Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

 
VII 

163 
Sauap.org
 
 
Түн. Горком. Секретарьдің кабинеті. Мейрам қатты орындықта тік отыр. 
Алдында  жаюлы  кӛк  папкеде  ӛндіріс  орындарынан  түскен  мәліметтер.  Әр 
қағаз  әртүрлі  хабар  келіп  жатыр.  Бірін  сыдыра  оқып,  біріне  түйіле  қарап 
қалды. Оңаша, тиыш бӛлмеде отырса да, баста дамыл аз. Қағаз арқылы алуан 
адамдармен сӛйлесіп, шытынады, жымияды, біресе ойға кетеді. Суық қарып 
күреңіткен  ақсұр  жүзінен,  мӛлдір,  байсалды,  үлкендеу  қоңыр  кӛзінен  бәрі 
кӛрініп  тұр.  Оқтын-оқтын  сағатына  қарайды.  Жұмыс  сағатқа  бӛлінген.  Оң 
жағындағы  ашық  блокнотта  үш  жол  қызыл  жазу  бар:  «түнгі  он  бірге  — 
Щербаков, он екіге — Гительман, бірге — Қанабек келсін» депті. 
Он  бірге  он  бес  минут  қалғанда  папкені  жауып  жүре  бастады.  Бойын 
ғана емес, ойын да сергітіп жүр. Радионы ақырындау сӛйлетіп қойып, музыка 
тыңдады... 
Қарауыта, деміге кірген Сергей Петрович сырт киімін іліп, саусақтарын 
сыртылдатып  болғанша,  Мейрам  орнына  отырған  жоқ.  Аяғын  баяу  басып, 
салқын  ӛңмен  келіп  отырды  орнына.  Сергей  Петрович  әдеттен  тыс  бұл 
мінезге түсіне алмады: 
— Ӛңің неге сынық, жай ма? 
— Жәй емес, боран мені де бұзып кетті. 
— Иә, боран осал жерімізді дәл тапты. 
— Баяулап,  салақсып  бара  жатқан  сияқтымыз.  Осы  жайды  кең  отырып 
бір кеңесейікші. 
— Айта беріңіз, асқындырмай айтқан қандай жақсы. 
— Тӛртінші шахта екі сутка тоқтады ғой. 
— Екі  жұма,  бәлки  екі  ай  тоқтар  еді,  жұмысшылар  ерекше  ерлік 
кӛрсеткен жоқ па? 
— Сол  ерлік  бүлінгең  істің  үстінде  кӛріңгенше:  жаңадан  жасау  үстінде 
кӛрінсе,—  деді  Мейрам.  Әнтек  шытынып  қойды.—  Донбасқа  үйренген 
жұмысшылар  жергілікті  ауа  райын  ескермегендіктен,  трубаларды  жылы 
орамаған. Оны сіз басқарған трест қабылдаған уақытта кӛрмеген. Бұл арада 
білмегендіктен кӛрі жауапсыздық басым. 
— Рас, бұл инженердің кінәсі. Ол инженерге бір шара қолданармыз. 
— Шахтаның  тоқтауына  ең  басты  себеп  —  шахта  бастығын  тауып 
қоймағансыз.  Сейтқалы  жақсы  жолдасым  болса  да,  айтпадым  ба,  сонда? 
Кӛмектесеміз  дегеніңіз  қайда?  Жоғарылатып  алып,  оны  енді  тӛмендетуге 
тура келеді. 
— Тӛмендету асығыс болар,— деп Сергей Петрович басын шайқады.— 
Қазақтан  жалғыз  ғана  шахта  бастығы  ғой.  Әлі  де  байқайық,  адамның  бір 
кемшілігін кӛріп түңілмейік. 
— Кейінгі  үш  айда  77  авария  болды.  Осыған  шыдай  береміз  бе? 
Болдырмау керек. Ал, болдырмау басқарушы адамға байланысты. 

164 
Sauap.org
 
Сергей  Петрович  қоңыр  жүзі  қызара  үнсіз  күлді.  «Жастыққа  тән 
албырттық-ау, бәрін қолма-қол жасағысы келеді» деп күлген тәрізді. Ол ойын 
тасалай тұрып жуып-шая бастады. 
— Ӛндірісіміз,  кадрлеріміз  жас,  тәжірибеміз  әлі  аз.  Тойпаңсу,  сүріну 
кӛп.  Бірақ  істеп  тастағанымыз  одан  да  кӛп.  Екеуміз  келгенде  бір  ғана 
шұқанақ шахта бар-ды. Қазір отыз бір. Кӛмірді шелектеп шығарып едік, енді 
вагонеткалап  шығарып  жатырмыз.  Сондағы  бұзылған  бес-алты  барак,  бүгін 
міне  кәдімгі  қалаға  айналды.  Сондағы  жалғыз  трубаның  маңына  талай 
трубалар  кӛтерілді.  Ешқандай  кемшілік  бұл  табыстарды  бүркей  алмайды, 
Мейрам Омарович. Соның бәрін Сейтқалылармен жасадық. 
— Жасарын  жасап  болғандар  артына  кӛбірек  қарайды.  Жасап 
болмағандар  алдына  кӛбірек  қарайды,—  ден  қалжыңдады  Мейрам.—  Біз 
«жасап болдық» дей аламыз ба? «Болды» дегеніміз болашақтың бір ұшқыны 
ғана емес пе? 
— Әрине,—  деді  де,  Сергей  Петрович  жымың  етті.—  Артына  қарағыш 
кәріге де, алдына қарағыш жасқа да — алды-артыңа бірдей қара дер едім мен. 
Екеуінің әңгімесінен жарасымды әзілдер жарқылдайды. Бірі қартаң, бірі 
жас болса да, жаны құрбы адамдар екені кӛрініп тұр. Кейде қатты сӛзге келіп 
қалып, қайта келеді қалыптарына. Мейрам батыра, сынай сӛйлеп отыр: 
—...Трестің  кадр  бӛлімі  не  істейді?  Әлі  күнге  электр  курстерін 
ұйымдастырып  болған  жоқ.  Инженер-механизатор,  инженер  кӛміршілеріңіз 
не  істеп  отыр?  Қарағанды  пластасына  қандай  машиналар  керек?  Шахталар 
алдағы  үлкен  үлкен  жоспарды  орындау  үшін  қандай  дайындықтар  керек? 
Азық-түлік  қоры  не  күйде?  Жұмысшылар  неге  ауыса  береді?  Осы 
мәселелерді қамти бюроға толық баяндама жасаңыз? 
— Дұрыс-ақ! Жасаймын. Бәрі кезінде айтылып, кезінде қойылып отыр. 
— Сізде жақсы ниеттен туған жарамсыз бір мінез бар: қазақты талғамай 
сүйесіз. Қоймай жүріп Сейтқалыны жоғарылаттыңыз. Қоймай жүріп Бейсек, 
Ырымбек, Махметтерді жауапты қызметтерге алдыңыз. Есіңізде болсын, мен 
бұлардың  бірінің  іскерлігіне,  бірінің  саяси  бағытына  күмәндімін.  Заман 
тұлғасы  олар  емес  қазір.  Фабрика-завод  мектебінде  тӛрт  жүзге  жуық  қазақ 
баласы оқып жүр. Қарағанды техникумы бірер жылда екі жүз техник береді. 
Москва,  Ленинград,  Днепропетровск  ондаған  қазақ  инженерлерін  даярлап 
жатыр. Міне, заман тұлғасы, ӛндіріс тұлғасы осылар. 
— Айта  түсіңіз,—  деп  Сергей  Петрович  трубкасын  бір  сорып  қойды. 
Бұған  дейін  баласындай  болып  келген  Мейрам  секретарьлығын  жаңа 
сездірген тәрізді. 
— Мен айтып болдым, енді сіз айтыңыз. 
— Менікі  жарамсыз  мінез  болғанда,  сіздікі  жарамды  мінез  екен,  дұрыс 
айттыңыз.  Асқынбай  тұрғанда  ұғынысқан  жақсы.  Осы  Ырымбек,  Бейсек 
жайында күмәндана бересіз, жаңа материалдарыңыз бар ма? 
— Жоқ. 

165 
Sauap.org
 
— Онда  қудалай  беріп  керегі  не?  Екеуі  де  коммунист.  Ескі  қылықтары 
үшін  жазаланды.  Енді  істетіп  байқайық.  Олар  түгіл  Орлов  та  түзеліп  кетті. 
Бұл менің қазақты талғамай сүйгенім емес, партиялық тәсілім. Түсінікті ме, 
Мейрам Омарович? 
— Түсінікті,—деп  басын  изеді  Мейрам.  Сағатына  қарады.—  Он 
минутсыз он екі.— Біраз кеңестік білем. Әзірге осы жетер. 
Щербаков  орнынан  тұрды.  Мейрам  бұрын  барып,  пальтосын  тосты 
арқасына. 
— Рақмет.  Можа  боп  бара  жатқан  шалдарды  әрдайым  қайрап  тұр 
осылай. 
— Сіз онда жанып қойыңыз жастарды. 
— Жанимыз. Керек болса, тас шарыққа жанимыз. 
Кабинеттен  күле  шықты  Сергей  Петрович.  Антонина  Федоровна  жетіп 
келді қасына. Жасы қырық шамасында, оңды, сымбатты толық әйел. Тұнық, 
кӛкшіл  кӛзінің  маңында  әлі  жӛнді  әжім  жоқ.  Секем  алғанда  тым  ӛткір 
қарайтын, күйеуінің күлімдеген жүзіне қадалып қарап қалды. 
— Қуаныштысың ғой?! 
— Қуаныштымын. Жас секретарьдің қаншалық ӛскенін жаңа білдім. 
— Иә, ӛте зерек жігіт! 
Щербаков кеткен соң кешікпей, кабинетке Гительман енді. Имек мұрын, 
тӛртпақ дене, секпіл бет кісі. Жасы қырық шамасында, қимылы, сӛзі шапшаң, 
ӛткір кездіктей қылпылдап тұр. 
— Отырыңыз, жолдас Гительман,— деді Мейрам баяу ғана. Отырғанша 
ол  «Мейрам  Омаровичті»  екі  айтып  үлгірді.  Галстугін,  омырауындағы 
«Казцик  мүшесі»  деген  значогін  де  түзеп  қойды.  Суықта,  түн  ортасында 
горком жәй шақырмағанын сезген болар, сӛз басталуын асыға күткені, жалт-
жалт  қарауынан  байқалады.  Мейрам  жуырда  сӛйлемеді.  Стол  тартпасын 
ашып  бір  папка  алды.  Қарындаш,  блокнотын  алдына  қойды.  Содан  кейін 
біраз мүдіріп барып: 
— Мен  сізбен  құрылыс  жайында  сӛйлеспекпін,—  деді  де  папкеге 
нұсқады,—  мынау  сіздің  әруақытта  горкомға  берген  баяндама,  мәлімет 
хаттарыңыз.  Жақсы  жазылған.  Бірақ  қалай  істеп  жатырсыз,  соны  білгім 
келеді. 
— Жалпы  алғанда  жұмыс  жаман  емес,  Мейрам  Омарович,—  деп  лып 
етті Гительман. Сӛйлер сӛзін жаттап алған ба, мүдірмейді, қолында да дамыл 
жоқ,  біресе  сермеп  тастайды.  Талайды  кӛрген  әккі  адам  арнап  айтпаса  да, 
мемлекет басшыларында болғанын кӛлденең тартады. Үлкен беделдің, ӛткен 
істердің  маңынан  жуырда  шыға  алмады.—  ...Қарағандыны  қала  еткен 
құрылысшылар  ғой.  Ӛзгесін  былай  қойғанда  завод  трубасы  он  екіге,  шахта 
кӛпірлері  он  сегізге  жетті.  Нан  заводы,  мектептер...  дегенде  Мейрам  бір 
ескертіп қойды: 
— Бұларды бұдан бес ай бұрын айтқансыз. Одан бері не бітті? 

166 
Sauap.org
 
— Қолды  қыс  байлады  ғой.  Тас,  известь  карьерлері  тоқтап  қалды. 
Жиырмасыншы, отыз бірінші шахталардың жиырма бес проценті ғана дайын. 
Күштің  кебін  орталық  электр  станциясына  тӛккен  едік.  Оның  да  сыртқы 
жұмыстары бӛгеліп тұр... . 
— Ішкі жұмыстар ше? 
— Е,  жүріп  жатыр,—  деді  Гительман.  Мейрамңың  бүгін  кӛріп 
қайтқанын  білмейді  екен.  Тағы  да  сыдырта  жӛнелгенде,  Мейрам  тағы  да 
қақты. 
— Шын айтыңызшы, жүріп жатыр ма, қатып жатыр ма? 
— Тек осы суықта ғана бӛгеліңкіреді. 
—Жылы үйдегі жұмысқа суықтың бӛгеті қанша? 
Қайталаған  сұрақтардан  Гительман  жаңа  ғана  сезіктенді.  Бірақ,  лезде 
жол тапты: 
— Үйіміз  онша  жылы  емес-ті,  Мейрам  Омарович.  Трест  әуелі 
шахталарды бітір деген соң, күшті солай аударғамыз. 
— Горком бюросы қалай аудар деген еді? 
Гительман  сӛз  таппай  мүдіріп  отырып,  кенеттен  күліп  жіберді. 
Сыртымен күлгені ішімен күлгендей. 
— Мен  тек  подрядчикпін  ғой,  Мейрам  Омарович.  Қожайындар  қысқан 
соң шыдамадым. 
— Сіз 
тек 
подрядчик 
емес, 
қожайындардың, 
Қарағандыны 
жасаушылардың мықты бірісіз. Олардың қайсысы сізді қысқан? 
— Бейсек Керимович тіпті мойнымнан түспеді... 
Кейінгі  сӛзді  Мейрам  блокнотына  жазды.  Одан  әрі  сурик,  бермей 
толғанып  отыр.  Ой  салған  осы  сӛзде  бүкіл  Қарағандының  тағдыры  тұрған 
тәрізді.  Қолбұран,  атбарабан  ымеңдерінен  тез  ӛтіп,  бу  техникасын  тез 
меңгерген  Қарағанды  әлі  де  жаңа  қауымның  тілегінен  тӛмен  еді.  Электр 
тӛменнен  жоғары  кӛтермек.  Мыңдаған  адамның  ауыр  еңбегін  жеңілдетіп, 
ӛнімін  бірнеше  есе  арттырмақ.  Сондықтан  электр  станциясын  шапшаң 
бітіруді горком қадағалап тапсырған. Бейсек Керимовичтің жанама тапсырма 
бергенін,  оны  Гительманның  құп  алғанын  Мейрам  елеусіз  қалдыра  алмады. 
Ойлана  отырып,  екеуінің  ӛмірбаянын  да  шолып  ӛтті  Бейсек  —  кешкен 
жолдар ирек-ирек... Гительман тура келсе де тайғақ тұрған сияқты. Ырымбек 
ертеден  белгілі.  Бәрі  басшы  қызметтегі  коммунистер.  Әрқайсысының 
бойында әр қилы мін бар. Кӛрсетсе кек алады, кӛрсетпеске болмайды. Қым-
қуыт адам пиғылдарын жүйелеумен отырған секретарьды Гительман бӛгедім 
десе керек: 
— Тағы не айт дейсіз?—деп мазалап қойды. 
— Енді  мен  айтайын,  тыңдаңыз,— деді  Мейрам.—  Сіздің қарауыңызда 
үш мыңға жуық жұмысшы бар, қазағы үш жүзге жетпейді. Қалаушы, токарь, 
маляр сияқты маман қазағыңыз үшеуге де жетпейді. Партияның ұлт саясаты 
дегенің ұлт кадрлерін даярлауды ұмытқансыз ба? 
Гительман шоқ басқандай ыршып түсті: 

167 
Sauap.org
 
— Тұрақтамайды,  кете  береді!  Ал  маманы  тіпті  жоқ,  не  істейін?  Ӛмір 
бойы  малшы  қазақ  оңайлықпен  маман  бола  ма?  Кӛшпелі  әдетін  қоя  ма? 
Осыны Орджоникидзе жолдасқа дейін жаздым... 
— Сабыр  етіңіз!  Жазу  оңай.  Кеп,  сол  жоқты  жасауда,  тұрақсызды 
тұрақты  етуде.  Ол  үшін  тынбай  үйрету,  бейім  тұрғандарын  батыл 
жоғарылату керек. Маман кадрді сіз мектептерден ғана күтесіз. Мектептерде 
кӛбінесе  жастар  оқиды.  Бітіргенше  уақыт  ӛтеді.  Жұмысты  үлкендер  істеп 
жатыр. Олар алдымен жалақыға қарайды. Жалақы мамандыққа байланысты. 
Ұлт  саясаты  бұл  арада  ӛндірістегі  ұлт  кадрлерінің  тұрақтылығын  да, 
мамандылығын да қамтып отыр. Сіз екеуін де ескермегенсіз. Оның үстіне кӛз 
бояйсыз. 
— Сіз мені қайда апарасыз, Мейрам Омарович!— деп Гительман қопаң 
етті. Шапшаң адам кең креслоға сыймай шылтыпырым болып отыр. 
— Менен кӛрмеңіз... Қайда барсаңыз да, ӛзіңіз бара жатарсыз. 
— Жоқ,  сүйреп  барасыз!  Ұлт  саясатын  аяққа  бассам,  алдауыш  болсам, 
аржағында  не  қалды!  Партия  партбилетті  несіне  берген?  Халық  мына 
значокті несіне берген? 
— Сабыр  етіңіз.  Екеуі  де  іске  қарай  беріледі,  іске  қарай  қайтып 
алынады,— деді Мейрам. Жәй айтса да ӛңі суып кетті. Щербаковпен қанша 
қажасса да бұлай сұрланған жоқ еді.— Ішіңіз жаңа ашылды, семірейін деген 
екенсіз.  Депутат  тӛре  емес  —  халық  қызметкері,  коммунист  —  халық 
солдаты. Большевиктің сӛзі мен ісі бір жерден шықсын дейді партия. Сіздің 
сӛзіңіз  мынау,—  деп  папкені  ашты.—  ...«Қалалық  комитетінің  қаулысы 
бойынша  орталық  электр  станциясының  жұмысын  қыс  күндерінде 
тоқтатпауға  барлық  шара  қолданылды...  қыс  қауіптері  жойылды»  дедіңіз. 
Енді  Бейсекке  жабасыз.  Егер  мен  бүгін  кӛзіммен  кӛрмесем,  жасырудан  да 
тайынатын  түріңіз  жоқ.  Сыйлап  келдім  сізді,  әлі  де  сыйлаймын.  Бірақ, 
партияны  кӛбірек  сыйлаймын.  Бір  жұманың  ішінде  уәдеңіз  орындалмаса, 
азынап тұрған сонау машина үйі жылынбаса, қазақ кадрлері жайында нақты 
шара қолданылмаса, мәселе бюрода қаралады, Бұл сӛз осымен бітсін. Екінші 
сӛз  жеке  басыңыз  туралы.  Бірсыпыра  шахталарда  қажып,  кірлеп  шыққан 
жұмысшылар жуынатын монша жоқ. Бірсыпыра инженер-техниктердің пәтер 
үйі  нашар:  кӛпшілік  жатақханаларына,  конторларға  қонып  жүр.  Мен  бір 
жұмысшының  асханасының  жармысында  отырмын.  Завод  бастығы 
Щербаковтың  екі  бӛлмелі  ғана  пәтері  бар.  Осындай  жағдайды  сіз  ӛзіңізге 
алты  бӛлмелі  үй  салдырғансыз.  Екі-ақ  бассыз.  Басқаның  жанынан  сіздің 
жаныңыз  артық  па?  Сол  үйдің  екі  бӛлмесін  ӛзіңіздің  бас  инженеріңізге,  екі 
бӛлмесін Әшірбекке беріңіз. Болдым, енді қайта беруіңізге болады. 
— Партия  басшылығы  емес  бұл!  Үстемдік,  әкімдік,  шабуыл!  Ӛлкелік 
комитетке,  Орталық  комитетке  дейін  жазамын,  —  деп  Гительман  бұрқырай 
тұрды орнынан. 
— Еріктісіз.  Мен  партия  әмірін  орындадым.  Оған  тек  уақыттың, 
айтқанын  қостым,—  деді  де  Мейрам  қоңырау  қақты.  Антонина  Федоровна 
енді. Таңдана қарап тұр.. 

168 
Sauap.org
 
— Тулап кетті ғой!— деді Гительман кеткен соң. 
— Қытығына тиген шығармыз. Қанабек келді ме? 
— Келді. 
— Кірсін. 
Жұдырықтай  Қанабек  жайдары  кірді  есіктен.  Мейрам  қарсы  барып 
амандасты. Сӛз әзілден басталып, күлкімен қосталды. 
— Қарағанды ауданға қоңсы еді. Аудан енді Қарағандыға қоңсы болды. 
Қоңсы ауылдың шалы едім, бала. Қолың қатты дейді, қорқыңқырап тұрмын. 
— Қорқарлық қылығыңыз болса, қорқыңыз. 
— Менің  кемпірім  күлсем  —  кӛлгірін  қарашы,  күлмесем  —  безеруін 
қарашы деп ұрсады. Қылыққа біздің кемпірше қарай кӛрме, айналайын... 
Мейрамның  шек-сілесі  қатып  жатыр.  Тілді,  ескі  сӛзді,  қалжыңға 
«кемпірін»  қоса  сӛйлейтін  Қанабектің  отырған  жері  күлкісіз  болған  емес. 
Оның  қалың  ерні  қопаңдай  бастағанда-ақ  күле  береді  жұрт.  Адалдығына, 
ақжарқындығына  қарсы  біткен  қыңыр  мінезі  де  бар.  Бір  қисайса  болмайды. 
Жығылып  жатса  да  ащы  тілін  салып  жатады.  Совет  дәуірінің  айтыс-
тартыстарын кӛп кӛрген адам. Қазір Тельман ауданынан Қарағанды қалалық 
советінің председательдігіне ауысқан беті. Мейрам біраз қалжыңдасып алған 
соң, шын әңгімені бастады: 
— Қанеке! Сізді қоймастан сұрап алдық қой. Кәрібай бишара, бірсыпыра 
отырып,  із-түзін  қалдырмай  кетті.  Қарағанды  жұртшылығы  қит  етсе 
горкомға, профсоюзға, треске келеді. Сіз соларды советке де келтіріңіз. Оның 
тәсілдерін  менен  кӛрі  кӛбірек  білесіз.  Талап  үлкен,  тындырғанымыз  аз. 
Ойласаң ұйқың шайдай ашылады. Халықаралық жағдай шиеленісе түсті. Ішкі 
жаралардың аузы әлі ашық. Қала да, ауыл да жаңа қоныс, іргесін әлі бекіткен 
жоқ.  Халық  тағдырын  қолына  алған  партия  мен  үкіметіміз  қиын  жағдайда 
тұр. Осы сезіммен істесек қана қиындықтарды жеңеміз. 
— Дұрыс  айтасың,  шырағым,  дұрыс  айтасың!—деп  ыңыранып  алды 
Қанабек.—  Осыны  сезбейтін  коммунистер  де  бар.  Ертерек  есіңе  салып 
қояйын  —  мынау  Бейсек,  Ырымбек  дегендеріңмен  ӛмірі  келіскен  емеспін, 
қалтасында  партбилеті  болса  да,  коммунист  деген  емеспін.  Мүмкін  мұным 
теріс шығар, әйтеуір жүрек жібімейді. Сӛз жоқ, тағы шайқасамыз. Тек сонда 
әділ бол. 
— Тек  ескі  кекті  ермек  қыла  кӛрмеңіздер,—  деді  Мейрам.  Бейсек, 
Ырымбектердің  ескі  жарасынан  ӛзі  жиреніп  тұрса  да  сездірмеді.—  Ендігі 
сӛзді біздің пәтерде сӛйлесейік. Кең отырып бір күлейікші. 
Екеуі әзілдесе үйден шықты. 
 
VIII 
 
Ай  қорғалаған,  таң  алдында  ғана  туады.  Аспан  ашық.  Тымырсық  аяз 
Қарағандыны  қыраумен  бояп  тұр.  Шықыр-шықыр  жүрістер  түн  бойы 
басылмайды. Жер астында да дамыл жоқ. Сменамен істейтін жұмысшы жұрт 

169 
Sauap.org
 
бірі  кетсе,  бірі  келіп  жерді  тынымсыз  кеулеп  барады.  Эстакадалар  үстінде 
салдыр-күлдір  тымық  түнде  алыстан  естіледі.  Әр  тұста  қызып,  бықсып 
жатқан  порода  (балшық)  үйінділерінің  баяу  оттары  алыстан  кӛрінеді.  Оған 
ӛндірістердің,  мекемелердің  алдындағы  электр  лампалары,  ерсілі-қарсылы 
жүріп  жатқан  жұмысшы  қолдарындағы  бензин  шамдар  қосылғанда,  кӛмірлі 
қала да кӛкшіл тартып аспандай шыпырлаған жұлдызды боп тұр... 
Ӛлі  далаға  жан  бітіп,  аз  уақытта  осылай  жайнай  бастаса,  қаралы 
кӛңілдер  қарая  түсті.  Түнгі  прогулкаға  шыққан  Бейсек  қабағын  шытына 
қарады жан-жағына. Кең, тыныш, тұнық даланы, қойдай момын қазақ аулын 
кӛксеген  бас  мынау  еңбек  дүрсілдерінен,  еңбек  жарқылдарынан  зырқ-зырқ 
етеді.  Осы  дүрсіл,  жарқылдардың  қағаздағы  есебіне  ұзақ  үңіліп,  бас  қатқан 
соң тыныстауға шығып еді. Тыныштық ала алмады. Ішінен тұнған ауыр адам 
күрсінген сайын бықсыған кеудесін босатқандай болады. Алдындағы дӛңеске 
кӛтерілді. Айналаға тағы қарады. Ойда темір жол станциясы кӛрінді. Паровоз 
даусы,  жол  бойындағы  жарықтар  қосылғанда,  кӛмірлі  қаланың  кӛлемі, 
сәулеті зорая түсті. Күндіз құба тӛбел қала, түнде жайнап, оттары шыпырлап 
кеткен... 
Бейсек  Керимович  дӛңесті  айнала  қазған  орды  бойлай  жүрді. 
Орталықтағы бұл ашық алаң ойының да бір бос алаңы секілді еді. Қазылған 
ор,  оны  да  аман  қоймады.  Молалалар  түсті  есіне.  Биыл  күзге  дейін  осы 
дӛңесте  ескі  Қарағандының  ӛліктері  жататын.  Жан-жаққа  шашырап 
жайылған  жаңа  Қарағанды  ортада  қалған  қабырларды  трактормен  тегістеп, 
алдағы  жазда  бақша  жасауға  дайындап  қойды.  Орыс,  қазақ  болып  ӛлгенін, 
аруағын қорғар, тозып бара жатқан дін де бір жаңғырар деп, ескі нанымға от 
тастап  та  байқаған  еді  Бейсек.  Жанбады.  Бықси  сӛніп  қала  берді. 
Жұмысшылар  сенбілік  жасап,  жер  болған  моланы  мәдениетті  демалыс 
орнына  айналдыруға  бет  түзеді.  Бейсек  жұрттың  түрінен  тағы  бір  түңіліп, 
қоршаған капитал шеңберіне тәңірісіндей сыйына түсті. «Батыстан Германия, 
шығыстан Жапония аттанса, біз балақтан алсақ, социализм дүниенің сілімтірі 
қала ма!— дейді ол. Бірақ сол күн тез жетсе, жаңа қоныс боп жайрап жатқан 
кезде  долыдай  соқса»,  деп  сабырын  да,  ақылын  да  сара  ойлап  барады.  Арт 
жағынан үнсіз келген Ырымбекті байқаған жоқ. 
— Үйде отырып әңгімелесейік,— деді Ырымбек келісімен. 
Ӛңі тым жайраң. Екеуі Бейсектің оңаша бӛлмесіне кірді. Сақ Ырымбек 
қаншық тазыдай икем, терезенің пердесін қымтай жауып, есіктің ілгегін іліп 
алған соң сӛйледі: 
— Бүгінгі  ТАСС  хабарын  оқыған  шығарсың.  Алдағы  соғыс  күші  — 
мотор мен газ болар, сірә? Біздің дайындығымыз қандай екен? 
— Мардымды емес шығар,— деді Бейсек, ойынан әлі арылмаған тәрізді. 
Ауыр  отырып,  әр-берден  соң  ғана  үзіліп  қалған  сӛзін  жалғастырды.—  Ескі 
Рессейдің  жәйі  белгілі.  Жапон  зеңбіректеріне  қарсы  иконмен  шықса,  неміс 
зеңбіректеріне бесатармен  шықты.  Ресейдің  мешел  техникасы  бесжылдықта 
қаз тұрғанмен, неміс моторларының дауысын естігенде-ақ қалпақтай түседі. 
Тек  осы  әлсіз  кезде  қимылдау  керек  еді.  Олар  кешігіп  жатыр. 

170 
Sauap.org
 
Капиталистердің  алаауыздығын  пайдаланып,  бұлар  күшейіп  жатыр.  Бірақ 
қанша  тырбанса  да,  елу  жыл  алға  кеткен  елдермен  бірер  «бесжылдықта» 
теңелу мүмкін емес қой... 
— Олар  бұл  мінезін  қоймаса,  теңелу  қиын  да  емес.  Сауда-саттық 
жасайды. Мамандарын жіберіп, жаңа техника жасауға кӛмектеседі. Алжиын 
деген бе, ӛздері— деп Ырымбек тарылғанда, Бейсек жымиып жәй күлді: 
— Бұл  тек  алауыздық,  пайдақұмарлық  болмас.  Ішкі  жайды  білу  де, 
«Істеп берем» деп бүлдіру де керек шығар. Ӛзіміз соны істемей отырмыз ба? 
Оңаша бӛлмеде,  қараңғы  түнде халық жаулары халықаралық жағдайды 
қарастыра келіп, қаяулы кӛңілдеріне медеу тапты. 
— Осы  демеу  болмаса  «ӛзімді  ӛзім  шаянша  шағып,  жоқ  қылар  едім,— 
дейді.  Ырымбек.  Ертеректе  «елім»,  бертінде  «социализм»  деп  ӛңештеген 
«ерлер», ішін ашқан сайын ӛңездерін кӛрсете түседі. 
—...Гительман  горком  басшылығына  ӛкпелі.  Бұл  алалықты  шебер 
пайдалануымыз керек. Жаңа ӛндірісті меңгеру жолында қиындықтар кӛп. Әр 
қиындық  біздің  әрекетімізге  шымылдық.  Ӛз  ісімізді  істей  отырып. 
Мейрамның үстінен жоғарыға домалақ қағаздарды айдай берсек, Мейрам ӛз 
басымен  әуре  боп  кетеді.  Ӛзіміз  жасаған  әрекеттерді  «олқылық», 
«қиындықтармен» бүркеп, бәрін соның мойнына аударуға болады... 
— Қанабекке де қақпан құру керек. 
— Қанабек айтарын айтқан. Істерін істеген,— деді Бейсек. Ескі жараның 
аузы  ашылған  сияқты.  Шытынады.  Екеуін  тобықтан  талай  қаққан,  бірінің 
әкесін,  бірінің  ағасын  кулакқа  тартып,  елден  бездірген  Қанабек  бүйідей 
кӛрініп  алдарында  тұрса  да,  тарпуға  дәрмен  жоқ,  ескі  материалмен  ештеме 
істей  алмайды.  Жаңа  материал  бермелік,  аяғын  шалыс  басқан  кезін 
аңдиық,— деп тоқтады Бейсек. 
Ашық  жауласа  алмағанмен  кегін  бұлар  жасырын  алып  жүр.  Орловтың 
ӛлімі  бойға  сіңуге  айналды.  Ӛндірісте  жасаған  авария,  кедергілер  кӛп 
қиындықтың  арасында  сезілмей  барады.  Оқтын-оқтын  кӛп  арасына  тастап 
жіберетін  зиянды  лақап,  қауесеттері  ӛршімесе  де,  ӛшіруге  бірсыпыра  күш, 
уақыт  кетіп  жатыр.  Ауыр  жүкпен  ӛрге  ӛрмелеген  халық  кӛшін  осы  ұсақ 
қастандықтар  шіренте  түскенде—  жымыңдап  қояды.  Алғашқы  кезде 
сауысқаннан  сақ  еді.  Қазір  ұрлығы  сіңген  ұрыдай  құнығып,  дәнігіп  алған, 
батыл сӛйлеп отыр: 
—...Ішкі  алалықтар, жасанды кедергілер «бесжылдықты» жоя алмайды. 
Тек сыртқы күш жеткенше берекесін кетіре беру үшін керек. Дәл қазір совет 
дүниесінің  нәзік  жері  —  азық-түлік.  Индустрия  ауылдың азығын  ғана  емес, 
адамын да жұтып жатыр. Бастықпаған колхоздар ӛнерлі кәсіпті тойғызғанша 
қашан!  Сондықтан  бір  картошкені  ӛлтіру  —  бір  адамды  ӛлтірумен  бірдей. 
Сен Махметіңді жете пайдалана алмай келесің. 
— Әлібек емес  қой  ол.  Бұдан  артық  қолынан келе  ме?—  деп Ырымбек 
Махметіне қанағаттанса да, Бейсек аранын аша түсті: 

171 
Sauap.org
 
— Келеді!—  деді  сендіре,—  Теріс  жоспарымыз  ӛте  бермейді.  Дұрысты 
теріс орындау қанша қиын. Басқарып жүрген жұмысшы, қызметкерлердің ӛзі 
кәні  болып  отырған  жоқ.  Жәй  жұмысшылардың  сыбағасын  жырымдап, 
соларды  тойдырсаң  жақ  аша  алмайды.  Бұдан  жүздеген  жұмысшылар 
ашығады, ашынады. Бізге керегі әйтеуір совет қазнасын шаша беру емес пе! 
— Махмет бұған бара алар ма екен? 
— Барады!— деп тағы да Бейсек нық айтты.— «Ұзақ ӛмір сүрем десең, 
сүйеушіңді  кӛбейт,  бас  кӛтерердің  аузын  ал!»  де.  Бұл  оның  миына  қона 
кетеді.  Мамандығы  да  осы  шығар  ӛзінің.  Бізге  ақылдыдан  ақылсыздар 
пайдалы екенін ұмытпа? 
Бір кезде Бухарин бастаған топ, бұл кезде тозып кеткен. Әйтседе мандам 
сияқты желі тартып, ел денесінің әр жерінде бір түйнек қалып қойған. Бейсек 
— сол түйнектің бірі. «Мандамның басын ал» дейді қазақ. Басын алмай, жеке 
түйнектерді  жойғанмен  жазылмайды  дене.  Бухарин  әзір  аман,  Мәскеуде. 
Бейсектер  бытыраса  да,  мандам  түйнегіндей  бірден-бірге  жалғасып, 
Бухаринмен  ұштасып  жатыр.  Күрес  тәсілдері  мүлде  ӛзгерген.  «Жегі  болып 
же»,  «сыртыңды  бер,  ішіңді  сақта»,  «сенбе  жұртқа»  деп,  Ырымбекті  талай 
таптады Бейсек. 
— Азық-түлік  қорын  молайтпауға  қолдан  келгенді  істеп  қалу  керек,— 
дейді. Ӛзінің аянар түрі жоқ, қанын ішіне тартып алған.— Бұнымен жұмысты 
түгіл,  жұмысшының  организмін  бүлдіруге  болады.  Жүз  мың  карточкаға 
жететін үш айлық запас бар. Былықты карточкадан бастасын Махмет. Ашыла 
қалған күнде зиянкестік емес, жәй қылмыс есебінде қаралады. Қорғаушылар 
кӛп,  құтқарады.  Жемтіктес  болғандар,  ӛзі  әшкереленбеу  үшін  еріксіз 
қорғайды. 
— Ашылмасын,  ашылса  бәрі  бір  соттайды,—  деп  еді  Ырымбек,  Бейсек 
сылқ-сылқ күлді. 
— Махмет осыны орындап берсе, соттамақ түгіл, кескілесе де мейлі. 
Бұлар  қайта-қайта  аузына  ала  берген  Махмет  жау  емес,  жаудың 
қолшоқпары.  Тресте  азық-түлік  жағын  басқарады.  Ол  орынға  Ырымбектің 
кӛмегімен  орналасқан.  Ӛзінен  жоғарыға  жағымпаз,  ӛз  құлқынын  кӛбірек 
кӛздейтұғын  жылпос  жігіт.  Осы  жылпостығымен  ұтамын  деп,  ұтылғанын 
білмей жүр, Мейрамнан қатты сескенеді. Ырымбекпен әмпей Бейсек бойына 
Махметті  түгіл  Әлібекті  дарытқан  емес.  Ырымбек  арқылы  екеуінің  сырын 
білген.  Ырымбек  арқылы  ойын  да  орындатып  келеді.  Енді,  дәніккен 
Махметті қатерге айдап отыр. 
— Оны  кӛрікке  салып  қыздырсаң  да,  жаулыққа  бармайды.  Бірақ 
барғандардың  ісін  істеуге  болады,—  дейді  Бейсек.  Дәл  тапты.  Тышқан  кӛзі 
қандай  танығыш  адамды.  Әлібекті  де  бір  сыпаттап  етті.—  Бұл  қанына 
қарайған кісі. Тіпті болмаса, сен айтқандай шаянша шағып ӛледі ӛзін. 
— Рас!—деп  басын  изеді  Ырымбек.—  Тағы  бір  авария  жасауға  тіленіп 
жүр. 
— Қандай? 

172 
Sauap.org
 
— Уклонның түбін құлатпақ. Бұнысы үлкен авария. 
Бейсек  ойланып  қалды.  Портфелінен  жер  астының  картасын  алып 
қарады да, басын шайқады: 
— Аз  уақыт  насос  тоқтайды.  Онымен  жер  астын  су  баспайды.  Тез 
түзейді. Уклонның түбін бұзғанмен басқа жол ашық. Кӛмір шыға береді. Егер 
уклонды  жоғарғы  жағынан  не  орта  кезінен  қиса,  күретамырды  қиғанмен 
бірдей. 
— Қиғыза  ма!  Сақтық  күшейіп  барады.  Қазір  уклонмен  ешкімді 
жүргізбей қойды. 
— Білем,  бірақ,  есебін  тапқандар  мемлекеттік  шекарадан  да  етеді.  Ӛту 
оңай. Қалай, немен бұзу керек? Қайтсе сезіксіз болады? Мұны әбден ойланып 
айтармын.  Махметті  тез  қолға  ал.  Бұлардың  бүгін  таңда  ең  осал  жері  азық-
түлік.  Жаңаарқа,  Шет,  Қарқаралы,  Тельман,  Баян,  Нұра  аудандары  азық 
салығын тікелей Қарағандыға құяды. Тельманнан ӛзгесі темір жолдан қашық 
аудандар.  Солардың  жетуін  кешеуілдетіп,  жазғытұрғы  аласапыранға 
соқтырсақ,  қолда  барды  тауысып,  құралақан  отырсақ,  Қарағанды  қара 
қайғының астында қалады... 
Осыған жә десті екеуі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет