. Жақын адамдарына олжа салғансып,
мардымсып келген деді. Пұшайман болды. Ермектің кӛзі тайғанда:
— Алсаңшы,— деп ымдайды Әнипаға. Әнипа да ымдап безе түседі.
Ақымақ жолдасты не қыларын білмей, Ермек дағдарып отырып:
— Қапшығыңды ал да жӛнел!— деді бір кезде. Әнипа қапшықты
арқасына салып берді. Арсылдаған қара қаншықтан да қорғап жүр.
— Жыт, бишара. Мейрам келмей тұрғанда жыт.
Қараңғы түнде, арқасында қапшық, жытып барады Бәйтен. Арамтер
маңдайынан шып-шып шығып барады. Осы барактағы үйіне, жолдағы
складқа соқпастан, салған бойымен Махметтің пәтеріне келді. Есік алдында,
жеңіл кашовкаға жегулі Ырымбектің қаракер аты тұр. Терезе қақты. Махмет
ӛзі шықты.
— Мұнда неге келдің?
— Ойбай, апарып едім, әзірейілдей тергеді. Алғаны сол, кеңірдегімді
суырып ала жаздады.
— «Құлаққағыс қылды, доспыз» деп қолқалап сұрағаның қайда?
— Ӛз обалы ӛзіне. Жақсылықты білмеді. Алушы табылмас деймісің,
тығып қой. Мен адал адаммын, ӛзіме қалдыруға арым жетпеді. Ал кеттім,
кӛзге түсіп қалармын.
Бәйтен басқа сӛзге келместен тартып тұрды. Махмет сескеніп, түрлі
жоруылмен енді үйге. Томпиған бетінен тулаған жүрегі кӛрінеді: қаны
қашып, ойнақшып тұр кӛзі.
— Не болды?— деді Ырымбек.
— Нақұрыс Бәйтенге түсіне алмай тұрмын. Мейрам мен Ермекке берем
деп әкетіп еді. Қайта әкеп тастады. Бір пәлесі жоқ па?
— Әйгілетіп әкеліп, үстінен түсіріп жүрмесін!
«Қорыққанға қос кӛрінеді, жалғыз қурай». Қанша жүрек жұтқан болса да
совет қаһарынан дір етті денелері. Екеулеп, сорлы Бәйтенді талай саққа
201
Sauap.org
жүгіртті. Аңқаулығын аярлыққа жорыды. Бәйтен де ӛшін алып кетті
бұлардан: тәтті әңгімелерін бұзды, аяқ астынан әбігер жасады.
— Сақтан! Дереу қапшықты жоғалт!— деп орнынан тұрды Ырымбек.—
Кейін сӛз бола қалса, мойындама. Ӛзіне жап.
— Онда сіздің шанаңызға салып жіберейін?
— Жоқ, баратын жерім бар, тағы.
— Таптым,— деді Махмет. Жалма-жан киіне бастады.— Әлібек отағасы
судай сіміреді. Міне, сонда тастай кетіңіз жолдан.
Қапты ала екеуі шанаға мінді. Әлібектікіне бет бұрғаннан-ақ Ардақ
болды әңгімелері. Талай дұзақ құрса да, бір түспеген сақ қыздан торыққан
Махметті Ырымбек тағы да дәмелендіріп келеді:
— ...Қыз кӛлгірси береді. Жалықпаған жауын жеңеді. Ақ тоқаштай саған
қыз түгіл келіншек қызықпай ма?
— Мейраммен шатасты ма деймін...
— Қорқақтаусың,— деп Ырымбек ӛтірік күлкімен қайрап қойды.—
Оның сенен несі артық? Қыз мәселесінде секретарьлығы кӛмек емес, бӛгет.
Сен барғанға бара алмайды, басқан қадамы санаулы. Ол алыстан торып
жүргенде, сен бүйірден тиіп, қағып әкет. Қыз бойына дарыта ма ӛзіңді?
Сӛйлесе ме?
— Сӛйлескенде қандай! Бірақ діні қатты антұрғанның.
— Қанша қатты болса да жібімес қатты жоқ. Қажымай іздеп, қыбын
тап...
Махмет махаббат жайында да Ырымбекті ӛзінен білгіш біледі. Тозған
беделін Махмет сияқтылардың алдында жаңарта білді Ырымбек. Бірін
құлқын, бірін тап күндестігі билеген достар әрқайсысы ӛз есебін ішіне берік
сақтап, сыртымен жылп-жылп етеді. Ӛліп қалған есекдәмені қайта тірілтіп,
Махметті Әлібектің есігінің алдына қалдырды да, Ырымбек жайына кетті.
Қар басқан жербарактың тереңдегі есігіне жеткенше ылдида екі тайып
жығылды Махмет. Соңғысында тым оқыс тайды. Қапшығы ұшып кетті
қолынан. Құйымшағын ұстап мықшиып тұр. Сырттағы сӛлекет дыбысты
естіп, есік ашты Ардақ.
— Бұл кім?
— Мен ғой, Махмет.
— Мезгілсіз неғып жүрсіз? Үйге кіріңіз.
Қызқұмар жігіт қапшығын сүйрей үйге енді. Пальтосының арты
былғанған. Құйымшағы әлі ауырады. Білдірмен десе де біліп қойды Ардақ.
— Жығылғаннан амансыз ба?— деп жымияды.
— Иә, тайып түскенім. Тайғақ екен...
— Табан бүрлі болса тая ма?
— Әлден бүрі таусылып неғыпты. «Жазым» деген бар емес пе?
— «Жазымнан да» сақтанады ғой жұрт. «Сақтықта қорлық жоқ» демей
ме?
202
Sauap.org
— Аңғал басым алданудан шықпайды!—дегенде Махмет күрсінді,—
Кӛруге бар, ұстауға жоқ, сағым болдың, Ардақ. Күле отырып, қатал
сынайсың. Аяр күнің бар ма екен?!.
Жалынышты зарды тӛмен қарап, құныса тыңдады Ардақ. Тыңдап болған
соң басын кӛтеріп, шалқия отырды. Босағада жатқан қапшыққа, одан кейін
Махметке кӛз қырын бір тастағанда екеуінің де ішін керіп шыққандай еді.
Ойлана, байсалды отыр. Бұрынғысынан бірсыпыра толған. Кеудесі құс
бетегеленіп кӛтеріле түсіпті. Сұңғақ, жұмыр мойнына ақ меруерт таққаны
жарасып тұр. Шашын қырықпай жібере бастаған. Қысқалығын білдірмей,
ӛріп, түйіп қойыпты. Бұрын кейбір балалық мінездері байқалса, енді ӛр
мінезінен, тұлғасынан бойжеткендік байқалады. Ойы да ӛскен сияқты. Стол
үстінде қатарынан екі кітап жаюлы жатыр. Салыстыра оқып, беттерін сызып,
жазып тастаған. Жер кепеде, ұзақ түнде жалғыз отырып, жалықпай ойға,
білімге бойлаған Ардақ Махметтің махаббатына балқи қоймады.
— Мен сізді алғаш кӛрген жерде-ақ аяғамын,— деді әлден уақытта.—
Зорлауға жүрек кӛнбейді. Айтқаным қайда сонда? Егер ӛзіңізді ӛзіңіз
аясаңыз, бұнша кіріптар болмас едіңіз.
— Аямаймын! Салдым жүрегімді табаныңа. Таптай бер!
— Тым арзан бағалайсыз жүректі. Қит етсе суырып алып тастай бересіз
табанға. Ондай алмалы-салмалы арзан жүректі таптады не, қастерледі не.
Қайтып алыңыз. Кӛлбақаның да онсыз күні жоқ.
Толғана келіп, салмақпен айтылған «сӛздер» есек-дәмеңі сызып-сызып
тастады. Сол сызықтар Махметтің бетінен айқын кӛрінеді. Толған торсықтай
тырсиған беті енді. солған торсықтай қыржия қалыпты. Жүрегі етпесе де
қапшықты ӛткізгісі келіп отыр:
— Отағасы қайда?— деді баяулап.
— Жұмыста.
— Қашан қайтады?
— Таңғы алтыда.
— Анау қапшықты сол кісіге әкеліп едім...
Нұсқаса да, қастерлеген қапшыққа қарамай, Махметке алдындағы
кітаптың бірін ұсынды Ардақ.
— Мына жерін ғана оқыңызшы.
Асты сызылған екі жолды Махмет ішінен оқып .шықты.
— ...Ұры-қары, капиталистер бір ақшаның екі беті — деген Ленин сӛзі
еді оқығаны. Ардақ қынжыла сӛйледі:
— Замандас аға, партия мүшесі, жауапты қызметкер осынша
ұсақтағанда, соларды кӛрген кейінгілер не демек? Бұл мені қорлағаныңыз ба,
ӛзіңізді қорлағаныңыз ба? Қапшығыңызды да ӛзіңізге қайтардым. Ала
кетіңіз,— деп тұрып кетті орнынан.
— Ертең алғызайын. Бүгінше тұра тұрсын?
— Тұрмасын. Бұл да аяғаным. Әйтпесе...
Аяғын кірбең басып, қапшығын қайта арқалай үйден шықты Махмет.
203
Sauap.org
Әрнәрсе сынарында ӛзінен мықтыға соқтығады. Мейманасы асқан
Махмет Бәйтеннің шатастыруымен Мейрам, Ермек, Жанабіл, Ардақтарға
соқтықты. Түнгі одағай жүрісті кӛріп барак иттері басын кӛтерді. Гүрілдеген
ала тӛбет, шапылдаған сұр қаншық, арқаңдағыны тастап кет дегендей, тап-
тап береді. Ӛзге иттер тұс-тұстан шәуілдеп тұр. Кесекпен атқылап, сытылып
былай шыға бергенде, жолындағы дәретханадан Жанабіл ақыра шықты:
— Кімсің, әй!
Махмет дауысты танып қалып, қапшықты тастай қашты: Тұра қуды
Жанабіл. Жете алмаған болып келеді. Күлкіден шегі түйіліп, құлай кетті бір
кезде. Махмет екенін білген жоқ. Түнгі қызметтен Мейраммен бірге кеш
шығып, Ермекке соққан. Әлі сол қапшықты арқалап жүрген Бәйтен екен деп,
қорқытты да қала берді. Бірақ, Бәйтеннің бұл баракқа неге келгеніне түсіне
алмады. Із-ӛкшесі Әлібектің үйінен шыққан тәрізді. Қапты енді Жанабіл
арқалап кірді Әлібектікіне. Күліп жіберді Ардақ.
— Бүгін қап арқалайтын күн екен-ау!
— Осында болды ма, Бәйтен?
— Бәйтенді кӛргенім жоқ, Махмет болмаса...
— Пәле! Томпақ жігіттің ӛзі ме, жаңағы!—деп қарқылдап жатыр
Жанабіл.— Қап! Ол екенін білгенде, білмегенсіп біраз тепкілейтін едім.
— Ӛзің секретарьсың. Қол жұмсау лайық па?
— Е, секретарьдың қолына бүйен қаптап қойып па?
Әзілі жарасқан жастар әрі-бері қағысып алды. Ӛткір,турашыл, ақжарқын
Жанабіл әрдайым ұнайды Ардаққа. Оны ақысыз-бұлсыз оқытудан, онымен
ұзақ уақыт әңгімелесуден жалыққан емес. Кейінгі кезде қатынас сиресе
керек. Ардақ жиі кездесетін күндерді ӛгейсіп отыр:
— Секретарь бола сала оқуды, қатынасты сиреттік. Бара-бара бәрінен
қол үзбесең не қылсын. Жерден қол үзген Антейдің халын ұмытпа бірақ.
— Мен ертегінің батырлары емес. Қарапайым Жанабіл екенімді сен де
ұмытпа. Маңдайы терлемеген соң кеңсе қызметкерлерін арам тамақ деуші
едім. Кесек бір қатем осы болса керек. Қолына берілген бір ғана жұмысты
біліп, сегіз сағат істеп, он алты сағатты еркімен пайдаланған жұмысшы
уақытқа қандай бай! Сол байлықты ғылымға жұмсай білсе, ғалым болар еді.
Кӛрші отырсақ та кездесе беруге уақыт жетпейді. Міне қазір сағат екі! Сен
тып-тыныш кітап оқып отырсың. Біз айтысып, тартысып шықтық. Сом
темірді июден сыңар езу адамдарды бұру қиын кӛрінеді. Күржікті
конфискелеп, ауылдан қуып тастағанда, бар пәле соған ере кеткендей еді.
Байқамаппын қалып қойыпты талайы. Махмет, Бәйтендер, кейінге бұра
тартқан ойлар, ежелгі жаудың қалдығы — қақпасаң тӛбеңе шығады. Қақсаң
араша шығуға тырысады. Солар менің оқитын, сенімен әңгімелесетін
қымбатты уақыттарымды да ұрлап жатыр. Ардақ, ойлы адамсың ғой.
Ойласаң аяйсың мені. Мен Мейрамды ӛзімнен әрі аяймын... Оның басында
ұйықтап жатқанда да тиыштық бар ма екен!?.
204
Sauap.org
Ардақ кӛзі жаудырап, тұғырдағы тұйғындай монтиып отырып, тыңдай
берді. Кеше ғана жалаң аяқ, ойы қолынан, қолы ойынан шорқақ, ауылдан
келген Жанабіл бүгін жағасында галстук, ысылған, кӛңіл кӛзі ашылған, қоғам
қайраткерінің сӛзін айтып отыр. Оның осы дәрежеге жетуіне менің де
қарлығаштай кӛмегім болды-ау», деп ішінен қуанды Ардақ. Диқаншы жер
жыртып, ел несібін еккенде, кішкентай ғана қыз бала топырақ тырнап гүл
егеді. Гүлі ӛнсе ӛзінен бақытты жоқ. Ардақ та сол баладай бақытты қазір.
— Түсінем, Жанабіл, түсінем,— дейді жайраңдап.— «Бақыт не?» деп
сұрағанда, «күрес» депті Маркс қызына. Бақыт, ғылым жасаушылардың бар
ӛмірі күреспен ӛткен тәрізді. Сӛйте жүре олардың жазып кеткенін біз оқып
бітіре алмай жатырмыз. Сӛйте жүре олар оқуға да, жар сүйіп; жолдастарымен
кеңесуге де уақыт тапқан. Біз таба алмай олақтығымыз не бір жақтылығымыз
болар. Сенде, сен сүйген Мейрамда осы кемшіліктер жоқ па?
— Менде бар. Жою үшін бұдан былай жұмасына үш рет сабақ болсын,
дайындалам, қайтсем де оқуға уақыт табам. Ал, Мейрам күнде кездесуге
уақыт табады. Бірақ, бұл үйге менше келе бермес.
— Бұрмалама. «Келсін» деп қашан айттым,— дегенде Ардақтың қабағы
кенеттен кіржие қалды. Байқамай бітеу, жараны ауыртып алды Жанабіл.
Кӛрген жерде-ақ Мейрамға кӛңілі ауған Ардақ әкесін ойлағанда, Мейраммен
ұзақ ӛмір сүруіне сене алмайды. Жел бұзбасты, сӛз бұзады. Кедейден шыққан
кедейшіл жігіт, ел бетіне баса берсе айниды, деп қауіптенеді. Оның үстіне
тұңғиық, әке түбін кӛрсетпей келеді. Аластауға да, ақтауға да дәлелі әлі
жетімсіз. Әкеге деген махаббат, ел алдындағы ұят, жар сүйетін табиғи тілек
— үш жақтап ӛзіне тартқанда әлденеше иіліп, тал шыбықтай сынбай тұр
Ардақ. Саналы қызды. қинаса да, шыдамдылыққа үйретті бұл тартыстар,
Жанабілдің жаңағы «бұл үйге менше келе бермес» дегені Мейрам туралы
ойын дәл тапқандай, қатты батты. Кіржиген қабағын жазбастан:
— Иә, келе алмайды. Кейбір жолдастармен алыстан сыйласқан да
жақсы,— деді де қоя салды. Бұл күдігін ең жақынына да айтуға арланды.
Жанабіл астарлы сӛзді сезген жоқ.
— Бірсыпыра әңгімелестік. Келістік. Енді Майпажанды аймалауға
рұқсат ет,— деп, барды да қапшықты кӛтерді....
— Олжалы қайттың-ау, бүгін.
— Иә, бұның ішіндегі әңгіме бірсыпыраға жетер...
Жанабіл шығып кетті, оның: «Бұл үйге менше келе бермес»: дегенін
Ардақ оңаша отырып, ойлай берді...
205
Sauap.org
ХІV
Әнеугі бірінші шахтада болған қызу жиынның қаулысы қатал бұйрыққа
айналды. Трест бастығы Щербаков қол қойған кӛп тармақты бұйрық әр
шахтаның кӛрнекті жерінде, наряд үйлерінде ілулі тұр. Осиповқа сӛгіс
берілген. Ермек шахта бастығының орынбасары, Әкім оның орнына екпінді
— жол ашушы бригадир болыпты. Ӛндірістегі иесіздікті жою, әр адамның, ӛз
ісіне жауаптылығын арттыру, жалақыны еңбекке қарай белгілеу күрестерін
күшейте
түскен.
Жаңа
жұмысшыларға
техника
қатерсіздігін
ұғындырмайынша шахтаға жіберуге тыным салған.
Ермек пен Осипов осы жайларды шахта конторында оңаша кеңесіп
отыр. Екеуі біріне-бірі қарсы жаралған тәрізді. Ермектің денесі толық, мінезі
ауыр кісі. Осипов аласа, арықтау, жүрісі сӛзіндей шапшаң, нені де болса тез
істеп, тез шешетін адам. Бұл қайшылықтар бұлардың ынтымағын бұза
алмапты.
Жиналыста сынға ұшырап, Щербаковтен сӛгіс алған соң ақылым еніп
келеді,—деп жымыңдайды Осипов. Ермек қостап қояды:
— Шынында да сізге ұрысқан жақты. Бремсбергіге барабан орнатуыңыз
дұрыс-ақ болған. Соның арқасында жалғыз Жұмабай бірнеше вагоншының
қызметін атқарып отыр. Егер уклонды ұзарта бермегенде, Әкімнің
бригадасын сонда жібермегенде қысылып қалатын едік.
— Әшірбек екеуіңіздің бұл жӛнде қатты айтқандарыңыз пайда болды.
Мен күнделік іске құнығып, келешекті ұмытып кетіппін...
Қалтасынан үлкен сағатын алып қарай сала, Осипов орнынан тұрды.
— Сергей Петрович кешіккенді жаратпайды. Кетейін. Сіз шахтаға
түсесіз ғой?
— Ия. Армансыз аралаймын бүгін.
— Әшірбектерге де бара қайтыңыз.
— Барамын. Түбінде ол кӛмірді алуға темір жол жаю керек болады. Оны
да айту керек Сергей Петровичке...
Екеуі контордан шыға екі айырылды.
Ермек тапсырмалар беріп, жұмысшыларды жер астына жӛнелткен соң,
наряд үйінен шықты. Уклонға түсуден бұрын эстакадаға кӛтеріліп келеді.
Қызғылт, ӛткір кӛзі ойына ғана тӛнген. Қалың қабағы салыңқы, ӛрге қарай
жай басып, тестек, аласа, балғын денесі ауыр қозғалып келеді. Бұрын бір
қайлаға, асса бір бригадаға жауапты болса, енді бүкіл бір шахтаға жауапты.
Оның ойы тарам-тарам жер астын қараңғы қуыстарды кезуде қазір. Биік
эстакадаға кӛтерілгенде ойы сергіп, шахта аумағына одан әр тұстағы кӛмір
шоқыларына, күллі кӛмірлі қалаға кӛз жіберді. Жаңада алынған, бірен-саран
қайлашыларға ғана берілген аккумуляторлы шамды тастамапты, маңдайында
тұр. Уытты ініне маңдайда шодырайған шам уыт қосыпты. Қайнаған қалаға
шүйіле қарап, бұл қаланың ӛткен елі, қораш күндерін де есіне алып тұр. Ақ
206
Sauap.org
тӛбешіктің үстіндегі «жоғарғы Мариям» одан солтүстікке қарай созылған
сегізінші, тоғызыншы, он екінші, он сегізінші, тӛртінші, оңтүстік батыстағы
— отыз бірінші, жиырмасыншы шахталар қомақтанып, аралары түйісуге
айналған. Шығыс жақта отыз үшінші, екінші шахталардың да кӛмір, балшық
шоқылары биіктеп барады... Кеше ғана жалаңаш дала, бүгін еңбек асыры, кӛп
ұлтты елдердің дарқан мекені. Байлығы талай үрім-бұтаққа жетерлік...
Ескі, жаңа Қарағандыны Ермек кӛз алдынан ӛткізіп тұрып, жер астынан
жаңа шыққан составқа елең ете бұрылды. Жұмысшылар қолма-қол
вагонеткаларды тарс-тұрс тӛңкере бастады. Кӛмір салдырап, құйылып жатыр
тӛменге. Бұрқыраған қара тозаң ақ қардың бетін жауып кетті. Вагонетка
айдаған әр жұмысшыға қысқаша бір ескертіп қояды Ермек:
— Әрірек апарып тӛк... Вагонеткаң майланбапты ғой... Тіркіс темірге сақ
болыңдар...
Тӛменде, эстакада астына поезд келіп енді. Кӛмір породасын
(балшығын) терген, кӛмір тиеген бір топ жұмысшыға жоғарыда тұрып,
қабағын шытты Ермек. Кӛмір ӛндірудің орнына кӛп адам ӛнген кӛмірмен
әуре. Осылардың санын азайтып, еңбегін жеңілдетсе, кӛмірді молайтуға, әрі
арзандатуға үлкен сеп болар еді. Ермек соны ойлап, қол күшті кесегімен
жұтып жатқан қара жұмысқа айла қарастырып тұрғанда Сейтқалы келді
қасына.
— Аманбысың, әй, сенің қолғабың қайда?!—деп тӛмендегі күрекшінің
біріне кезіге айқайлады.
— Берген жоқ әлі.
— Безобразие!— деп, Ермекке бұрыла дүр етті Сейтқалы.— Тез
беріңдер. Еңбек заңы ойыншық па?
— Берілер. Жаңа келген жұмысшы ғой. Ӛзі де құнттамаған шығар.
— Сұратпай беру керек. Қолы ойылып қалса, қолғаптан әлдеқайда
қымбатқа түседі бізге.
— Шахтком ысырап еңбекті кӛре білсе тым жақсы болар еді. Міне, бір
машинаның ісін қанша адам істеп жатыр?
— Ондай машина жасамайды Қарағанды. Келгенше күтеміз де.
— Осы «күту» деген де бір дертке айналып барады,— деп қынжылды
Ермек.— Қол жайып сұрай бергенше, білек сыбанып, бір шара істеу керек
емес пе.
— Істесең тұрсың ғой, әмірің жүреді енді.
— Иә, істегелі тұрмын. Машина келгенше кӛлбете ағаш астау орнатса...
Кӛмірді сол астаумен ағызса, тиеу жұмысы бұдан әлдеқайда ӛнімді, әрі жеңіл
болады...
Сейтқалы басын изей берді. Астау әңгімесімен екеуі шахтаға түсіп
келеді. Шахтаға түсетін жол ӛзгерген.Әуелде тік сатымен, одан кейін кӛмір
шығаратын кӛлбеу жолмен түсетін. Енді олармен жүруге тыйым салынды.
Адам жолы бӛлек. Қауіпсіз. Жарты километрдей барған кезде:
207
Sauap.org
— Желді күшейту керек. Байқаймысың, ауа азая бастады,— деді Ермек.
Кездескен кӛмір, балшық кесектерін, ағаш, темір кесінділерін қаға беріске
жиыстыра тастап, сараң сӛйлеп келеді.— Осындай ұсақ ұқыпсыздықтан ірі
кемшілік туатынын біле ме екен профсоюз.
Сейтқалының кӛнтек аузындағы сирек мұрты тікірейіп, шоқпар бас
мұрны дүрдие қалды. Ӛкпешіл-ақ. Ӛкпесін жуан дауыспен болжырата айтты:
— Ӛзің немене? Партком болған соң, жоғарылаған соң, ескі
жұмысшыларға ауыз сала бастадың ба? Ермек бізден кетті, деп Бәйтен жылап
келгенде нанбап едім. Рас екен ғой. Бәрін шахткомға жабасың. Шахткомның
бір мүшесі ӛзің. Ал, не қыл дейсің?
— Ескі, жаңа жұмысшы, шахтком, партком болып; ӛндірісті алға тартуға
міндетті. Әрбір тәртіпсіздік, салақтық кейін тартады. Сенің ұғымыңша —
жұмысшылардың жұмыс киімі, жұмыс сағаты түгел болса болғаны. Жаңа бір
қолғапқа бола қанша тарылдың.
— Тарылма, еңбек қорғау заңын елеме, деймісің?
— Шахткомның міндеті сол ғана ма? «Профсоюз коммунизм мектебі».
Коммунизм — алдымен еңбек ӛнімін арттыру, еңбек жолында. мынау ұсақ-
түйектерден бастап, кейбір шарқы ойларға дейін қаншама бӛгеттер жатыр.
Шахтком соны сындырудың орнына кейде аяйды.
— Сен Мейрамның әуенімен кете берме. Ойымыз шарқы болса,
Қарағанды мұнша далимайды.
Баяғы кӛзбен ӛлшепсің.. Қазір метрмен ӛлшейді. Кӛбірек оқу керек
бізге;.Шамсыз шахта іші кӛрінбейді;
Сейтқалы үндемеді. Томсарып келе жатқан, жол айрылысында бӛлініп
кетті. Ӛкпелеп кетті. «Оқымайсың» десе шамы. Бірақ, Ермекке деген ӛкпесі
үш күннен асқан емес, аяқсыз татуласады. Ермек артынан жымия қарады да,
оң жағындағы атқораға бұрылды. Қара кӛк ат, қамшылар жақ алдыңғы аяғын
баса алмайды. Тізесі күп болып ісіп кеткен. Жем жесі сәлең. Науадағы
сұлыны тауыса алмады. Ермек сауырынан сипап:
— Отағасы жығып алған-ау,—деді де кете барды. Ең ұзақ штректі
бойлап келеді. Жітігі кӛзінен ештеме құтылар емес. Анда-санда еңкейіп,
темір жол үстінде. жатқан болмашы нәрсені де алып тастайды. Тӛбені,
қабырғадағы кейбір тіреулерді ұрып, тықылдатып, беріктігін байқап қояды.
Тас қараңғыда, тар жолда, маңдай шамы жарқырап, жер астын кезген бұл
адам бұл дүниенің иесі бір ӛзі сияқты. Ерсілі-қарсылы жүріп жатқан вагон
айдаушылардың маңдайындағы шамынан, даусынан танып, «Ермек»,
«Ермек» деп бір тілдеспей ӛтпейді. Ысқырығы жер жарады, торы атқа үш
вагонетканы бірден тіркеген Әлібек отағасы кездесті. Ат тартқан ауыр жүкті
ӛзі тартқандай екі иінінен дем ала ентігеді.
— Ермекжан, белімнің шойырылмасы бар еді. Сол құрғыр ұстағалы. тұр.
— Ұстаса қайтарсыз,— деді Ермек. Вагонетканың бетіндегі балшықты
кӛзі шалып қалды.— Бұл қай забойдың кӛмірі?
— ЬІсқақтікі.
208
Sauap.org
— Оны не қара басты! Сізде де шалалық бар; толтыра түсу керек. Әр
вагонетка осылай олқы кетсе, күніне тонна жейсіз есептен. Есіңізде болсын,
бұдан былай ернеуден тӛмен болса қабылданбайды.
— Белдің елегімен байқамаппын.
— Ат қалай ақсаған?
— Сүрініп, рельске жығылғаны...
— Қайтсаңыз айтыңыз, дәрігер жіберсін дереу.
Ермек жүріп кетті. Әнеугі жиналыста: «Кӛсеу қара кезеңді істің кезінде
ауыра қалады, құтылам» деген сӛзіне жеткен екен Ысқақ. Әлібек енді ат
айдап жүр. Жер астына кәнігі кек ат сүрініп, мертіге қалды. «Белдің
әлегімен» вагонетка толмапты. Ескі забойшы ЬІсқақты «қара басып»
кӛмірінен балшық табылды. Ермек сонда да Әлібек туралы жаман ойға
барған жоқ. Ӛндірісте мұндайлар кездесе береді. Әйтсе де Ысқаққа кешіре
алмады, соның забойына бұрылды. Қара тұман, забойлап, бұрғылап, атып та
үлгірген. Тұман ішінде қараңдаған адам, сарғылт шам кӛрінеді. Болат
күректің шыңылы, темір вагонетканың даңғыры, кӛмір салдыры естіледі.
Опырыла құлаған кесек кӛмір күрекке кӛнбей, вагоншы, күрекшілер қолмен
кӛтеріп, мықшыңдап, ырсылдап жүр. Ысқақ қайласымен салып қалып, уатып
беріп қояды. Кӛмір үйіндісі тіпті үлкен. Жұмыс қызу. Әлібек осыны кӛріп
«шойырылса» керек.
— Ысқақ!-—деп дауыстай келді Ермек.— Алжиын дедің бе, балшық
неге қосасың кӛмірге?
— Қайдағы балшық?!
— «Кӛсеу қараның» вагонынан таптым.
— «Кӛсеу қара» менен кеткен. Ол үшін жауапты емеспін.
— Забой сенікі.
— Менікі болса, кӛр міне.
Үлкен үйіндіні үңіле Ермек бір айналып шықты. Тап-таза, шаммен
шағылысып, бұйра кӛмірдің кейбір кесектері жылтырайды. Забойдың
тереңдігін ӛлшеді. Бір метр он сантиметр. Биіктігі— екі метр.
ЬІсқақ қадала қарап тұр. Белуарынан жоғары жалаңаш. Қара күйеге
боялған денесінде ақсиған тісі анық кӛрінеді. «Ал, не таптың» дегендей
ыржия күледі,
— Кәрі тарлан шапқан сайын үдейсің.
— Солай ма!
Екеуі күрекші, вагонетшілерден былайырақ кетті. Ермек жұмысқа риза
болса да мін тақты бір:
— Тозаң басылған соң, дәрі иісі әбден арылған соң алу керек еді кӛмірді.
— Е, соны күтіп тұрамыз ба. Ештеме етпейді, баяғыдан бері жұтып
келеміз ғой тозаңды.
— Дұрыс емес. Бұдан былай солай істе. Әуе де азырақ екен, кӛбейтерміз.
Ермектің назары күрекшілерге ауды. Забой ілгерілеп, темір жол кейіндеу
қалыпты. Бір жігіт кӛмір үйіндісін күрекпен лақтырғанда, тіпті алысқа
209
Sauap.org
түсіреді. Оның жалғыз, алыстан лақтырғанын екі жігіт қасындағы
вагонеткаға тиеп, азар үлгіреді.
— Мынау кім?
— Білмеймін. Құтжан балуанның бригадасында істеп едім, дейді.
— Бұл бишара әлі күнге күрекші ме еді. Пай-пай Ысқақ-ай! Осындай
адамдарды кӛре білмейсің. Кӛрсең кӛтере білмейсің. Мынаның қолына дереу
қайла бер де, парыңа ал.
— Алмаймын! Айырма Дүйсембек екеуімізді...
— Даурықпа! Әкім қай ескі қайлашыдан кем табады? Meн кісі танысам,
мынау сондай жігіт. Дүйсембекке жеке забой берем, о да үйретсін біреуді.
Адуын Ысқақ жуасып қалды. Ермек екі айтпайды. Кӛмрді неғұрлым кӛп
берсе, ақы солғұрлым кӛп. Сондықтан ескі қайлашылардың бірсыпырасы
парына жаңа қайлашы қосса, бӛгет болады, ақым кемиді деп қорқады. Бірақ,
Әкім құсаған жаңалар ескілерді артқа тастап барады. Әлгі жігіттің қимылына
Ысқақ жаңа кӛргендей шұқшия қарап тұрды да:
— Жарайды,— деді.
Ермек енді тура бремсбергке тартты. Сол жағында қалып бара жатқан
дәрігер пунктіне бұрылған жоқ. Шаруашылық қуыстары кӛп. Бір сапарда
бәрін аралауға уақыт жетпейді. Ұзыны екі, кӛлденеңі бір километрге жуық
қараңғы дүниеде тарам-тарам жолдар жатыр. Әр жолдың бойында тынымсыз
жүріс-дыбыс естіледі. Жұлдыздай жыпырлаған шамдар кӛрінеді. Кӛмір
кеулеп жер астына — жүз, екі жүз метр тереңге сүңгіген шахтерлер газ,
тозаң, күйе, қараңғылық ішінде тіпті еркін жүр. Ағылшын тұсындағы
шиқылдақ тәшке, зіл шана, темір қазық, пұт балға, түтіні будақтаған бӛлешке
шамдардың, қарасы ӛшкен. Әр тұстан атылған дәрі, темір жол дүрсілі келеді
құлаққа. Бірақ, әлі де адам күшімен қайла беріп тұр кӛмірді. Забойшы
машина-электровоздарының ӛзі әзір келген жоқ, даңқы жер жарады...
Шахта ӛмірінің ӛткендегісі мен қазіргісін, қазіргісі мен келешегін ойлай
отырып Ермек бремсберг жетті. Жер астында уклон, штректерден соңғы бұл
бір үлкен жол. Бірсыпыра лава, пештердің кӛмірі осымен ӛтеді. Жұмабай ӛр
бетінде жалғыз отыр. Алдында — қос темір жолдың түйіскен басында
барабан. Барабанға оралған болат арқанның екі ұшы екі вагонеткада. Бір
вагонетка кӛмір алып ӛз екпінімен ылдиға кеткенде, екінші бос вагонетка
оның күшімен ӛрге ӛзі шығады. Жұмабайдың кәсібі барабанды жүргізіп,
тоқтатып отыру ғана. Басына пішеншілерше орамал байлап, киімнің етегін
шалбарланып алған. Ескі тымағын, сырт киімін ұқыпты орап, біреу ала
қашатындай тізесімен баса отырыпты. Осындай ұсақ ұқыптылығы мығым
болса да, мықынына шалбары тұрмайтын...
— Жұмеке, шалбардың бауы берік пе?—деді Ермек келе-ақ. Жанабіл
атасының мінездерін жолдастарының арасына жайып болған, шалбар
бауынан бастап «қазірет оқиғасы», «қара сиыр ыңылдайдыға» шейін біледі
жұрт. Бұл жолы да үйренген қол ышқырға барып қайтты. Жұмеке оны
байқаған жоқ. Қуанышын айтып жатыр:
210
Sauap.org
— Құданың құдіреті, осы ақыл Козловтың басына қалай келді екен!
Вагонеткалар ӛзі барып, ӛзі қайтып тұр. Рақат тағы! Донбасшылар болмаса
осы завод жүрмес еді, сірә.
— Жүрмейді. Үлкен Қарағанды қазақ күшімен ғана емес, бүкіл совет
күшімен, Москва басшылығымен жасалып жатыр, Жұмеке. Жуырда
электровоз деген машина келеді. Соған мінгенде он-он бес вагонетканы бір
жігіт тақымымен сүйреп жүре береді.
Ӛзін атша мініп ала ма кісі?
— Мініп алады. Забойлайтын машина да келе жатыр. Ол қырық-отыз
қайлашының шапқанын бір ӛзі шабады.
— Ойпыр-ай, онда күрекшілер үлгірмес!?
— Күрекшілердің де жұмысы жеңілдейді. Кӛмір науамен барып, вагонға
құйылады...
— Шығар, бұл заманнан, шығар,— деп басын изеді Жұмабай. Тәутиген
сақалсымағын сипаған болады.— Біз келгенде осы шахта кәдімгі құдық
сияқты еді. Кӛмірді қауғамен тартатын. Енді мынау!..
Ермек қайран қалып отыр. Аңқау Жұмабайға да ӛмір кӛп нәрсені
аңғартқан. Мотор күшін «сайтан»күші деуден кеткен ол. «Құданың
құдіретін» жиі айтса да, бәрін адам жасайтынын жақсы түсінген. Ертерек
туып, кеш қалғанын ӛкініп қояды:
— Жұмысшы болған соң бір машинаны басқармай бола ма? Оған да оқу
шіркін керек екен ғой.
— Неге оқымайсыз? Онша қартайған жоқсыз ғой?
— Енбейді басқа. Жанабіл мен Майпа екі жақтап-ақ байқады. Қол, тіл
дегенің илікпейді, тіпті. Құданың құдіреті, қағазға қарасам ұйқы басады.
Ермек күліп жіберді. Жұмабай әңгімелесіп отырып, вагон жӛнелткен
сайын асықпай кӛмірді былай тастай береді. Кӛзі тайғанда Ермек уыстап-
уыстап тастайды да:
— Бұныңыз не?— деді білмегенсіп.
— Жӛнелткен вагонның есебі ғой.
— Санаңызшы, қанша жӛнелтіпсіз?
Жұмабай санаймын деп санынан шатасты. Қайта-қайта санайды. Ӛзіне-
ӛзі сенбейді.
— Бұл қалай? Кеше осы мезгілде қырық-бес еді. Бүгін тоқсан екі. Жо-оқ,
кӛп, .бұл кӛп.
— Е, қожанасыр!— деп Ермек кӛзінен жас аққанша күлді. Бірақ, сол
«қожанасыр» есепке шорқақ болғанымен, еңбек ӛнімі молайса бәрі
молаятынын әбден білген. Есепші ол емес. Құмарлықпен есептеп отыр.
Кӛмірді кӛбірек жіберіп, кӛбірек ақы алмақ. Жақсы атақты да жек кӛретін
кӛрінбейді:
— Тоқсан екіге жетсе, мені ендігі қан кӛтермей ме? Жеткен жоқ. Сонау
тӛмендегілерге ұрсып кетші. Вагонды бӛгемесін. Олар бӛгесе, мында да
бӛгеледі...
211
Sauap.org
— Бӛгелістерді де есептей отырыңыз... Бӛгеушіні маған айтыңыз,— деп
Ермек жӛнеле бергенде, газет тілшісі келді. Тіпті икем жігіт. Блокноты
қолында. Салған жерден икемдеп барады:
— Ермек, екі минут қана уақытыңызды алам. Жер астының бүгінгі
жаңалықтарын айтып жіберіңізші?
— Шахтерлер алты жүздің орнына мың метр жол ашпақ. Кӛмірдің
жылдық жоспарын он процент артық орындамақ. Бүгінгі ой, бүгінгі күрес
осы.
— Ермеке, енді бір минут. Алдағылар кім?
— Әкім, Ысқақ, Ворона...
— Ермеке, енді бір-ақ секунд, Орлов проектісі не күйде?
— Зерттеп жатырмыз.
— Енді жарты секунд ғана...
— Жұмыс уақытында бұдан әрі уақыт жоқ,— деді де жүріп кетті Ермек.
Тілші қалмастан ере жүрді, мазалап келеді:
— Ӛзіңіз білесіз, біздікі жұмысшы газеті ғой...
— Жұмысшының жұмысшысы бар, Бәйтен, Жұмабай, Әкім, Ысқақ—
тӛртеуі тӛрт қилы. Кӛмірге боялып кұлақтар да жүр. Қателеспеу үшін,
ауыздан шыққанды жинай бермей, жұмыстың ӛзін білу керек, сіздерге.
Менің уақытыма қиянат жасамаңыз енді.
Тілші азар қалды. Қатты сӛзге қабағын да шытпастан, жүгіре басып,
жымыңдап барады...
Жан-жаққа тараған шым-шытырық жол. Оңды-солды, алды-артты
болжап болар емес: қалың бұлтты, қараңғы түн тәрізді. Аяқ астын ғана
кӛрсеткен шам, тек басты бірдемеге соғудан сақтайды. Ермек сонда да кең
кӛшемен келе жатқандай. Бір қуыстан бір қуысқа ӛз үйінше еркін енеді. Ұзап
кетті. Ешбір тіршілік сезілмейді. Кӛмірі алынған, жұмыс тоқтаған ӛңкей
мылқау үңгір. Қайсыбірінен ұзақ еңкейіп ӛтеді. Тосын адамды ол араға қоя
берсе, жол тауып шыққанша, жан тері шығар еді; Ермек бусанған да жоқ.
Совет шахтасы мен ағылшын шахтасының шекарасына жетті. Үш адам,
үш шам кӛрінеді. Бірі бас инженер Әшірбек. Орлов отырған қанды кесекте,
Орлов блокнотына үңіліп отыр. Екі бұрғышы сом қабырғаны жел бұғымен
кезек тесіп тұр.
— Былайырақ отырсаң болмай ма,— деді Ермек. Орлов ӛлігін осы
орында тапқан ӛзі еді. Қараңғыда қанды ӛлімге жалғыз кездескені есіне түсіп
кетті.— Әлі жеткізбей бара ма? Қалың екен ғой.
— Тақалдың, білем. Қазып, бұрғылап, жиырма тоғыз метр бойлаппыз...
— Аржағында кӛл түгіл теңіз жатса да он метр қалдырсақ бұза алмайды.
Сонда кӛлденеңі жиырма, ұзыны екі жүз отыз метр кӛмір біздің қолда емес
пе?
— Мен тіпті Орловтың айтқаны келе ме деймін,— деп күлімдейді
Әшірбек.— Ол бұрғысыз-ақ білген сияқты. Қабырға жұқарды. Су белгісі
кӛрінбейді.
212
Sauap.org
— Шынында білетін адам еді. Қызыл маман болмаған соң, мен оған
салқын қарадым, егер бұл болжауы келсе бишараның басына ескерткіш
орнату керек. Игі жолда ӛлді ғой.
Екеуі Орлов блокнотын жайып тастап, кеңесе берді. Бірі ғылымға, бірі
тәжірибеге сүйенген мамандар кӛмір дүниесінің жүйелерін іздеуде. Кен деген
шетінен салып ала беретін топырақ емес, толып жатқан есеп. Әшірбек қағаз
бетін қым-қуыт сызықтармен толтырыпты. Ермек әр сызықты жуан
саусақтарымен басып ӛтіп, сұрақ қойды:
— Ағашты аз жұмсау жағын ойладыңыз ба?
— Ойлағанмен амал таппадым.
— Егер кӛмірдің ӛзінен діңгек қалдырсақ қайтеді?
— Кӛмір діңгек ағаш діңгегінен қымбатқа түседі.
— Қарағандыда ағаштан кӛмір кӛп қой.
— Кӛп те болса, ағаштан қымбат.
Бірі жер үстіндегі, бірі жер астындағы байлықты үнемдеп отыр.
Ағылшын тұсында темір жол жоқ, ағаш кәзіргіден әлдеқайда зәру болатын.
Сол зәруді қолына түссе, жұмысшылар кӛмірден бұрын жағатын. Ермек енді
ӛндірістің ӛзіне үнемдеп жұмсағысы келеді. Әшірбек миллиардтаған тонна
кӛмірден діңгек қалдыруды ысырап кӛреді. Әрқайсысы ӛз пікірінде қалды.
Кейін тағы ойласпақ. Бірақ, бүгіннен бастап, бұл жерге темір жол келтіруге,
әуені күшейтуге, жә десті.
— Тесілді Тесілді!—деген бұрғышылардың дабыры естілді. Тӛртеуі
бірден бұрғы тесігіне үңілді. Су жоқ...
— Ал, Ермеке, шетінен кертіп ала бер!—деді Әшірбек. Қуаныш кернеп,
сарғылт беті қызара бӛрткен. Күдіс, үлкен мұрны жетпегендей, алқынып
аузынан алады демін.— Бұл енді дайындық жұмыстарын кеңейтуге
мүмкіндік берді.
— Щербаков сонда да алты жүзден аспас,— деп күлді Ермек.
— Біз ассақ мұртынан күлер. Басшылардың аяқты сақ басқаны жақсы.
Олар жығылса мертігеді. Біз жығылсақ ештеме етпейді.
Кӛңілдері кӛтеріңкі. Алыстағы забойларды басына кӛтере, әзілдесе
қайтты бұлар. Ермек уклонға жеткенде жеке кетті. Оқтай түзу, ұзын, биік,
кең Жолмен келеді. Қабырғаны, тӛбені қол саласындай қылып, жұмыр
ағаштармен шегендеп тастаған. Барған сайын құлдилап барады. Арт жақ—
ӛр, алдыңғы жақ—ылди. Жұмысшылар бұл жолды бірде «уклон», бірде «қара
ауыз» деп атайды. Жер. астындағы қым-қуыт кӛп қуыс, кӛп жолдар осынан
тараған, кӛмірін осында құяды, «Дайындық жұмыстары» жайындағы
таластардың да үлкен түйіні уклонда жатыр. Уклон неғұрлым ұзара берсе,
солғұрлым кӛмір қойнына қол еркін жеткен, жұмыстың аумағы, тармағы
молаймақ. Жарық дүние мен қараңғы дүниені байланыстырған бұл-үлкен
жолды Ермек бригадасы жасаған. Ӛзі жасаған ірі істің әр тіреуі жылы
ұшырады кӛзіне. Сонау тӛменде, ӛзі баулыған Әкімнің шамдары
жарқылдады, машина балғаның шапшаң дүрсілі естілді.
213
Sauap.org
Ермектің кӛңілі шарықтап келеді. Еш еңбек еңсені басса, жанған еңбек
жайнатпай ма жанды. Оның маңдайында қараңғыда жарқыраған шамнан,
кӛңіл шамы әлдеқайда жарық еді.
— Соқ, салпауызым!— деп жайраңдай келді. Жасы үлкен болса да,
жаны сүйген Әкім, Жанабілдермен құрдасындай ойнайды.
Әкімді машина балғаға да ӛзі үйретіп, балғасын беріп кеткен. Әкім қазір
сом қабырғаға балғасымен сүлікше қадалып тұр екен, артына қарады. Тер ме,
су ма, беті салтақ. Астыңғы ерні салбырап азырақ демігеді, Басында жез
қалпақ. Аяғында, үстінде су ӛтпейтін резинка киімдер. Омырауы ашық.
Аңғал тұрысы, үлкен денесі ертегінің, батырларын еске түсіреді.
— Ермеке, жақсы келдің,— деді ыржия күліп.— Су күшейіп барады.
Кәне, мастер болсаң тоқтатшы.
— Таусылған соң ӛзі тоқтайды. Тоқтамаса камерон сорып құртады.
Сорғалаған тамшы тӛбені езіп, құлатып тұр. Тіреушілер қайлашылардың
соңынан іле, қолма-қол тіреп жүр. Жертабан шылқылдаған батпақ. Су
молайып жайылмасын деп шұқыр қазған. Шұқырға жиылған суды қутайтпай
камерон дамыл-дамыл сорып алады. Қазылған кӛмір балшықтарды бір
жағынан вагонға тиеп, жӛнелтіп жатыр. Жұмыстың ауыры, қызуы осы арада.
Қайлашы, күрекші, тіреуші, жолшы:— екі адамнан одақтасқан. Камероншы
ғана жалғыз. Бәрі бір бригада. Осылардың бірі бӛгелсе, бәрін бӛгейді.
Сондықтан қалыспау бәсекесі ғана емес, жұмыс жағдайының, ӛзі бӛгелуге
мүмкіндік бермейді. Алты сағаттық сменада алты минут тұрыс жоқ бұларда.
Шаршадым деген де ешкім жоқ, уақыттың қалай ӛткенін білмей жатыр.
Сайдың тасындай ӛңкей жас, екпінді бригада. Алды былтыр, арты биыл
келген жаңа жұмысшылар — бұрынғы батырақ кедей, орташаның балалары.
Ермек сүйсіне қарап тұрды да:
— Жарайды комсомолдар!—деп .Әкімді иекке қақты.— Щербаков
сендерді қомсынғандай алты жүз берді. Партком мыңды ұсынады. Қайсысың
аласыңдар?
— Парткомның ұсынысын үстеуге бола ма?
— Әрине.
— Оңда .мың екі жүз метр кетеміз.
— Байқаңдар.
— А, ӛзің де қомсындың ба?—деді Әкім. Күлгенде. екі езуі екі құлағыңа
жетті. Коммунист ағайлардан ерекше бригада құр, жарысып кӛрейік...
— Коммунистер аз ғой. Жұмысшылардың, бәрі ауылдан келді. Партияға
енуге үлгіре алмай қалды. Партия есігі уақытша жабылып тұр. Аз
коммунисты жырып алып, бӛлектегенше, кептің, арасына таратқан пайдалы.
Ермектің кигені резинкасіз, жұқа, кенеп пиджак. Тамшы ӛте бастаған
соң кетуге қобалжып еді, Әкім қалжыңдады:
— Судан қорқайын дедің бе. Шахтаға түсуге ерінерсің, жиренерсің әлі.
— Сен, ӛмір бойы қайла шапсаң жаман комсомолсың. «Забойшы
машинаны» оқыдың ба?
214
Sauap.org
— Оқыдым. Бүгін әкеп сал. Үш күнде басқармасам бетке түкір.
Врубмашина Қарағандыға әзір келе қоймаса да. ол туралы «Труд» газеті
талай жазған. Кейінгі номерінде машинаның суретін басып, кең түсінік
беріпті. Ермектің, «Забойшы машинаны» оқыдың, ба?— деп тұрғаны сол.
— Онда комсомолсың!— деді де Әкімді енді оңаша алып шықты.—
Щербаков ӛмір етті, біздің шахтадан таңдама бес шахтерді Донбасс
тәжірибесін үйренуге жіберуіміз керек. Барамысың?
— Әуелі ескі қайлашылар барсын да.
— Жаңа техниканы жастар тез қабылдайды. Қайлада әсем кӛріндің
ертең машинада да кӛрін.
Үйден бұрын ұзап шықпаған Әкім, баланың сӛзін айтып тұр:
— Апам жібермейді ғой. Жұмыстан кештеу қайтсам да жаны шығып
кете жаздайды.
— О, шірік, шірік! Апаңның емшегін әлі күнге еметін шығарсың, сен
шірік.
— Жарайды, кӛндірем апамды, тағы кім барады?
— Толып жатыр.
Ермек бұдан әрі бӛгелмеді. Плитаға келеді.
Плита станция сияқты. Жер үстінен бос вагондар келіп, жер астынан
жүкті вагондар шығып жатыр. Бірің қабылдап, бірін жӛнелтіп, тәпелтек
Ильяда дамыл жоқ. Вагоншілер:
— Мені жібер, маған бер!— деп керілдесіп қалады. Әрқайсысы әкелген
кӛмірін бұрын ӛткізбек. Бұрынғыдай шабылған жер есеп емес, жер үстіне
шыққан вагонетка есеп. Тұс-тұстан кӛмір, балшық, басқа жабдық тиеген
атты, жаяу вагон айдаушылар бірі келіп, бірі кетіп, плита маңынан тарсыл,
дауыс үзілмей тұр...
— Неше вагонетка?—деді Ермек келісімен. Илья Жұмабайша мүдірмеді.
Сарт еткізді:
— Жүз жиырма бес.
— Бремсбергі қанша берді?
— Жетпіс тӛрт.
Екі вагонды тіркей айдаған дәу жігіт кимелей келіп, вагонын плитаға
ӛткізді. Ильяның:
— Ай, ай, тоқта!—дегенін тыңдаған жоқ. Жағасынан біреу шапылдап
ала түсті, оны да елеген жоқ. Екі жақтан ұрсып жатыр:
— Кереңбісің, ӛзің!?
— Баса кӛктеп Қайда барасың!?
— Десятник бӛгелме деген.
— Біздің де десятнигіміз бӛгелме деген!
Дәу жігіт дауласпады. Жұмысын бітіре сала кейін қайтты. Ермек оның
артынан сүйсіне қарап қапты:
— Қашан келген? Нағыз таусоғар ғой.
215
Sauap.org
— Бүгін екінші күн,— деді Илья. Әлі ұрсып жүр. Аз ақшаға жетік тілін
салып-салып алады.— Мұрындықсыз ӛгіз сияқты ӛзі, жара-бұза келеді.
Десятнигі тапсырса біреумізді мүйізіне іле кететін түрі бар.
— Командирдің бұйрығын орындағаны жақсы.
— Сонда солай орындай ма. Порожняк жетпей жатқанда ол тіпті
сұрамай әкетеді...
— Мехцех бүгін сегіз вагон береді. Порожняк әзірге жетіп қалар.
Илья кӛңілі демдегендей насыбайын атты. Шахта ішінде шылым тартуға
болмайды. Насыбайға үйренген. Шақшасын қалтасына сала бергенде екі
жігіт алақанын бірден жайды.
— Ей, насыбайларыңды маған қосып қойып па едіңдер! ?
— Ілеке, ащыны аямас болар.
Екеуіне екі атқызып жымыңдайды Илья. Қазақпен кӛп істескен ескі
шахтер. Қазақ қалжыңына да жетік:
Сіздің жақта ащы тегін жатса, біздікіне бір қап құрт әкеп тастай
салшы,— деп Ермекке кӛзін қысады.
Плита басына жұмысшылар тұс-тұстан келіп жатыр. Шахтаның шағын
кезінде Ермек бұлардың әрқайсысын атымен атайтын, жыға танитын, енді
бейтаныстар кӛбейген. Бірінен-бірін айырғысыз болып, бәрі бірыңғай кӛмір
күйесімен боялса да кӛп рулы қазақ, кӛп ұлтты совет елінің әр жерінен
келген адамдар екені кейбір сӛздерінен, мінездерінен байқалып қалады. Бәрін
байыпты кӛзінен ӛткізіп тұрып, бір толаста:
— Илья Григорьевич!—деді Ермек,— біз коммуниспіз, ескі шахтерміз.
Шахтаны жаңалар, жастар кернеп барады. Бір плитаның басындағы
қозғалысты басқару саған аз.
Илья мырс етіп басын шайқады. Тәпелтек, қунақы денесін құныстыра,
кӛгілдір кӛзінен күлкі шашыратты:
— Секретарь болған соң саған бәрі аз кӛрінеді. Жас кезімде бұдан
үлкенді басқарып па едім?
— Жауап емес! Ӛзің шар тартсаң да заманың жас. Жас заман егде бізге
үлкен міндет артады.
— Ал, деші, кәне.
— Бұл адамдардың дене қозғалысымен қоса, ой қозғалысын да басқар.
Жұмыс үстінде «олай емес, былай» деп бақыра бергенше, жұмыс алдында
ұғындырып, айтып қойғайсың. Күн сайын бір сағат техникалық сабақ оқы
оларға.
— Ермек-ай! Кәртайғанда Ильядан мұғалім шықпайды, аулақ. Инженер,
техниктер, донбасшылар оқытып жатқан жоқ па!
— Тәжірибең кӛп, Қарағанды жайын сен олардан жақсы білесің. Сӛзді
қой, ертеңнен бастап, күніне бір сағат әңгіме жасап отыр. Бұл парткомның
пікірі,— деді де Ермек уклонға түсіп алып, жоғары ӛрледі.
Әуелде бұл ӛзі ашқан шахта болса да, кейін ӛз жұмысымен болып,
араламайтын. Енді бәрін кӛрмек, бүлінген жерін түзетпек. Уклонға тіпті
216
Sauap.org
ұқыпты қарап келеді. Әрбіреу, әр шпал жітігі кӛздің сынына ұшырады. Ӛтіп
жатқан уставтардың дыбысын алыстан сезіп, ауық-ауық қабырғаға жабыса
қалады Ермек. Ӛр, қараңғы, қатерлі жолдың ұзындығы километрден артық.
Шаршайтын да, сескенетін де емес, бүгжең-бүгжең басады. Бір шам алдыңғы
жақтан жарқ етті. Тура қалды елең етіп. Қайтып жарқылдамай шам жоқ
болды. Аң-таң, не қылған шам.?! Адам жүрмейтін жолда не бітіріп жүр?
Әлде ;жол,;түзетушілердің бірі ме? Біле алмады.
Ол бағана «ауырып» қайтқан Әлібек еді. Қолында балға, жарты метрдей
қашау темір, шамын қалдалап-қойып тӛбені «егеу құйрықша» тесіп тұрған.
Сол тесікке дәрі тығып атып, екі дүниенің арасындағы жалғыз жолды кесіп
тастамақшы. Поезд келіп қалды. Жасқанып қабырғаға жабысқанда шамы
жарқ етті. Сонда Ермектің де шамын кӛрді. Жан жүрмейтін жолмен келе
жатқан жалғыз адамнан қатты сескенді. Әдейі соңыма түскен біреу ме деп,
шамын ӛшіре, тұра қашты. Уклоннан бұрыла ескі жолдың біріне; түскен.
Кӛзге түрткісіз қараңғыда тӛбеге соқты басын. Қырынан жығылғанда
қабырға жағын жыртып кетті. Жаман жығылды. Есеңгіреп аз жатты да тағы
жӛнелді. Із тастап жолдан жолға бұрыла қашып, ұзап алған соң шамын
жақты. Маңдайы шодырайып кӛгере қалған. Жақ терісі сыдырылып қанап
тұр. Жарасын жалаған иттей жағын, маңдайын дамыл-дамыл сипалап,
алақанына қарайды:
— Қап!— дейді күңірене. Ашу ма, әлсірегені ме, діріл бар даусында.—
Тамшыла-тамшыла! Тек, қан қанмен ұлассын тәңірім!
Қолдың қанын етегіне сүртіп тастап, басын таңып алды да жүріп кетті.
Ермек бұл жайдың бірін сезбеді. Одағай шамды ойлады ма, жер үстіне
шыққанда:
— Уклондағы кім?—деді сигналшыға.
— Білмеймін. Ешкім түскен жоқ.
Кетіп бара жатып, түсінбеген күйде басын бір шайқады Ермек.
Достарыңызбен бөлісу: |