Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
XX 
 
Түн.  Вокзал  басы.  Кӛпшілік.  Ақырғы  қоңырау  қағылды.  Мейрамның 
қолында  бір  шоқ  гүл,  ішке  енбей  вагон  есігінің  табалдырығында  тұр. 
Щербаков,  Қанабек,  Жұманияз,  Ермек,  Жанабілдер  қоштасып  болып  жерде 
тұр.  Ардақ  та  келген.  Қазақы  әдептілігін  сақтап,  ел  кӛзінше  Мейрамға 
жақындай алмаса да, әкелген гүлін ебін тауып тапсырған. 
— Электр  станциясында  жұмыс  күндіз-түні  тоқталмасын  —  деді 
Мейрам.  Поезд  қозғалды.  Қолындағы  гүлін  жоғары  кӛтере  бұлғап  барады. 
Ардақтың  да  қолында  дамыл  жоқ.  Күліп  тұрып,  кӛзінен  жас  ытып  кетті. 
Жанабіл келді қасына. 
— Елжіреуін.  Қомағайын.  Тоярсың.  Мешел  балаша  тапжылмай  отырар 
әлі қасыңда. 
— Тек жолы болғай-ақ. 
— Ойламасты ойлайды екенсің. 
— Кім біледі, шағым кӛп, үлкен кісілер нанып қала ма. 
— Шағымшылардық  алды мойны  астына  келе  құлады.  Арты  не бітірер 
дейсің. Біз осы бетте электр станциясына барамыз, жалғыз қайта аламысың? 
— Қой апарып таста. Неге барасыңдар түнде? 
— Мейрам  Алматыға  жеткенше  біз  станцияны  жүргізуіміз  керек. 
Бюрода ол «станция бітті» деп айтатын болсын. 
— Онда  барыңдар,  бар.  Қорықпаймын,—  деді  Ардақ.  Жалғыз  кетті. 
Вокзал  мен  «Загородный»  аталатын  жұмысшы  поселкасының  арасы  бір 
километрдей жер. Шамнан ұзап, қараңғы кӛшелерден ӛткенде елегзи-елегзи 
үйіне  жетті.  Әкесі  екі-үш  күннен  бері  бүк  түсіп  жатып  қалған.  Ауру-сауы 
белгісіз,  үндемейтін.  Қазір  есік  алдындағы  тақтай  орындықта  отыр  екен. 
Ардақ қуанып қалды. 
— Тұрдыңыз ба, кӛке? 
Жауап  қайтпады  Әлібектен.  Ӛзімен-ӛзі  болып,  күбір-күбір  сӛйледі. 
Мойнын соза, баспалап әлденеге қарайды. 
— Не тінтіп жүр!?— деп бұға қалады. 
Қаладан  шетірек,  биік  элеватордың  басында  күшті  прожектор  айнала 
жанып тұр. Жарығы бірнеше километрге кеткен. Жәй айналады. Сол жарық 
айналып  келіп,  дӛң  басындағы  қараңғы  поселкаға  түскенде,  бұға  қалады 
Әлібек. Ардақ күліп жіберді. 
— Кӛке, ол элеваторды қорғаған жарық болар. 
— Бұрын жоқ еді ғой!? 
— Орнатқан шығар. Күнде орнатып жатқан жоқ па? 
Әлібек  тиыштанғандай  болып,  үйге  енді.  Бірақ  кӛзінен,  демінен 
мазасыздық  байқалады.  Кішкентай,  ӛткір,  жылан  кӛзі  қанталап,  шатынаған. 
Қараса  ӛңменінен  ӛтеді.  Әлсін-әлсін  күрсінеді.  Пеште  жанған  кӛмір  шытыр 

246 
Sauap.org
 
етсе  де,  ыстық  плитаға  тамған  су  шыж  етсе  де,  еліре,  сескене  отыр.  Ұшып 
тұрып,  терезе  пердесін  қымтай  жапты.  Кӛңілі  кӛншімей  одеял  құрды  бер 
жағынан. Есіктің ілгегін салып келді. Әкесінің әдеттен тыс мінездерін Ардақ 
жаңа ғана байқады. 
— Кӛке, немене бүгін, қымтанып, бекіне бересіз? 
— Жәй, шырағым. Сақтық-тағы. 
Шай  жасалып,  дастарқан  басына  келген  кезде,  күрсініп  қойып  сӛз 
бастады әкесі: 
— Балам, ештеме сездің бе? 
— Жоқ, кӛке! Ол не? 
— Түсі суық бір адам ӛңімде де, түсімде де соңымнан қалмай қойды. 
— Кім ӛзі?! Не қыл дейді!? 
— Қайдан  білейін  кім  екенін. Сырттан торып  жүр. Шахтаға  түссем  ере 
түседі.  Қайтсам  ере  қайтады.  Жақындамай  ылғи  ізімді  бағады.  Білмегенсіп, 
мен де оны біліп алдым. Қайтер екен деп екі күннен бері жатыр едім, сонда 
да үйдің маңынан кетер емес. Киімін, түрін ӛзгертіп, олай-бұлай ӛтe береді. 
Есіктен, терезеден баспалап тыңдап кетеді. 
— Сонда неге ұстай алмайсыз? Ұры ғой. 
— Атып жіберсе қайтем! Тоқта! Әне, келді... Жалғыз емес. 
Ардақ  ұшып  тұрды  орнынан.  Буыны  дір-дір  етеді.  Ақ  шӛлмектей 
жүзінде  тіршілік  белгісі  —  ойнақшыған  қос  қара  кӛзі  ғана.  Сонда  да  есікті 
тырмысып басып тұр. Әлібек кроваттың астына сүңгіп кеткен. 
— Бас!  Жіберме!—деп  күбірлеп  жатыр.  Бірнеше  минуттар  ӛтті.  Ешбір 
дыбыс естілмейді. Тулаған жүректердің дүрсілі саябырлап келеді... 
— Кетті білем, кӛке? 
— Жоқ, тыңдап тұр. 
Ардақ  есікті  баса-баса  шаршады,  жалықты.  Қорқынышқа  да  бойы 
үйренсе  керек.  Есікті  күрекпен,  қайламен  тіреп  қойып,  оқиғаны  ежіктей 
бастады: 
— Осынымыз жәй бірдеме емес пе? 
— Құлағыңның  мүкісі  бар  ма  еді,  балам.  Бұл  жолы  екі  кісі  келді. 
Тықыры, сыбырлары естілді. 
— Онда неге кірмей кетеді? 
— Ақырын сӛйле, әлі кеткен жоқ. Бекінгенімізді біліп тұр. 
— Терезеден шығып... 
— Атама, шығармайды. 
Сабырлы,  қажырлы  әкесінің  мұнша  үрейленгенін  кӛрген  емес  баласы. 
Түсінен, мінезінен адам шошырлық. Танауы қусырылып, кӛзінен от шашады. 
Ауық-ауық  сандырақтағанда  ойды  әр  саққа  жүгіртетін  сӛздер  шығады 
аузынан... 
— ...Түсімде  ұйықтап  жатыр  екемін...  Шошып  ояндым.  Ояндым  десем 
ұйықтап жатыппын. Осы қазір ояумын ба мен? 

247 
Sauap.org
 
— Кӛке, не болды сізге! Ояусыз. 
— ...Орлов... уклон... авариялар... білмеймін: Бірін білмеймін... деп бетін 
баса,  ӛзінен-ӛзі  күбірлеп  сӛйлеп  отырды  да  ақырып  қалды  Әлібек.— 
Ырымбек  кӛйтіп  жатыр!  Зымиян!  Біліп  отырсың-ау,  бәрін.  Екеуің  жеттің 
түбіме!  Екі  бӛліп,  мынау  отқа  тықсам  ба!  Кәрі  шеңгелмен  қылғындыра 
қыссам ба! Айт шапшаң! 
— Кӛке-ай,  бүйтіп  тірі  қойғанша,  ӛлтірсең  ӛлтірші!  —  деді  Ардақ. 
Еңіреп  жіберді.  Салалы  жуан  саусақтар  бүйіше  жорғалап  омырауына  келді. 
Ұзын,  иір,  қара  дене  қоян  жұтатын  жыланша  зәр  шашып,  бүктетіле  тӛнді. 
Сонда  да  қорыққан  жоқ.  Қорқынышты  —  ызалы  қорлық  жеңді.—  Ӛлтір! 
Ӛшкен  екен  үмітім.  Бір-ақ  жұма  рақат  кӛрдім.  Түсім  бе  деп  сенбеуші  едім 
ӛзім де. Жарық дүние бәрібір, маған енді қараңғы!.. 
Сырттан дыбыстар естілді. Әлібек тӛсегіне барып жата қалды. Ардақ кӛз 
жасын сүртіп, есік ашты. Майпа мен Шекер бәйбіше енді. 
— Келші,  қарғам,  кӛрмегелі  бірсыпыра  уақыт  ӛтті.  Сағындым,—  деп 
құшағын жая, Ардақты бетінен сүйіп амандасты Шекер. Атжақты, мұрынды, 
денелі  әйел  еді.  Нұры  онша  таймаған,  байыпты  кӛзі  күлімдеп,  телміре 
қарайды Ардаққа. Ӛзімсінген кӛңілі әр сӛзінен байқалып тұр:— Қабағың неге 
сынық, қарғам? 
— Жәй, әншейін. 
— Кӛкең неғып жатыр? 
— Сырқаттау. 
— Мейрамжан Алматыға жүреді деген соң келіп едім кетіп қалыпты,— 
деді  Шекер.  Асығыс  екенін  алдын-ала  білдірсе  де,  асықпай  кең  отырып, 
белбеуін  шешті.  Қойнынан  бутылка  суырды.  —  Қолыма  қарар  деп  Мейрам 
екеуініңе  екі  бутылка  балқаймақ  әкелдім.  Біздің  уайымсыз  саса  ма 
Мейрамның  жүретінін  ол  кеше  естісе  де,  маған  бүгін  айтты.  Сонан  соң  бір 
атқа міне сала жортып кеттім. Осы түн ішінде қайтам. Жұмыс кӛп. Уайымсыз 
егісте, мен малдамын. Жас тӛл жас бала тәрізді ғой, оның үстіне қазна малы, 
кӛзден таса болса, ұйықтай алмаймын. Осы келгенде әлгі Маусымбай деген 
шалға  тапсырып  кеттім.  О  да  біздің  уайымсыздың  сыңыры.  Шалдардың 
әңгімесіне  құмар  едің,  Ардақ  жан,  келіп  қайтсаңшы.  Екеуінің  отырған  жері 
базар.  Ӛзен  болмаса  да,  қара  сулар  бар.  Биік  тау  болмаса  да,  жартас, 
бұйраттар бар. Жазы шыққан дала, тӛлдеген мал іші қандай қызық... 
Қарағандыға елден келген бетінде Жайлаубай Әлібекпен аз күн ауылдас 
болған да, жұмыс жағдайымен бӛлініп кеткен. Қазір «Кӛкпекті» совхозында 
істейді. Шекер совпадай келіп отыр. Ӛзіне ұнаған Ардақты Мейрамға қосуға 
құмар. Қоспай жатып-ақ сыртынан кемденіп, келініндей, не туған қызындай 
жақсы кӛреді. Ардақ бұл жолы онша үйіріле қоймады. Ӛңі сынық, тіпті жӛнді 
сӛйлескен де жоқ. Әкесінің әлегімен шай ішусіз қалған. Майпаға: 
— Шайды ысытып жібер, мен қазір келем,— деді де шығып кетті. Есік 
алдындағы  Шекердің  күрең  қасқасына  міне  сала  жортып  барады.  Қала 
кӛрмеген жас сәурік жалт беріп, атып кетіп, оқтын-оқтын осқыра үріксе де, 
атқа  үйренген  ауыл  қызының  тақымы  әлі  мықты.  Тізгінді  ширақ  ұстап, 

248 
Sauap.org
 
шылбырмен  шықпыртып  қояды  сәурікті.  Жарылған  жерлерден,  темір 
жолдардан  секіре-секіре  он  сегізінші  шахтаның  жанындағы  электр 
станциясына  келді.  Атын  байлап,  станцияның  есігінен  қарады.  Адам  кӛп, 
Қанабек,  Жұманияз,  Жанабіл,  Гительмандар  —  бәрі  осында.  Жуан 
бӛренелердің  басын  байлап  екі  мосы  құрған.  Екеуінің  үстінде  қабаттап 
салған екі арқалық. Арқалыққа екі тял асуы. Қос тялмен шаңырақтай шойын 
дӛңгелекті жұмысшылар саумалап кӛтерерде слесарь Лапшиннің зор дауысы 
естіледі: 
— Бір, екі, үш!.. 
Лапшин  команда  беріп  тұр.  Білек  сыбанулы.  Сарша  жүзі  күп-күрең, 
майдай  тершіген.  Жанабіл,  Жұманияздар  сырт  киімдерін  тастап,  жұмысқа 
кірісіп  кеткен.  Екеуі  жұмысшыларға  қосыла  екі  тялдың  шынжырын  ұстап 
қатып қалыпты. Анда-санда: 
— Кӛтер,  комсомолдар!—  деп  қояды  Жанабіл.  Кілең  жастардан 
құрылған  бригада.  Газогенератордың  ауырлығы  екі-үш  тонна,  махабигін 
білікке  кигізгелі  жатыр.  Командаға  ере  тегіс  күш  қосып,  ептеп  кӛтереді. 
Түсіп  кетсе,  адам  түгіл  цемент  полды  талқан  етеді.  Күш  қосылмаса,  біз 
бақпай тұрып алады. Осы дәу дӛңгелек бірер күнде кӛз үлестірмей зырламақ. 
Оны қозғайтын машина жерге белуарынан бата жатқан. Тұрқы тӛрден есікке 
жетеді.  Бүктесе  жатқан  бел  сияқты.  Бір  басында  динамо.  Динамодан 
білектей-білектей  резенке  түтіктер  тараған.  Электр  қуаты  бұл  түтіктерді 
бойлай  сұрыптау  аппартатына  түседі  де,  қабырғадағы  мрамор  тақтада 
түйіседі.  Тақтаның  беті  шыпырлаған  кнопка.  Электршілер  кнопка  арқылы 
токты қалаға тарату қамында жүр... 
Ардақ  бұрын  кӛрмеген  алып  машинаны  тамашалап  біраз  тұрды. 
«Жолдастар!  Станцияның  мына  күйге  ұшырауы  үлкен  қылмыс»  деп  қара 
маймен ақ стенаға жазылған ірі жазуға кӛзі түсті. Мейрамның қолы сияқты. 
Орап келтіретін әдемі «қ» қарпі айнымайды... 
Қателескен  жоқ  Ардақ.  Мейрам  қыстыкүні  боранда  Әшірбек  екеуі 
келгенде жазып кеткен. Сол күйінде, ұран есебінде тұрып қалыпты. Слесарь 
Лапшиннің мехцехтан уақытша бұнда ауысуы, фабзавуч жастарынан ерекше 
бригада  құрылуы,  түн  ішінде  басшы  қызметшілердің  осында  болуы  — 
қалалық партия комитетінің қаулысын орындау қамы еді. Мейрамның бүгін 
кетіп бара жатып қадағалауынан-ақ Ардақ бәріне түсінген. Қазір үлкен, қызу 
жұмыс  үстінде,  жат  адамдардың  кӛзінше  «аттан»  сала  келуге  ұялып  та, 
шыдауға  сабыры  жетпей  де  тұр  еді.  Жанабіл  бір  оқшауырақ  шыққанда 
сыбырлап, ымдап шақырды. Жүгіріп келді Жанабіл. 
— Немене, жай ма? 
— Жай емес. Кӛкем науқас. 
— Майпаны неге шақырмадың? 
— Майпа түгіл ӛзің қорқасың. 
— Не дейді? Жай науқас па? 
— Білмеймін. Денем түршікті, жүрші. 

249 
Sauap.org
 
Күрең қасқаға мінгесіп, екеуі қайта жорытты. Жанабіл артта маза бермей 
ежіктеп келеді... 
— Шалықтан аман ба, әйтеуір? 
— Жай шалық болса не қылсын. Сандырақтарының түрі жаман. 
— Не айтады? 
— Ырымбек, тағы бір суық сӛздер аузынан түспейді, Жауының бірі мен 
сияқты. 
— Онда бұныкі саяси науқас болмаса игі еді,— деді Жанабіл.— Күржік 
марқұмды конфискелегенімізде о да еліріп, жынданған. Осы кісі тәрізді бәрін 
ішіне жиятын. Ойлай-ойлай миы ашып кетсе керек. 
— Қайдан білейін. Мейрамға ескерткен едім. 
— Жылама, босама. Бес жасымнан әкесіз мен де ӛлгем жоқ. 
— Ақ ӛлім болса, арман не! 
— Қара ӛлім алса, сен қанша айыпты. «Әке үшін бала күймейді». 
— Күймесе де жұрт бетіне қарай алмас. 
— Қате, жолдас, қате! Жұрт сені әкеңнен әлдеқашан бӛліп тастаған. Ӛз 
қолың  ӛз  аузыңа  жетті.  Жеткізген  әке  емес.  Совет  мектебі,  совет  тәрбиесі. 
Ұмытпа. 
— Жаным, Жанабіл, шын айтшы, жұрт солай қарай ма? 
— Жұрт  басқаша  қараса,  Жанабіл  осылай  аяғын  салақтатып,  сенің 
артыңа мінгесе ме. 
— Уайымшыл  болғанша,  ӛжет  неге  болмадым!  Сен  ӛжеттігіңмен  бәрін 
жеңіп келесің. 
— Кӛпшіктеме,  жайдақ  мініп  үйренгем.  Боркемік  қыз  сендей  болса, 
ӛжет қыздан «құдай» сақтасын. 
Ардақты  есік  алдында  қалдырып,  Жанабіл  аттан  түспестен  дәрігерге 
шапты.  Ардақ  үйге  енгенде  Әлібектің  екі  қолы  артына  байлаулы  құтырған 
қасқырша аласұрып отырған. Жұмабай тағы бір-екі жұмысшы келіп қалыпты. 
Бірінде үн жоқ. Әлібек бәрін балағаттап болдырған. Ардақты кӛре сала қайта 
елірді: 
— Келдің  бе!  Хабарладың  ба!  Ішіңдер  жабылып  қанымды!  Қан  басқан 
дүниеден  қанға  тоймай кетермін!  Одер,  Лауара,  Дунай, Днепр,  Волга  тасып 
жатыр. Қан тасып жатыр... Балтық, Атлантика, Тынық мұхит толқып жатыр, 
қан толқып жатыр. Тым құрығанда сенің ғана бір қасық қаның бұйырмады. 
Жеттің түбіме. Енді менде дәрмен жоқ. Шеш қолымды. Тілім аузыма сыймай 
барады. Ақырғы минутте ӛз қолыммен қара суды сіміре бір жұтайын!.. 
Ардақ  әкесінің  алдына  үлкен  кесемен  су  әкеп  қойды.  Кӛз  жасы  тамып 
кетті кесеге. Кесенің қасына пышақ қойды. Енді қолын шеше бастағанда шу 
етті бәрі. Ешқайсысын тыңдаған жоқ, қолын босатты да: 
— Сүйгеніңізді ішіңіз,— деп сұлық тұрды алдында. 
Әлібек суды бас салды. Ішіп алып мең-зең болып отыр. 
Шаршады ма, есі енді ме, кім білсін, басын ұстап, тӛмен қарап кетті бір 
кезде. Отырғандар жым-жырт. Бақжия қарап қапты оған. 

250 
Sauap.org
 
Үш дәрігерді бірден ертіп Жанабіл енді. Әлібек: 
— Мен дайын. Жағаларыңның қызылын жасырма. 
— Біз дәрігерміз. Қызыл жаға болмайды бізде. 
— Ә, дәрігерміз? Аурумын ба, мен!? — деп Әлібек босаға аттады. Ардақ 
сілейіп тұрып, сылқ құлап кетті кроватына... 

251 
Sauap.org
 
 
ҮШІНШІ БӨЛІМ 
 

 
Айлар,  жылдар  ӛтті.  Шахталар  мүлде  ӛзгерді.  Шахта  ӛзгерісі  бүкіл 
Қарағандыны  ӛзгертті.  «Техника  бәрін  шешеді»  демейді  қазір,  «Кадр  бәрін 
шешеді»  дейді.  Техника  жасалды,  енді  соны  еркін  меңгеру  жарысы  кетіп 
барады.  Жаңа  техникадан  туған  стахановтық  қозғалыс  шеттегі  кішкентай 
шурфтарға,  дала  кезген  бұрғышы  партияларға  дейін  жайылды.  Бадия, 
атбарабан,  бу,  қайла  бір  кезде  Қарағандыны  қозғаушы  зор  күш  болса,  бұл 
кезде кертартушы күш есебінде қатардан шығуға айналды. Электр түсті алға. 
Кӛміршілердің  қолында  —  врубмашина,  электровоз,  электрлі  балға, 
конвейерлер ойнайды. Кулак мирасқоры Бейсек, Ырымбектер түгіл, олардың 
кӛсемсіген  Бухарин,  Троцкийлерінен  де  совет  топырағы  тазарған.  Жаңа 
техникаға  мінген  жаңа  қауымның  салтанатына,  шапшаң,  алғыр  қимылына 
жер жүзі таңырқай қараған шақ. Алайда, осы қауымның ішінде қиындықтар, 
тартыстар  біткен  жоқ-ты.  Қиындықтар  —  жаңа  техниканы  жете  пайдалану 
жолында, тартыстар— табыстан-табысқа жету жолында еді. 
Бұрынғы қолбұранды жалғыз ғана шахтаның орнына енді машиналанған 
жетпіс-сексен шахта бар. «Жаңа Қарағанды», «Кӛмірлі Қарағанды» деп, қала 
екіге бӛлінді. Жаңасына облыс орталығы орнады. Қаранұра, Шерубайнұрасы 
атанатын  екі  ӛзеннің  арасы  жетпіс-сексен  километр.  Ерте  күнде  Алтай-
қарпық  рулары  мекен  еткен  осы  екі  ӛзеннің  арасы  шахты,  шурфтармен 
түйісуге  жақындады.  Халық  кӛбейген  соң  —  су,  машина  кӛбейген  соң  — 
электр бірінші мәселе боп қайтадан тұрды алға. 
Осы  күндердің  бірінде,  жаңа  қалада,  үш  қабат  сұр  үйдің  екінші 
қабатындағы кең кабинетте Мейрам жалғыз жүр. Мақпал қара қою шашына 
некен-саяқ ақ енген. Қатыңқы денесі біраз етейіп, тұлғасы енді шымыр, кесек 
кӛрінеді. Жасы әлі отыздың ішінен шықпаса да, ой басып, ауыр жүр. Биязы 
ақ кенеп кителінің қыры сынбаған. Екі колы артында, қора жақтағы терезеге 
келіп, фонтанға қарады. Фонтан маңы еккен ағаш, гүл, электр фонарьлары... 
Алақандай  аумақ  суға,  шамға,  есімдіктерге  бӛленген  соң  жан  саясы  болып 
тұр... 
— Әр корпусқа осы керек!— деді Мейрам ішінен.— Су, электр байлығы 
болмай, қалада нағыз мәдениет байлығы болмайды. 
Антонина  Федоровна  енді.  Асығыс  енсе  де  кербез  жүрісінен  жаңылған 
жоқ,  сұңғақ,  балғын  денесі  қозғалған  сайын  еден  солқылдайды.  Бурыл 
тартқан самай шашын бүгін жоғары қайырып түйген. Сәл қызған, таза, толық 
ақшыл  жүзін  сол  шаштың  орны  ағарып  ажарландыра  түсіпті.  Беті  қазір  — 
сырты  қызыл,  ақ  бауыр  алма  сияқты.  Қайратты,  іскер  әйел  баласын 
жүргізетіндей, Мейрамның жол жабдықтарын қамдап жүр. Мейрам терезеге 
қарап қалған күйінде түр еді, папка әкеліп ұсынды. 

252 
Sauap.org
 
— Каргрэс материалдары. Машина дайын. Қашан қайтасыз? 
— Кешірек қайтармын. 
— Мен қай сағатқа келейін? 
— Бүгін келмей-ақ қойыңыз, демалыңыз. Түнгі он екіге Әшірбек келсін. 
Мені шықты деп Қанабекті хабарлаңызшы. 
Соны  айтты  да  Мейрам  бӛгелмей  шығып  кетті.  Тыста  домалақ  мұрын 
бала  жігіт  М-каның  есігін  аша  қарсы  алды.  Қалалық  советтің  алдына 
келгенде  Қанабек  мінді  машинаға.  Жалпақ  жонды  жоталай  жатқан  күрең 
жолдардың  біріне  түсіп  алып,  кӛмірлі  Қарағандыға  тартты.  Екі  қаланың 
арасы он екі километр. Тарам-тарам, шиыр құмайт жолдарды ерсілі-қарсылы 
ағылған жүк машиналары ойып тастаған окоп. М-ка еркін жүре алмай келеді. 
Мейрам  әзі  ұстады  рульді.  Мүлт  кетсе  ұстай  алуға  дайын  отырған  шофер, 
бастығы сасып қалғанда күліп қояды. 
— Қалада  қазір  жүздеген  машина  бар,—  деді  Мейрам.—  Жүздеген 
шофер  басшыларын  жетелеумен  жүр.  Жүздеген  үй  қызметшілері  бар,  олар 
хозяйкаларын  бағумен  жүр.  Ӛз  үйін  баға  алмаған  хозяйка,  ӛз  машинасын 
жүргізе  алмаған  басшы,  «мүгедек»  емес  пе?  Сол  «мүгедекті»  бағушылар 
ӛндіруші болса, ӛндіріс бұдан да алға кетер еді. 
— Шырақ,  сен  коммунизмге  тура  тарттың  ба,  қалай,—  деп  күлді 
Қанабек. 
— Коммунизм  бір  күнде  орнай  ма!  Бӛгеттерді  біртіндеп  жеңе  отырып 
жетеміз  де.  Руль  ұстауды  коммунизмге  қалдыру  —  «мүгедектіктен» 
жалқаулыққа жақын тұр. 
Кӛмірлі  Қарағандыға  енді.  Мейрам  рульді  шоферға  берді.  Жолдың 
окопы жиілеп, тереңдеп кетті. Жарықтан жүрген арбадай, машина күрс-күрс 
соғады. 
— Қалалық совет бұны да коммунизмге қаратып қойды ма екен? 
— Шымшыма, шырақ, шымшыма! Бәрін кӛмірге, құрылысқа саласың да, 
біреу  сүрініп  кетсе  де  қалалық  советке  жабасың.  Сендерге  елігіп  алып 
кемпірім  ӛлтіретін  болды.  Күл  жәшіктің  топсасы  шығып  кеткен  екен,  соны 
жасата  қоймадың  деп  нықыртты  бүгін!  О,  сұбықан  алла,  топсаға  дейін  мен 
жауапты! 
Қанабектің  сӛзіне  Мейрамның  шек-сілесі  қатты.  Бұрынғы  тегіс 
беткейлер ой түсіп кӛл тұрған. Қайсыбір кӛлдердің, ішінде үй тұр, адамдары 
кӛшіп кеткен. Жер астында машина кӛбейген соң тегіс жерлер ойылып, сусыз 
жерлерге  су  пайда  болыпты.  Құлаған,  құлатпай  тіреп  қойған  барактар 
кӛрінеді.  Кӛмірлі  Қарағанды  бір  жағынан  қауырт  жасалып  жатса,  екінші 
жағынан  біртіндеп,  ескілері  жойылып  та  жатыр.  Мейрам  әр  ӛзгерісті 
бұлжытпай  танып  келеді.  Темір  жолдардан  ӛтіп,  қаланың  солтүстік  шетіне 
шыққанда,  кӛмір  байыту  фабригінен  ұшқан  тозаң  машинаның  ішіне  ене 
бастады. Қара күлге шеннен батқан машинаның бұрқыратқаны аздай-ақ, жел 
тұрып, қара борандатқанда, шофер алдын кӛрмей тұра қалды... 

253 
Sauap.org
 
Қаладан  ұзаңқырап,  «Керала  ат»  беткейіне  кӛтерілгенде  Мейрам 
машинадан түсті. Үстін қағып сӛйлеп тұр: 
— Бұдан  былай  жұмысшы  поселкелерін,  социалистік  городоктерді 
ӛндірістен аулағырақ салармыз. Тәжірибе, соны айтады. Электр, су байлығы 
бұл  мақсатқа  тез  жеткізеді.  Мыналардың  тұлғасы  бӛлек  емес  пе!—  деп 
иегімен нұсқап қойды... 
Бел асқан телеграф бағаналарымен жарыстыра, біраз жұмысшылар темір 
бағана  орнатып  барады.  Орнатулары  ӛзгеше.  Тӛрт  темір  бағананы  мосыша 
құрып  бастарын  түйістіреді  де,  түптерін  цементтеп  бекітеді.  Борбайы 
бӛренедей  дәу  темір  «мосыға»  Мейрам  сүйсінсе  де,  Қанабек  таңырқамады. 
Шалбарына  дейін  шешіп,  сілкініп  алған  соң,  желге  қарсы  семізше  қарның 
кӛнтектеу ернін шошайта тәштиіп тұр. Сарғылт, шұбар, кӛсе, тәпелтек адам 
еді. Тұлғасы қандай қызық болса, сӛзі де сондай қызық. 
— «Ысқырығы  жер  жарады,  айдағаны  екі-ақ  ешкі».  Осынша 
шегендегенде артылатыны бір арқан,— деді столбаларға қарап тұрып. 
— Сол бір арқан Қарағандының күретамыры. Басқа не артпақ едіңіз? 
— Егер  мен  инженер  болсам,  Каргрэспен  екі  араға  жүк  таситын  әуе 
поезын қоса жасар едім. Мына мосылар жер-поезын де кӛтереді. 
Мейрам  ойланып  қалды.  Былтыр  Донбасқа  барғанда  вагонеткалар 
электрлы  арқанды  бойлап  аспанда  жүргенін  кӛрген,  енді  Каргрэс  пен 
Қарағандының  арасында,  сондай  аспанда  адамсыз,  құмырсқа  жолы  сияқты 
ерсілі-қарсылы ағылған вагонеткалар қозғалысы елестеп кетті... 
— Ал, ол желмен не тасымақпыз? 
— Бәрін  тасимыз.  Судың,  токтың  кені,  кӛмірі  іргесінде.  Кӛрерсің 
Каргрэстың маңына әлі талай завод opнайды. 
— Бұл болжауыңыз дұрыс,— деді де Мейрам кабинкеге отырды.— Сол 
кезде әуе жолын да ескерерміз. 
Самал  жел.  Тас  қайрақ  жол.  МК  сынапша  ағып  келеді.  Каргрэс  пен 
Қарағандының  арасы  отыз  бес  километр.  Бурый  жол  үстінде  жалғыз  үй 
Мұздыбай  ғана  отыратын.  Қазір  колхоз,  подхоз  бӛлімшелері  шашырап 
кеткен. Қай шаруашылық кімдікі екенін біліп болмайды. Бұйрат, салалардың 
сауы  жоқ:  жыртылған,  қазылған,  жеке  қоралар  орнап  қалған.  Мал,  трактор, 
машина ӛрбіп жүр. 
Мейрамның  Мұздыбайға  соға  кеткісі  келді.  Маңайы  кӛкпеңбек  жалғыз 
қораның  жанында  күйбеңдеген  ақ  бас  Мұздыбай  бұларға  күнсала  қарады. 
Кӛзін қызартып, белін бүкірейтіп, кәрілік желкесіне мықтап мініпті. Сонда да 
картоп  арасында  қылтанақтаған  арамшӛпті  жұлып  жүр  екен,  бір  уысы 
қолында тұр. 
— Бұл, қай балалар? Мейрамбысың!— деп үңіле түсті. 
— Иә, Мұздеке, Мейраммын. Қалайсыз, ден сау ма? 
— Қасқыр қойға шапқанда, кәрілік денсаулыққа шаппай ма! Алып соға 
алмаса да әр жерімнен жұлып-тартып, маза бермейді. 
— Сексеннің нешеуіндесіз? 

254 
Sauap.org
 
— Үшеуінде тұрмын. Үйге кіріңдер. Қолға түспей жүрген бала едің, кең 
сӛйлесейік. 
— Далаға отырсақ қайтеді? 
— О  да  болсын.  Дала  адамы  қалаға,  қала  адамы  далаға  әуес.  Әй, 
қайдасыңдар! Киіз, кӛрпе әкеліп сал. Тез, самауыр қойыңдар.... 
Мұздыбай басқаға сӛз берген жоқ. Бұйырып та, баяндап та жатыр. Ерте 
күннен  орыс  поселкелерінің  арасында  ӛскен.  Орыс  тіліне  судай.  Тӛмендеу 
атаның  баласы  еді.  Жуан  аталардан  зорлық  кӛре  берген  соң,  қазақтардан 
бӛлек  кеткен.  Бірақ,  үлкен  жолдың  үстінде  бекет  сияқты  болып  отырды. 
Орыс,  қазақ  жолаушылары  бір  соқпай  кете  алмайды.  Кӛлігі  шепке,  ӛзі  етке 
тоймаған қазақтар былай шыға, «орыс Мұздыбай, шоқынды Мұздыбай» деп 
кететін. Жүргіншінің бәрін риза қылуға Мұздыбайда шама жоқ. Кейде кӛңілі 
сүймегендерін  қондырмай,  қондырса  ақы  алып  жүрді.  Қазір  колхоз  мүшесі. 
Әлі  де  орыс  ішінде.  Біресе  орысша,  біресе  қазақша  сӛйлеп,  ӛткенді,  бүгінді 
біраз шолып алды да: 
— Мынау  қай  бала?—  деп  Қанабекке  жаңа  кӛңіл  бӛлді.  Ұзын  мойнын 
соза, шұқшия қарап қалған. Сахнадағы артисше құбылғыш әдетін қоймапты. 
Кӛзімен ішіп-жеп барады. 
— Ӛзіңізді  ӛкшелеп  жүрген  бала,—  деді  Мейрам.—  Аты  —  Қанабек. 
Қарағанды қаласының бастығы. 
— Ӛзіңдей кӛп оқыған ба? 
— Кӛп оқыған. Тройцкіде Зейнолла қазіреттен де сабақ алыпты. 
— А-а-а,—  деп  басын  шұлғыды  да  жым  бола  қалды  Мұздыбай. 
Үндеместен  орнынан  тұрды,  үйіне  барып  енді.  Мейрам  күлкі  қысып, 
жымыңдап отыр. Қолында дәу құран, Мұздыбай бір кезде қайта шықты. 
— Құрттың-ау, бала!— деді Қанабек. Мұздыбай келе құранды ұсынды. 
— Зейнолла  қазіреттің  махамына  салшы.  Мен  оқымаған  адам, 
оқығандардан бірдеме алып қалу керек. 
— Мұздыеке-ау, бала күнгі есте қала ма. Әлдеқашан ұмыт болған. 
— Бала  күнгі  қалмаса,  шал  күнгі  тіпті  қалмайды.  Алдыңа  келген 
адамдардың арызын ұмыта берсең не болғаны? Секретарьдың алдында жауап 
бер. Біз колхозда дармоедтерді осылай тергейміз... 
Мұздекең тұяқ жазар емес. Мейрам сілесі қатып, күліп жатыр. Қанабек 
қалай сӛйлесерін білмей отырып, құранды алды қолына. Әйтеуір бір шамаға 
соғар деп сыпырта жӛнелді. Әртүрлі мақам-сазға да салып қояды. Мұздекең 
ентелей түсіп ұйып қалыпты. 
— Болды,  болды!—  деп  Мұздыбай  құранды  қайтып  алды.—  Молодец! 
Аяқ  алысыңнан-ақ  таныдым.  Мен  құран  оқи  алмаймын.  Қазақша  ӛлең  де 
білмеймін. Ауыл кәдесін орыс ӛлеңімен айтып берейін... 
«Кари  глазкиді»  айтқанда,  ӛндіршегі  үңірейген  арық  шалдың  бұғағы 
ісіп, мойны жуандап сала берді. Тынысы тіпті ұзақ. Зор дауысы шатынайын 
деген,  бірақ  сыңғыры  әлі  бар.  Шырқап  биікке,  бәсеңдеп  тӛменге  кетеді. 

255 
Sauap.org
 
Алуан  ырғақ  сұлу  әннің  бір  жеріне  дақ  салмастан,  балқып  беріліп  отырып 
айтты... 
— Есіл дауыс іште кетті-ау,— деді Мейрам. 
— Иә,  іште  кетті.  Ол  кезде  басқа  түгіл  ӛзім  де  бағаламадым.  Жақсы 
келдің,  Мейрамжан,  бір  жасадым.  Әкең  марқұмның  еті  тірі  жігіт  еді.  Кәсіп 
іздеп олай-бұлай еткенде соқпай кетпейтін. «Әкең ӛлсе ӛлсін, әкеңді кӛрген 
ӛлмесін». Біздей шалдың тірі отырғаны да сенің бағың. Сұрап, біліп қал. 
— Талай жасқа келдіңіз, талайды кӛрдіңіз. Енді не кӛргіңіз келеді? 
— Соның бәрі бір күндей болған жоқ. Таусылмас үмітті тауысатын бір 
ғана нәрсе бар екен. Балам ӛлді, белім сынғандай шойырылып жаттым. Бірақ, 
баладан  үміт  кесілмеді.  Әйелім  ӛлді.  Үйдің  иесіз  қалғаны  —  дүние  иесіз 
қалғандай кӛрінді. Бірақ, әйелден үміт кесілмеді. Жан мұрын ұшына келе үш 
рет  ауырдым.  Тіршіліктен  үміт  кесілмеді.  Қабырғамды  қайыстыра  қайғы 
шіркін басқанда, үміт ылғи демей берді. Сол мойымас үмітті кәрілік құртты. 
«Жасарам» деп селт етпейді кӛңіл. Тереңге шым батып барам. Қайта шығар 
дәрмен бар ма! Дәрменсізден жаман бар ма! 
Мейрам блокнотын алып жазып қойды: 
«Тағдыр  менің  қолымда  болса  —  осындай  жақсы  шалдарды  жиырма 
беске қайта келтіріп, жиырма бестегі кейбір берекесіз жігіттерді сексен беске 
бір-ақ кӛтерер едім». 
Қонақтар қазан асуға қараған жоқ. Тез қайнаған шайды тез ішті де жүріп 
жетті.  Каргрэстің  биік  трубасы  кӛрінеді.  Әлі  түтінсіз.  Ӛзен  жағасында 
қыратта,  Самарқан  поселкесінен  шоқтығы  жоғары  тұратын  қызыл  тӛбелі 
тӛрт-бес ағаш үй, патшалы Ресейдің, бір мақтаны еді. Бес-алты болыс елдің 
ортасындағы  жалғыз  аурухана  болатын.  Қазір  Каргрэстің  табанында 
қалыпты.  Каргрэспен  тайталаса,  қабат-қабат  жилкомбинаттар  биіктеп 
барады.  Ӛзеннің  арғы  жиегіндегі,  «Қожыр»,  «Мырза  —  шоқы»,  «Жауыр» 
дал-дал. Күрс-күрс атып, тас бұзған адамдар жүр... 
Мейрам  атрапқа  тегіс  кӛз  жіберіп,  болып  жатқан  ӛзгерістерді  іштей 
толғана поселкеге енгенде: 
— Мынау  бір  ұқыпты  жігіт  екен,  а?—  деп  Қанабекке  бұрыла  қарады. 
Жаңа құрылыстармен қобыраған поселкенің ішінде үлкен алаң. Алаңға ағаш 
егіп тастапты. Жапырақтаған жас ағаш болашақ әсем бақшаны елестетіп тұр. 
— Иә,—  деді  Қанабек.—  Бұнда  біздің  поселкелік  советтің  де  кӛмегі  аз 
емес шығар... 
— Сіздің басқа жердегі советтер ол кӛмегін неге аяйды? 
— Істелмесе жазғырады. Істелсе — абыройын біреу алады. Ал, қойдық. 
Ыбраш бәрін істеген! 
Мейрам  мырс  етті.  Қанабекті  қағытып,  қалжыңдап  отыратын  әдеті. 
Оның  кейде  үлкен  басымен  балаша  бұртия  қалатын  немесе  үшкір  тілмен 
түйреп тастайтын мінездерін қызық кӛреді. Тағы бір түртті: 
— Ӛзара сынды сүйем дейтініңіз қайда? 
— Ӛзің біреуді сынасаң рақат-тағы. Біреу сені іреп жатса шыдарсың! 

256 
Sauap.org
 
Қанабекті  машинамен  поселкелік  советтің  алдына  қалдырып,  Мейрам 
жалғыз  жаяу  кетті.  Каргрэс  Қарағандының  бір  бӛлімшесі  болғанмен  кӛмір 
комбинатына  —  Щербаковқа  бағына  қоймайды.  Қарағандыға  тек  партия, 
совет жағынан бағынады. Сондықтан Мейрам мен Қанабек келіп отыр. Екеуі 
жаңа  құрылыспен  екі  жақтап  таныспақ.  Жұмыстың  үлкені,  қызуы  —  ойда, 
Нұра ӛзенінің арнасында. 
Мейрам  папкасын  қолтықтап,  ӛзенді  жағалай  елеусіз  келіп  тұрды. 
Арнада ойсаң қимылдар болып жатыр. Адамның, машинаның алуан түрі бар. 
Экскаватор,  трактор,  таптаушы,  жүк  машиналармен  қоса  күрек,  шот, 
қайлалар  да  шолтаңдайды.  Ақ  сақал,  қара  сақал,  жылмақ  ауыз  жігіттермен 
қоса, әйелдер де кӛрінеді. Ӛзен суын уақытша бӛгеп, арнасынан шығарған да, 
қолдан жасаған арнамен айналдырып әкеп, ескі арнаға қайта құйған. Жұмыс 
алаңы  құрғақ.  Арна  табанын  кең,  терең  орлап,  цементтеп  бітеп  тастапты. 
Енді  биіктетіп,  байлап  барады.  Бар  машина  жабылып,  терең  арнаның  кӛзін 
топырақпен  тығыздап  жүр.  Насыптың  енінен  тӛрт  машина  бірден  еткенде 
қысылмай  ӛтеді.  Бұлардан  сәл  бүйрегірек,  кілең  цемент,  темірмен 
айналысқан  біраз  жұмысшы  бар.  Қатарынан  бес  темір  қақпа  жасап  жатыр. 
Арғы жағада, қолында үлкен табақ қағаз, қираған жартасты орындық қылып, 
бір  жігіт  жеке  отыр.  Мейрам  жұмысты  аралай  отырып,  жақындағанда  жігіт 
қарсы жүрді... 
— А, Мейрам Омарович, жақсы келдіңіз. 
— Саумысың, Ыбраш. Менің әйелім «Жақаевичті» үйреткен жоқ әлі. 
— Үйретпесе де, орыста бұл құрмет белгісі екенін білесің. 
— Қазақта, әкенің, үлкеннің атын атау құрметсіздік екенін де білемін. 
Ыбраш  әзілге  шорқақтау  болатын,  бӛгеліп  қалды.  Жасынан  орысша 
оқыған,  әйелі  орыс,  бірбет,  қазақ  дәстүріне  тікбақайлау  жігіт.  Каргрэсті 
басқаруға Алматыдан келді. Совет мектебінен шыққан инженер. Мейраммен 
бұл  екінші  кездесу.  Бірі  папкасың  бірі  қолындағы  жоспарын  жайып  салып, 
жартас үстінде кең сӛйлесті. Сӛздерінен осы жартастай жоғары, осы алаптай 
кең ойлар байқалады... 
— Каргрэс  Қарағандыға  ток  байлығын  жасап  қана  тынбайды,—  дейді 
Ыбраш.— Кемі, екі жүз елу миллион кубометр су қорын жасамақ. Ол, тілдей 
Нұраға  қайдан  сыйсын.  Жетпіс  бес  шаршы  километр  аумағы  болады.  Су 
кейін  теуіп,  он  бес-жиырма  километрге,  аудан  орталығы  Токаревканың 
түбіне  дейін  кетеді.  Сондықтан  «Жіңішке  жол»  колхозын,  бұрынғы  Бек, 
Оразбек  ауылдарының  қалдығын  кӛшіріп,  орындарын  ӛртеуге,  дәрілеуге 
кірістік.  Маңайым  толған  колхоз,  подхоз.  Бәрі  ток,  су  дәметеді.  Әзірге  тым 
болмағанда, үш-тӛрт мың гектар егістерін суарып берсек. 
— Қарағанды  тоймай,  суға  мырзалықты  қоя  тұрсақ,—  деп  еді  Мейрам, 
Ыбраш ӛз пікірін қуаттай түсті: 
— Қарағандыға бассейннен бір тамшы су берілмейді. Нұраның астыңғы 
кӛзіне жеттік. Әне, екі жерден күшті насос орнатылды. Сол насостар енді жер 
астындағы  бассейнді  тартады.  Қарағандының  ішуіне  ол  су  жетіп  бағады... 
Жер үстіндегі бассейн станцияның ӛз қазнасы. Колхоз, подхоздарға станция 

257 
Sauap.org
 
пайдаланған  суды  ғана  береміз.  Пайдаланылған  буды  да  босқа  жібермей, 
жилкомбинаттардың  батареяларын  жылыту  керек.  Бұдан,  жүздеген  тонна 
кӛмір жанға қалады... 
Каргрэстің  келешегін,  бұл  күндерде  оның  алдына  қойылмаған 
міндеттерді  қамти  сӛйлеп  отыр  Ыбраш.  Алысты  ораған  ӛз  ойын  батыл 
айтады.  Басқалар  не  дер,  ұнай  ма,  ұнамай  ма  деген  қауіп,  жасқану  жоқ. 
Станция  қожасы  бір  ӛзі  сияқты.  Шешек  шыққан  шұбар  жүзі,  қара  кӛзі  тым 
уытты. Ойын қорғап, салғыласуға тайынар емес. Сӛзінің кӛбі кеңесуден гӛрі 
«осылай  болады,  осылай  істеймінге»  тірелсе  де,  Мейрамның  қытығына 
тимеді. Үнсіз ұзақ тыңдап отырып, жайраң қайырды жауапты: 
— Алты  ай  жаз  жібергенде  жаңбырлығын  жаппайтын  жылан  қабырға 
жылқылар  болады  екен.  Бар  мүмкіндікті  пайдалана  білмей,  бәрін  жоққа 
жабатын  жылауық  басшылар  да  бар.  Біздің  кейбір  шаруашылық 
қызметшілердің басты кемшілігі — ӛз ісінің қожасы екенін әлі сезіне алмай 
келді.  Баяғы  жалшылық  мінездерден  арылмаған.  Кейде  кӛз  алдағыш,  кейде 
жасқаншақ, кейде тіпті дәретхана жасауға да директив күтеді. Кӛңіл патшасы 
— социалистік сана болу керек. Мен инженер емеспін. Пікірің бірақ ұнады. 
Әнеугі әңгімеде «Арқаның мол желін пайдаланар ма еді» деген едің. Қандай 
әдемі қиял! Жазып берші бәрін. Зерттейік. Мүмкін бюрода қарармыз. 
— Құп!— деді Ыбраш. Екеуі жартастан түсіп келе жатты.— Мына темір 
қақпалар  —  шлюз.  Қардың,  жаңбырдың  суы  қосылған  кезде  бассейн 
плотинаны  бұзуы,  не  қалаға  жайылуы  мүмкін.  Сонда  қақпаларды  ашып, 
арнасына түсіреміз. 
— Не жетпейді? Қандай кӛмек керек? 
— Бәрі жеткілікті. 
— Бұл сӛзді бірінші рет естуім. 
— Бұған қарап мүлтіксіз екен деп қалма. Ешбір жұмыс жоспар бойынша 
бола қалмайды. Болдырамыз бірақ. 
— Қашан бересіздер эксплуатацияға? 
— Белгіленген мерзімде. 
— «Бесжылдықты» тӛрт жылда орындап келеді ғой жұрт. 
Ыбраш жымиып күлді де, Мейрамға қарап басын шайқады. 
— Шұқылай-шұқылай  еріксіз  айтқыздық-ау.  Сроктен  үш  ай  бұрын 
берелік деген ішкі сертіміз бар. 
— Тӛрт ай бұрын берілсе тым жақсы. 
— Тырбанып кӛрерміз. Әзірге үш айды берік ұста. 
Ӛзен қабағында еңбек ӛнімін кӛрсететін үлкен тақта. 
Тақтадан  жоғары,  керілген  ұзын  қызыл  матада  «Социалистік  жарыс 
ӛрши  берсін!»  деген  ірі  ақ  жазу  тұр.  Мейрам  тақтадан  екі  адамның  үздік 
еңбегін кӛрді. Бірі тӛрт, бірі бес есе орындаған. 
— Бұл екеуі қайсы? 
— Әне, бірі. 

258 
Sauap.org
 
Сыпырғышының  ені  метрден  артық,  ауыр  топырақты  кӛбік  қарша 
ысырады, кӛптің ішінде нардай боп, мосқал кісі насыпь жайып жүр. Мейрам 
тани кетті. Қасына келіп: 
— Іске  сәт,  Жетеке!  Сіз  темір  жолда  істейтін  едіңіз  ғой?—  дегенде,  ол 
түйеше маңқия қарады. Әлден уақытта тіл қатты: 
— Ұмытып қалыппын? 
— Ана  жылы  боранда,  далада  кездескеміз...  Менің  атым  —  Мейрам. 
Сіздің  атыңыз  Жетпісбай  емес  пе?  «Әкемнің  жетпіс  жасында  тудым» 
дегенсіз. Жиырма бес жасында тусаңыз не болар еді! 
— А,  Мейрамбысың,  шырақ.  Сыртыңнан  қанықпын.  Әкейдей  болу 
қайда!..  Құдыққа  түскен  жылқьшы  жалғыз  суырып  тастайтын.  Екі-үш  жүз 
жылқыға қауға тартқанда, маңдайы тершімейтін. 
— Ӛзіңізді де онша қомсынбаңыз. 
— Мынаның  уыстап  бергенін  азар  таусамыз.  Немене!—  деп  Жетпісбай 
экскаваторға нұсқады. Тӛрт норма орындалса да азсынып тұр. 
— Машинамен бәсекесіз бе? Оның бір уысы бір тонна. 
— Дегенмен күш қайтса керек. Анау жігіт асып кетті, менен. 
Бес  норма  орындаған  жігітті  Жетпісбайдан  да  зор  шығар  деп  еді 
Мейрам,  тіпті  шағын  екен.  Бірақ,  құрыш  кесек.  Нұра  табанын  қазғанда 
алдына  жан  салмапты.  Қазір  о  да  ӛзеннің  арғы  жиегінен  бері  қарай  насыпь 
жайып келеді... 
— Бұл  екеуі  олай-бұлай  машинадан  кем  істемейді,—  деді  Ыбраш,— 
Сыртқы  елдер  мұндай  күшті  «Мажино»,  «Зигфрид»,  «Маннергейм» 
бекіністеріне жұмсап жатыр. Біздің бекінісіміз осы. 
— Олар  бекініп  қана  жатқан  жоқ,  бейбіт  дүниені  бүлдіргелі  жатыр. 
Испания,  Абиссиния,  Хасан  кӛлі  оқиғалары  болашақ  үлкен  соғыстың 
ұшқыны ғана. Гитлер билеген Германия үп етсе, лап бергелі тұр. Сондықтан, 
сіздерге бұл бекіністі тезірек бітіру керек. 
— Сол  Гитлер  деген  неме  қайдан  шыққан  ӛзі!—  деп  Жетпісбай 
тыжырынып  қойды.—  Соқтықса  соқтығып  тынсыншы.  Бәріміздің  де 
шешеміз босанғанда май ішкен шығар! 
Аңқау,  алқам-салқам  Жетпісбай  шетел  хабарына  құлақ  түре  жүріпті. 
Жұмысын  ғана  емес,  дұшпанын  да  білген.  Мейрам  оның  рекордынан  гӛрі 
осынысына қаттырақ сүйсінді. Жұмысшылармен әңгімелесіп, былай шыққан 
соң сүйсінгенін білдіріп келеді: 
— Жетпісбайлардың  қара  күшінен  сана  күші  басым.  Сана  бір  тау  — 
самолет басынан аса алмайды, зеңбірек бұза алмайды... 
Екеуінің ендігі әңгімесі халықаралық жағдай еді. Қанабек те келіп жетті. 
Қасында Гительман. Машинадан түспей жатып кірісті сӛзге: 
— Гительманнан  оңдыны  кӛргем  жоқ.  Каргрэсті  лезде  қалаға 
айналдырып барады... 
— Мейрам Омарович сонда да ұрсады,— деп күле келді Гительман. Бір 
кезде оның омырауындағы  «Қазақстан  орталық  атқару  комитетінің  мүшесі» 

259 
Sauap.org
 
деген  значок  Мейрамның  омырауына  «Депутат  КазССР»  боп  тағылған. 
Үлкен  Қарағанды  құрылысын  басқаратын  Гительман  кіші  Каргрэске 
ауысқан. Қазір асқақ мінездерінің бірі жоқ. Тіпті кішіпейіл. Сӛзге бай болса 
да,  сараң  сӛйлеп  «ісімді  кӛрдің  ғой,  айта  түс»  дегендей  Қанабекке  қарай 
береді.  Ыбраш  Қанабекке  қосыла  мақтады.  Мейрам  бұл  жолы  жылы  жүз 
кӛрсетті: 
— Қолыңыз  аузыңызға  тым  бейім  тұратын.  Істен  сӛзіңіз  кӛбірек 
болатын, сонсоң ұрсатынбыз. Енді күле сӛйлесеміз. 
— Мейрам  Омарович,  оның  бәрін  тастадым.  Таң  қараңғысынан  тұрып, 
түн қараңғысында қайтамын. Әйтпесе аз уақытта алты жилкомбинат біте ме? 
— Алтау анық бітті ме? 
— Жетіншіні дендеп қалдық!.. 
— Пәтеріңіз неше бӛлме? 
Гительман  сақ-сақ  күлді.  Қарағанды  жаңа  қоныс  болып  жатқан  кезде 
алдымен ӛзіне алты бӛлмелі үй салдырғаны, Мейрам оның тӛрт бӛлмесін екі 
инженерге еріксіз әпергені есіне түсіп тұр. 
— Кӛріңіз,  шай  ішіп  кетіңіз.  Бір-ақ  бӛлмеде  отырмын.  Оның  ӛзі 
колхоздікі. 
— Рақмет. Пәтердің тым тары да жақсы емес. Бұны да ескеріңіз. 
Тӛртеуі әңгімелесе жүріп, станцияның машина бӛлімдерін, жер астынан 
су  тартатын  жаңа  насосты,  жаңа  бақшаны  аралады.  Моншаны  да  кӛріп 
шықты.  Содан  кейін  столовойдан  тамақтанып  жүріп  кетті  Мейрам.  Кӛңілі 
кӛтеріңкі.  Тура  қайтпай  Нұраны  бойлап  келеді.  «Қожыр»  тауын  кесіп  ӛтіп, 
«Жалғызтӛбеге» қарай шыққанда: 
— Қанеке!— деді дауыстап. Қанабек қалғып кеткен. 
— Ah!—  деп  ашып  алды  кӛзін.  Бағанадан  ауыз  жаппап  еді,  шаршаса 
керек. Есінеп берекесі кетіп келеді. 
— Ыбраштың картасымен таныстым. Мына «Қожырды» үш жағынан су 
қоршап,  бір  беті  ғана  ашық  қалады.  Анау  «Жалғызтӛбе»  судың  ортасында 
тӛбесі қылтиып тұрады. Керемет емес пе! 
— Бұл теңізді биыл кӛре аламыз ба? 
— Әбден. 
— Қар суы кетіп қалды ғой? 
— Нұра суының ӛзі жетеді. 
— Нұраны жібермей қойса, тӛменгі ел не күн кӛреді? 
— Кӛп  болса  бір  ай,  екі  ай  жібермес.  Қор  жасап  алған  соң  бұрынғы 
қалпына барады. 
Алдарынан  түтін,  ескі  қоралар  кӛрінді.  Бірен-саран  адамдар  жүр.  Ел 
отырған  ескі  орынды  ӛртеп,  дәрілеп,  болашақ  үлкен  арнаны  дайындап  жүр. 
Ұзыны  жиырма  бес-отыз,  кӛлденеңі  тӛрт-бес  километр  созылған,  ӛзен 
бойындағы  кең  алқап  —  Тельман  ауданы  колхоздарының,  Қарағанды 
подхоздарының  егінжайы.  Бұл  алқапқа  тек  овощь  егіледі.  Ыбраштың  ойы 
осы  егістерді  суармақ.  Осы  колхоздарды  электрлендірмек.  Мейрам  бұрыла 

260 
Sauap.org
 
жүргенде сол ойды кӛре кетпек еді. Қара топырақты, құйқалы Нұра жағасы 
алуан-алуан  балдыр  егіндермен  бұйраланып  жатыр.  Кӛз  ұшындағы  сонау 
Ботақара  шоқысына,  мына  жағы  Жауыр,  Ошағандыға  дейін  созылған  тұтас, 
қою, алқаракӛк, бұйраға сұғына қарап келе жатып: 
— Ыбраш  ақылды  жігіт!—  деді  Мейрам.—  Су  электр  жайылғанда 
жаннат  болады  да  бұл  жерлер.  Абай:  «дәмі  қайтпас  тәтті  бар  ма!»  депті. 
Еңбек  жемісінің  дәмі  қайта  ма?  Оған,  сірә,  тоя  ма  адам?  Бір  кезде  қайланы 
қалай  ұстауды  үйреттік.  «Герберт»  құдығынан  ӛңештей  түтіктермен  су 
тартқанға,  шахтыдан  шелектеп  кӛмір  тартқанға  қуандық.  Техникадан  түк 
білмейтін  Бейсек,  ЬІрымбектер  үлкен  оқымысты  саналып  жүрді.  Бұл  күнде 
біздің  Ыбраштар  асау  ӛзенді  ноқталап,  «жынды  желді»  бағындырғалы  жүр. 
Әшірбектер  бай,  жаңа  техниканың  ӛзін  байыта,  жаңарта  түсу  қамында. 
Қандай  ұлы  ӛзгерістер!..  Институт  бітіру  аздық  қылады  қазір.  Ғалым  болу 
керек...— дегенде, Қанабек ыңыранып қойды: 
— Сендер боларсыңдар-ау! Кӛк шолақпен тӛпеңдеп біз қай жерде қалар 
екенбіз... 
Тымық 
кеш. 
Жұпар 
иіс 
дала. 
Жайылған 
колхоз, 
подхоз 
шаруашылықтарын  қақ  жарып  отырып  темір  жолға  жеткенде,  Қарағандыға 
кілт бұрылды бұлар. Енді ерсілі-қарсылы ағылған поезд, машина, салт атты, 
арбалы  адамдар.  Бәрі  Қарағандыдан  келеді,  Қарағандыға  барады.  Аспан 
етегіне  шӛккен  шонжар  бұлт  тәрізді  ұзын  белдердің  бетінде  Қарағанды 
жатыр қарауытып. Қараңғы түсе шыпырлаған жұлдыз болып кетті... 
— Аспан да, жер де жұлдыз. Қандай әдемі!— деді Мейрам. Кӛз байлана 
қалаға  еніп;  Қанабекті  үйіне  қалдырды.  Айналасы  кӛк  шарбақ,  ішіне  ағаш 
еккен,  бір  қабат  оңаша  үйге  келгенде  ӛзі  түсті  машинадан.  Ардақ  есік 
алдында гитар тартып отыр екен. Қасындағы кекілі жалбыраған еркек баланы 
жетелей алдынан шықты жайраңдап... 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет