Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

 
XVIII 
 
Жаз, жеңілдіктермен қоса бірсыпыра ауырлықтар да ала келді. Қыстайғы 
қатты боран енді сел жауын, қою тұманға айналып, жадыратпай тұр дүниені. 
Оңтүстікте «Кӛктал», «Соқыр» ӛзенсымақтары күшті тасып, арбалыға ӛткел 
бермей  қойды.  Солтүстікте  Нұра  ӛзені  кӛп  жерде  арнасынан  асып  кеткен. 
Шет, Қарқаралы, Қу, Баян, Жаңаарқа, Қарсақпай сияқты алыста жатқан темір 
жолсыз аудандармен қатынас үзілді. Қарағандының ӛз ішіндегі сай-жыралар 
да қалың қардың суымен кӛлкіп жатыр. Жазғы-тұрғы аласапыран ауырлығын 
алдымен  қаланың  азық-түлігіне  салды.  «Қолдағыны  шашу  керек. 
Алыстағыны  жеткізбеу  керек»  деген  Бейсектің  ойын  қала  басшылары 
кешірек  сезген  сияқты.  Маусымбайды  кӛргеннен  бері  денесі  түршіккен 
Мейрам іле бюро шақырып, Ырымбекті орнынан алған. «Жаңылыс мәлімет» 
бергені  үшін  Бейсекке  қатаң  сӛгіс  жариялаған.  Бірнеше  жауапты 
қызметкерлерді  ауданға  шаптырды.  Қанабек,  Жанабіл  барған  аудандардан 
ғана екі керуен азық келіп үлгірді. Қолдағы азық қоры шағын, шалғай жатқан 
азық  пункттерінен  мына  лайсаңда  жеткізу  қиын.  Ауылмен  аз  үзіліс  қаланы 
қысып  жіберді.  Карточкаларға  алдағы  күннің  тамағын  беру  тоқталған. 
Күнбекүн  ала  бастағанда  магазин  алды  кӛпшілік,  кезек  болып  кетті.  Ӛлген 
талонмен  семіретін  қулар  күлім  қағады.  Жұмысшы  халықтың  ішінен 
қыңқылдар  естіледі.  Қалалық  партия  комитеті  бұл  күндерде  тез  азық 
мәселесін шешумен, магазин алдындағы топтарды тарату шарасымен болды. 
Мейрам  ешуақытта  бұндай  қысылған  емес.  Ашушаң,  бұрынғысынан  әрі 
қатал, ұйқы аз, жүріс, тексеріс мәжілістерден босамайды... 
Осы  ауыр  жағдайда  орталықтан  бес  кісі  комиссия  келіп  жатыр. 
Комиссия  алдымен Мейрамға  шұқшия келді.  Міне, оңаша кабинетте бадана 

234 
Sauap.org
 
кӛз, мосқал, байсалды адам отыр. Мейраммен әңгімелескелі екі сағаттан асып 
барады. Саспайды. Аз сӛйлеп, кӛп тыңдайды. Алдындағы жуан папкеге бүкіл 
Қарағанды  сыйған  тәрізді:  анда-санда  ашып  қойып,  ішінен  оқиды  да,  сұрай 
түседі... . 
— Сіздің  үстіңізден  оннан  аса  арыз  бар  екен.  Бірін  мойындамадыңыз. 
Арызшылардікі бекер-ақ болсын, сонша неге ӛшігеді сізге? 
— Бұның себебі: сана мен санасыздықта, ескі мен жаңалықта, батылдық 
пен  қорғаныштықта.  Әкелі-балалы,  ерлі-зайыпты  адамдар  да  осы  себеппен 
айтысады. 
— Халық санасымен санас деген халық сӛзі есіңізде шығар? 
— Әбден  есімде.  Халық  санасын,  халық  кӛшінің  алдынан  ізде,—дейді 
Денин. Арызшылар жұртынан іздеп жүр. Жұртта жарамды нәрсе қалмайды. 
— Сіз басқарған қаланың осы күйіне ризасыз ба? 
— Ризамын.  Риза  емеспін.  Отыздан  аса  шахта  кӛмір  береді.  Ағылшын, 
орыс  байларының  ондаған  жыл  алған  кӛмірін  біз  бір-ақ  жылда  алдық. 
Олардың  ондаған  жыл  жасаған  Қарағандысы  біздің  Қарағандының  бір 
шахтасындай-ақ. Адамдарды, жұмысшы кадрын ӛсіру жағын ӛткенмен тіпті 
салыстыруға болмайды... Сонда да тілектен әлдеқайда кем жатырмыз. 
— Магазин алдындағы топтар да мақтаныш па? 
— Жоқ.  Ұят.  Оған  мемлекет  кінәлі  емес.  Біздің  жалаң  олақтығымыз, 
салақтығымыздан  да  емес.  Дұшпандар  әрекетінің  бір  түрі  деп  білемін. 
Кезінде кӛре алмағаныма партия алдында айыптымын. 
— Азық-түлік  мерзімінен  бұрын  таусылады.  Жұмыс  мерзімінен  кеш 
орындалады. Авария ойламаған жерден шығады. Бұның бәрін жауға жапсақ, 
біздің адамдар не бітіріп отыр? 
— Мен келгенде осы жерде бұзылған алты барак, түтінсіз жалғыз труба, 
қырық-елу жұмысшы болатын. Соларға су да жетпеуші еді. Қазір — екі жүз 
мыңдай  халық  жиналды,  жүздеген  үйлер  салынды.  Күніне  кӛмір  тиеген 
бірнеше  состав  поезд  жӛнеледі.  Қарағанды  Отанымыздың  үшінші 
кочегаркасына айналды. Бұл біздің адамдардың ісі. Барлық кемшілікті жауға 
жауып,  ақталудан  аулақпын.  Әлі  де  түзелмегендік,  олақтық,  шалағайлық 
дегендер  аз  емес.  Бұлар  бір  жағынан  бізге  кедергі  болса,  екінші  жағынан 
жауға жамылыш болып тұр. 
— Басшы 
қызметшілердің 
арасындағы 
алалықтан 
ұлтшылдық, 
шовинистік не жікшілдік байқалмай ма? 
— Бастапқы  екеуі  тереңге  тығылса  керек.  Әзір  сезілмейді.  Соңғысы 
жерлестік, кӛңілдестік түрінде байқалып еді. Шара қолдандық. 
— Бондаренко мен Жұмабайдың жанжалы не? 
— Балалардың  жанжалы  сияқты.  Татуласып  кеткен.  Мүмкін,  олжа 
түсірем деушілер болған шығар. Оған жібермей қолма-қол ӛшіргеміз. 
Комиссия  ағасында  қатты  сӛз  жоқ.  Жұмсақ,  кең  отыр.  Ақсары 
шырайынан  жадағайлық  та,  кеңдік  те  байқалады.  Үш  күннен  бері  кӛп 
адаммен  сӛйлескен.  Кӛп  нәрседен  хабары  бар.  Ойда  жоқты  тұтқиылдан 

235 
Sauap.org
 
сұрайды.  Берілген  жауаптың  ұнаған,  ұнамағаны  белгісіз,  Бетін  тіпті 
кӛрсетпепді.  Алыстан  толғап,  шындықты  іздеп  отырған  сияқты.  Байсалды 
қозғалған  үлкен,  мӛлдір  кӛк  кӛзі  Мейрамның  ішін  кӛріп  тұрғандай,  енді 
күлімсіреп берді сұрақты: 
— Махмет Торсықпаевпен араңызда жастық, қызға таласу болды ма? 
— Махметтер қылмыстың бетін осылай аудармақ па? Ол, олжаға түсетін 
баяғының  қызы  емес.  Ғылым  қайраткері,  қоғам  қайраткері  болам,  еркектен 
қай жерім кем?— деп жүр. Таласу үшін: ондай қыз бен жігіттің адамгершілік 
салмағы ең құрығанда тең түсу керек. Ӛлшеңіз, Александр Александрович. 
— Жақындарын жылдам кӛтереді, дейді сізді? 
— Рас. «Жақындық» дегенді туыс, сүйек шатыс, кӛңілдестік мағнасында 
алсақ,  ол  менде  жоқ.  Жалғызбын.  Менің  жақыным  —  іскерлігімен, 
адалдығымен кӛрінген адамдар. Оларды кӛтермеске еркім де жоқ. 
— Жайлаубай, Жанабіл, Боқай, Ермек, Жұманияздар кім? 
— Жайлаубайдың  ғана  азырақ  туыстығы  бар.  Туыстың,  да  ӛз  орнын 
алуға қақы бар. Басқасы менен кері үкіметке, партияға жақын. Мен олармен 
партия жолында кездестім. 
— Тым қатал, үстем. Бірге істеуге болмайды деседі? 
— Бұл кінәға шамданудан гӛрі шүкірлік етем. Күрескен соң жығу керек. 
Буыны босаған жығылады. 
Күн  кешкіріп,  үй  іші  қоңыр  кӛлеңке  тартты.  Шам  әлі  жағылған  жоқ. 
Үстіңгі  үйдің  ашық  терезесінен  магазин  алдындағы  кешкі  дауыстар  анық 
естіледі. Толқып, басылып тұр. Комиссия ағасы солай қарап отырып: 
— Мына  топ  қашан  тарайды?—деді  де  қабағын  сәл  шытып  қойды. 
Мейрам қызара түсіп тӛмен қарап кетті. 
— Бүгін Алматы. Москвамен ауызба-ауыз сӛйлестім. Эшелондар жолда. 
Үш-тӛрт күнде қала азық қиындығынан құтылады. Бұл чалдің ауырлығынан 
да  ұяты  басым.  Осынау  кептің  тең  жармысында  бір-бірден  сиыр,  ешкі,  лақ 
бар.  Тең  жармысы  колхоздармен  байланысты.  Жаңа  келгендер  болмаса, 
тұрғын  халық  елемейді  мұны.  Халық  бұл  қаланың  іргесін  темір  жолсыз, 
сусыз, тұзсыз күнде-ақ кӛтерген. Бастыққанша бәріне кӛнген. Бастыққаннан 
кейін осы сәл нәрсенің ӛзі жұрт бетіне қаратпайды,— деп Мейрам күрсінді. 
Сүрінбен деген жігіт байқаусызда кеп алдында тайып түскендей ұят, ӛкініш, 
ыза кернеп отыр бойын. 
— Иә,  бәрінен  де  ұят  күшті,—деді  комиссия  ағасы.  Папкасынан 
Маусымбайдың арызын суырды. Партия алдындағы, ел алдындағы ұят түгіл 
жеке  адамның  алдындағы  ұяттың  ӛзі  сондай  ауыр.  Бағанадан  бергі 
әңгімемізді партия да біліп отыр. Мынаны оқып кӛріңіз. 
— Оқығам, қанықпын. 
— Онда жауабын кейін жазып берерсіз. Әзірге осымен тоқталайық. Кӛп 
қамықпаңыз.  «Ештеме  істемеген  адам  ғана  қателеспейді»  деген  еді  ғой 
Ленин. 

236 
Sauap.org
 
Мейрам ауыз бӛлмеге шықты. Бұрынғы ӛңі жоқ. Ақ сұр жүзі күрең. Қой 
кӛзі қызарған. Антонина Федоровна ұшып тұрды орнынан. 
— Кӛптен ұйқым шала. Бүгін тынығам,— деді де жүріп кетті. Коридорға 
шыға Марияштың бӛлмесінің есігін ашты. 
Комиссияның  бір  мүшесі  осында  екен,  Марияшпен  оңаша  әңгімелесіп 
отыр.— Мейрам босағада тұрып: 
— Мен сіздерге бӛгет болғам жоқ па?— дегенде. 
— Келіңіз,  қайта  кӛмегіңіз  болар,—  деді  комиссия  мүшесі.  Ұзын, 
арықтау, шұңғыл кӛз, сұр кісі кӛрінеді, Марияшты құныға тыңдап қалыпты. 
Оқтын-оқтын жазып қояды. Марияш байсалды қалпын бұзбай, сӛйлей берді. 
Мӛлдіреген бота кӛзінде ыза тұр. 
— Бейсек  Керимович  ұлтшылдардың  жабайы  бірі  ғана  емес, 
басшыларының,  ең  зияндыларының  бірі.  Егер  оның  байшыл-ұлтшыл 
жүрегінде халықтық бірдеме болса, ол әлдеқашан жойылған. Оның іші қазір 
қап-қара.  Маусымбай  уақиғасы,  склад  ӛртенуі,  қисынсыз  авариялар,  азық-
түліктің  талан-таражға  түсуі  —  бір  де  бірі  жай  қылмыс  емес. 
Контрреволюциялық 
қылмыстар. 
Бұлардың 
түп 
тамыры 
Бейсек, 
Ырымбектерге  соқпай  кетпейді.  Мейрам  Омаровичтың  үстінен  берілген 
домалақ арыздар да сол екеуінікі болу керек... 
Комиссия  мүшесі  тыңдап  болғаннан  кейін,  Марияштың  әр  сӛзін  қаға 
бастады. 
— Бейсектің, іші қап-қара екенін қалай білдіңіз? 
— Мен  ол  кезде  айырылысқаным  жоқ-ты,  бір  жиналыстан  қарайып 
қайтты үйге. Есіктен кіре: несіне «ел» деп жүргемін, «ел» дегенім жау екен 
ғой!..  деп  құлай  кетті  тӛсекке.  Содан  кейін  жарқ  еткен  оның  кӛңілін  кӛре 
алмадым. 
— Алашорда басшыларымен байланысты екенін немен дәлелдейсіз? 
— Алашорданың  ең  бірінші  басшысымен  қолтықтасып  тұрып  түскен 
суреті бар. Сол суреттің сыртында, сол басшының: «үміт артқан ініме» деген 
жазуы бар. 
— Домалақ  арыздарды  жазған  Бейсек  екенін  қайдан  білесіз,  қазір 
аразсыздар, айырылысып кеттіңіздер... 
— Домалақ  қағазға.  ол  жасынан  үйір  болатын,  қыз  бен  жігітті  талай 
айырған, араздастырған. Бұл мінезі. менімен бірге тұрған кезде де байқалып 
жүрді... 
— Жолдас 
Керимова 
рақмет 
сізге, 
шындықты 
ашуға 
кӛп 
кӛмектестіңіз,—  деді  де  комиссия  мүшесі  сәл  кідіріп  қалды.—  Бірақ,  осы 
айтқандарыңызды ертерек неге айтпағансыз? 
— Айттым  ба,  айтпадым  ба,  сұраңыз  Мейрам  Омаровичтан,  Сергей 
Петровичтен сұраңыз. 
— Айтумен қатар жазып та берген,—Деді Мейрам. 
— Онда осы уақытқа дейін шара неге қолданылмаған? 

237 
Sauap.org
 
— Қолданылды. Арыздың ішінде кӛрсетілген кейбір фактілерді анықтау 
үшін  тиісті  зерттеу  орындарына  жібердік.  Ырымбек,  Махметтер  партия 
жолымен  жазаланды.  Керимов  жайында  мәселе  ерекше  қаралмақ  еді, 
баяндамасын тыңдамақ едік, жұмыстар қабаттап созылыңқырап кетті. 
Комиссия мүшесі басқа сұрақ берген жоқ. Мейрам орнынан тұрды: 
— Марияш,  сіз  әңгіме  біткен  соң  екінші  рудникке  барыңыз. 
Жұмысшылар  бүгін  паектерін  түгел  алды  ма  екен,  біліңіз.  Хабарын  маған 
телефонмен айтарсыз. 
Бір бӛлмеден жаңа шыққан Жанабіл ере жүрді Мейраммен. Қыз ба жігіт 
бұрынғысынан әрі қызу, булығып келеді: 
— Біреулер  былшылдады  деп  бас  қатырады.  Шам  жағып  қараса  да 
ештеме таппайды! 
— Немене, мінсіз-ақ па ең, сонша?! 
— Мені пісіріп жесе де мейлі. Сенде несі бар? 
— Менің  аяғым  аспаннан  салбырап  түскен  жоқ.  Мені  қорғасаңдар  — 
шындықты қорғаңдар. 
— Ендеше, Қанабек кӛйітеді бәрін. Бұл иттер алмасақтан бері арам екен. 
Домалақ қағаз, жала, ұрлық, бүлдіру бәрі солардікі. Егер осынан сенің аяғың 
таятын болса, мен олардың басын тайдырмай тынбаймын. 
— Сабыр,  сабыр.  Комиссия  жазалаушы  емес.  Шындықты  ашушы. 
Кӛмектесу керек. 
— Жұрт  сені  орнынан  алып  тастады,  соттайды  деп,  дүңкілдеп  жатыр. 
Бейсек, Ырымбектер неге жайраңдайды. Комиссия неге сӛйлеседі олармен?! 
Мейрам бір мырс етті. 
— Антұрған-ау, әзір партия мүшесі ғой олар,.. 
— Бүл партияда не олар, не біз тұратын шығармыз! . 
— Бар,  үйіңе  бар.  Кішкентайыңды  сүй.  Майпаны  аймала.  Қалпыңа 
келесің  сонда,—деді  де  бұрылып  кетті  Мейрам.  Ӛзімен  ӛзі  болып  оңаша 
барады.  Жанабілдің  сӛзі  әсер  еткен  жоқ.  Жұрт  не  деп  жатыр.  Оңаша 
бӛлмелерде,  комиссия  алдында  Жанабіл,  Қанабек,  Ермек,  Жұманияздар  не 
айтты, Ырымбек, Бейсектер не айтады, бәрі ӛзіне белгілі. Күн ысымаған кез, 
шаң  әлі  кӛтерілмеген.  Кӛктемдегі  кӛк  бетегелі,  қазотылы,  сармаңыз  кӛк 
алаңға  шықты.  Кешкі  тынық  әуеге  денесі  сүйсініп,  кителінің  жағасын 
ағытты. Фуражкасы артына ұстаған қолында. Аяғын жәй басып, ауыр, ойлы 
келеді.  Алдында  вентиляция  шурфы  тұр.  Шурф  емес-ау,  бірінші  шахтаның 
бұрынғы  ауызы.  Осы  ауыз  жер  астына  апаратын  жалғыз  ғана  жол  болатын. 
Осы  ауыздан  Мейрам  бірінші  рет  жер  астына  түскен.  Таныс,  тар  жол  ойды 
ӛрбітті. Кӛзді жан-жаққа жіберді. Биік қыраттың, бетінен қала айқын кӛрінді. 
Айналасы  атшаптырым  үлкен  аймақ  шұрқ-шұрқ  тесік.  Жалыны  жалақтап 
қара  шоқылар,  түтін  бұйдалап  ұзын  трубалар,  кӛмір  қопарып  биік  кӛпірлер 
тұр...  Сонау  ойдағы  электр  станциясы  да  бітіп  қалған.  Қоршау  ағаштарын 
бұзып жатыр. Щахта-шахтаның арасында  кӛмір  тиеген ұзын  состав  поездар 
жүр.  Түтін,  шам,  от  кӛріністері,  поезд,  шабаш  дамыл-дамыл  күрсілдеп,  жер 

238 
Sauap.org
 
қопарған  дәрі  үндері  қаланы  ӛте  айбатты  кӛрсетіп  тұр.  Бұның  бәрі  жер 
астындағы  ұлы  еңбектің  сырт  бейнесі.  Мейрам  ойымен  ішінде  шолып 
шықты.  Асты-үсті  бірдей  қайнаған  бұл  қала  кеше  ғана  ӛлі  дала  еді.  Бәрін 
адам жасады десек, сол адамдарды басқарған ӛзі. Ел тілегін ақтадым ба деп 
жүргенде, ел қабағын түйгендей, дос қынжылып, дұшпан сақ-сақ күлгендей 
сезінеді. Шағылмаған арлы жас жағдайды тым артық бағалады. Сондай-ақ ӛз 
әлін артық бағалаған. Теңіз сынды терең ӛмірге енді түйіле қарап қалыпты... 
Кӛз  байланып  барады.  Машинасының  тӛбесін  ашып  тастап  Щербаков 
келеді. Жалғыз. Рульді ӛзі ұстаған. Білек сыбанулы. Ӛте беріп кілт бұрылды. 
Жолдан  ұзамай  машинасын  тоқтатып,  ӛрге  қарсы  жаяу  аяңдады.  Шылым 
тартатын қартаң адамның деміккенін анадайдан естіп: 
— Сізді күтіп отыр. Тез барыңыз,— деді Мейрам. 
— Бұлар арам адамдар екен! Ӛтірік мәлімет беріп отырған. Сен туралы 
ойларын естігенде тебе шашым тік тұрды... 
— Кеш те болса, білгеніңіз жақсы. 
— Уайымдама, партия ақты ӛлтірмейді. 
— «Ӛлімді айтқанша, ұятты айтыңыз»,—деп шытынды Мейрам.— Бірге 
жүрсек  те,  ӛртеп,  бүлдіріп,  атыстырып  жүргендерді  кӛрмеппіз.  Бізді  қоғам 
қайраткері, жаңа дүниенің жасаушылары дейді. Білем, бұл үшін партия бізді 
«ӛлтірмейді», социализм мойымайды. Ар, намыс кешірмей тұр. Дұшпанның 
ойын  таппаған  ӛзін  де  таппайды.  Жұмыстың  қыбын  таппаған  жанын 
қинайды. 
— Сенен  кӛрі мен кінәлі.  Кӛрмегенім аздай,  қорғадым оларды.  Енді  не 
айтам?! 
— Ар,  сана  не  десе  соны  айтыңыз,—  деді  де  жылжып  кетті  Мейрам. 
Былайырақ  шығып  артына  қарағанда  Щербаков  әлі  сол  орнында,  аузында 
шылым  оты  жылтылдап,  вентиляцияның  бір  тіреуіне  сүйене  тұр  еді. 
«Жәбірленіп қалды ма, әбес болды ма?» деген оймен пәтеріне қарай ойысты. 
Ардақ  кездесті  алдынан.  Бағанадан  бері  сырттан  бақылап,  қараңғыны, 
оңашаны күткен түрі бар. Сӛзді бұрын бастады: 
— Осы алаңда осымен екінші рет кездесеміз. 
— Иә, бірі қыста, бірі жазда. 
— Онда  сіз  келсеңіз,  енді  мен  келдім.  Жабыңқы  кӛңілдің  ынтығы 
жұбату екені есімде. 
— Япыр-ай, жарқ етті ғой кӛңіл! Шын ба? 
— Әзір  алдап  кӛргем  жоқ.  Алдансам  ӛз  сазайым.  Белді  бекем  байлап 
келдім.  Сізді  алғашқы  рет  кӛргенде-ақ  менің  де  кӛңілім  жарқ  еткен.  Сол 
сәулеге  сене  алмадым.  Сенбей  тағы  қоя  алмадым.  «Биік  мансап  —  биік 
жартас,  ерінбей  жылжып  жылан  да  шығады,  екпіндеп  ұшып  қыран  да 
шығады»  деген  екен  Абай  ата.  Терең  сӛздің  түбіне  жете  алмай  жүргенімде, 
биіктен түсіп, қасыма жаңа келгендей болдыңыз.... 
Шын  достық,  шын  махаббат  қиын  күндерде  кӛрінеді.  Мейрамның 
басына  ондай  күн  тумаса  да  достары,  сүйгені  туғандай  кӛріп  жүр.  Бұл  тым 

239 
Sauap.org
 
жақсы  кергендіктен.  Сүйген  адамың  тұмсарса  басқаның  түнергенінен  ауыр. 
Ардақта  бұрынғы  тізгін  қашаған  мінездің  бірі  жоқ,  жақындай  түсіп 
қараңғыда жаудыраған қара кӛз Мейрамның кӛңілін электр түтікше тазартып 
тұр.  Сергіші,  енді  қашан!—  дегендей  әсем  күлкісімен  қытықтап  та  қояды. 
Мейрам иығына қол артып, ӛзіне таман бейімдегенде, сылқ етіп асыла кетті 
ақ білек... 
Сақ,  қатал  қыз  енді  аңқау,  жұмсақ.  Сақтық,  қаталдық  дегендердің  де 
шегі, кезі бар. 
— Сіз  кетесіз  ғой  бұл  жерден,—  дейді  Ардақ,—  Ӛкінгенше  айтып 
қалайын, оралған Осы білектер ӛмір бойы жазылмаса тілегім! Шыдай-шыдай 
келгенде жарып шықты бұл сӛз. 
— Сонша; зарықтырғанда кетуімді ғана күтіп пе ең? 
— Күтсем, ӛстем бе... Бос қалсаң қоқаңдай кӛңіл шіркін құлазыр әлі... 
Ардақтың  ойынша  Мейрам  бүгін-ертең  орнынан  алынады.  Кетеді. 
Қимасына шерін шертіп тұр. Жұмсақ үн, нәзік наз қар еріткен қоңыр желдей 
бойды  балқытып  барады.  Сырдаң  сұлудың  ӛзі  келіп,  бұнша  егілгеніне 
Мейрам аң-таң. 
— Мұңаймашы,  кетпеймін  ешқайда,  сырттан  үкім  жасаушы  кім?  Ӛзің 
бе? Басқа ма? 
— Жаңабіл айтты жаңа: «кергимін деп құр қалдың, ұмтыл, қоштас, осы 
арада сені күтіп жүр» деген соң келдім. 
Шегі түйілгенше күлді Мейрам. Ардақ Жанабілдің қулығын жаңа сезді. 
— Ту, шайтан! Тіпті кейіп тұрып айтып еді.. 
— Бұл заман да ӛз тонтайын шығарғаны ғой. 
— Сол  тонтайға  тым  құрығанда  «рақметтерің»  қайда!  Кепкен 
ауыздарыңнан бал тамызды ғой,— деген дауыс естілді. Жанабілдің ӛзі екен 
жеткен. Бірі құлағынан, бірі шолақ мұрыннан ұстап сығымдап жатыр... 
— Қойыңдар-ей, жеңгетай болам деп құлақ, мұрыннан айрылсам, естен 
кетпес. 
Екеуін екі қолтығына алып, Мейрам енді шат, таси сӛйлеп келеді: 
— Бүгінгі түн бұған дейінгі ӛмірімнің биігі екен! Бұл биіктен кӛрмеген 
қиналыс  пен  қуанышты  бірден  кӛрдім.  Азаптан  адам  қорқады.  Ақыры  шат 
болса, құшақтай түсу керек... 
— Сіз, сірә, философиясыз, саясатсыз сӛйлей аласыз ба?— деді Ардақ. 
— Сӛйлей  алмайды,—  деді  Жанабіл.—  Одан  да  тӛсекте  жатқанда  айта 
кӛрме,— деп сұра. 
Мейрам күлді де баяулатып ән бастады: 
Ей, Ардақ, сен ақ қоян шыңнан қашқан, 
Артыңнан мен ақ тұйғын тілеп ұшқан. 
................................................................. 
................................................................. 
Үшеуі осы Халық әніне қосыла, кең далаға бет түзеп бара жатты... 

240 
Sauap.org
 
Бейсек  пен  Ырымбек  ат  үстінде,  салт.  Ӛзен  жағалап  келеді.  Екеуінің 
мойнында  екі  қосауыз,  қанжығаларында  үш-тӛрттен  үйрегі  бар.  Жер 
дегдіген.  «Соқыр»  суы  қалпына  келіп,  ағыны  азайған.  Ұзын  арнаны  әр 
жеріндегі  ойдым-ойдым  қара  су  —  бірде  темір  астау,  бірде  жайуат  боп 
кездеседі.  Селдір  құрақты,  шоқ  қамысты  тар  арнада  отырған  құстар  дәл 
үстінен түскенше кӛрінбейді. 
— Қаршыға  салатын  жер  екен.  Суы  әлден  кермек.  Кейін  ашып  кететін 
шығар... 
— Сармантайдың бір тарауы —«Ӛжекең» дейтін ел отырған мұнда. Қой 
бағып  жүріп,  Қарағанды  кӛмірін  суыр  інінен  тапқан  осылар,—  деді 
Ырымбек.— Сонау жамбастағы кӛп қора Бапаң, ауылының орны. Тапқан сол 
ауылдың адамы... 
— Ӛздері отырықшылыққа ерте бейімделген ел-ау?.. 
— Шетінен  кірекеш,  ұста  еді.  Спасс,  Қарағандының  арасында  отырған 
ел  кәсіпқой  болмасқа  амалы  не.  Мехцехтағы  Кӛктайынша  да  осы 
ауылдардікі. 
— Антұрған тайыншадай-ақ болып, темірден түйме түйеді, ә? 
Екеуі  әр  сӛзді  бастап,  аяқтамай  тастап  келеді.  Негізгі  әңгіме  бұл  емес, 
негізгі  ермек  құс  емес.  Саяхат  тек  сылтау.  Кен,  далада  кең  сӛйлесіп, 
қапастағы  ойларын  желпіп,  тыңайтып  алмақ.  Ӛзеннен  бұрыла  беткейге 
шықты  да  аттарынан  түсті.  Аттарын  Отқа  жіберіп,  ӛздері  тамаққа  отырды. 
Бұйра бетегелі, самал желді тек қияда ащы арақтан бірер рюмка қаққан соң, 
Ырымбектің  қиялы  алысқа  кетті.  Батыстан  шығысқа  қарай  созылған 
оңтүстіктегі жатаған кӛгілдір таулардан қозғады әңгімені: 
— Мынау  қос  шоқы  —«Құлжұмыр  —  Сораң»,  арғы  етегінде  Спасс 
заводы  болатын,  Заводтың  батыс  жақ  іргесі  Байдәулет  тауы.  Бұл  жерден 
қӛрінбейді, тасада тұр. Он жеті мың жылқы біткен Жұман, Сырдан ауған беті 
болу керек, Байдәулетке келіп мекендепті. Он екі мың біткен Игілік таулары 
анау  қоңырлар.  Игіліктің болыс баласы  Тәти  жаңағы  қойшы  тапқан кӛмірді 
орыс  байларына  сатқан.  Орыс  ұлығына  алпыс  қара  ат  пара  беріп, 
Жұмандарды  бүкіл  Сармантайымен  қосып,  қыс  ішінде  «Қосағашқа»  қуып 
тастаған. Тәти, Жұманның, да ұрпақтары қазір осы Қарағандыда жүр. Азып-
тозған. Есалаң сияқты. Селт етпейді, ештемеге түсінбейді... 
— Қазақ  байлары,  Әлібектей  бірен-саран  кӛзі  ашық,  ӛжеті  болмаса, 
әуелден  ештеме  бітірген  емес,—  деді  Бейсек.—  Қанауды  білмейтін.  Қозыға 
қызыққан қасқырша жеп тынды ғой, әйтеуір. 
— Байлармен  тынса  не  ғылсын!—  дегенде  Ырымбектің  ӛңі  құп-қу  еді. 
Жапан далада, басқа түгіл досына шошып отырып айтты сырын.— Спастың 
үлкен  әкімі,  приставы  болатын.  Мен  оның  екі  жылдай  стражнигі  болдым. 
Әлихан,  Ақмет,  Елдестер  қашып  бара  жатып,  Спасқа  соққанда,  совдепте 
істейтінмін.  Жұмысшыларды  жинап,  солардың  келуіне  митингі  жасадық. 
«Қияметқайым болғанда яжүж-мажүж шығады. Большевиктер сол, қасық қан 
қалғанша қарсыласу керек» деген алаш кӛсемінің сӛзі мені осы жолға салып 
кеткен.  Орыс  жұмысшыларының  арасынан  суық  үндер  естілді.  Қазақ 

241 
Sauap.org
 
жұмысшылары да оларға еріп, еліре бастады. Сонан соң митингіні созбадық. 
Қауіптеніп,  оларды  Қарқаралы  гранына  дейін  шығарып  салдым.  Жас 
шағымда  бұл-айғақтан  ерте  сескеніп,  Спастан  ертерек  тайғамын.  Кетерімде 
архивтерде  із  қалдырмай  құртқамын.  Жұмысшы  атымен  оқуда,  жауапты 
қызметтерде он  бес  жылдан  аса ӛмір  сүргенде  ешкім  сезбеп  еді  бұл  сырды. 
Мейрамнан  денем  түршігеді.  Ішінде  үлкен  зәр  жатқан  тәрізді.  Білмеймін, 
разведка  бірдеме  тапты  ма,  әлде  ӛз  сезігі  ме?  Сол  кездерде  ол  завод 
қорғанының ішінде, табельщик Жүсіптен оқып жүрген бала кӛрінеді. Баланы 
мен байқамай, бала мені байқауы мүмкін? 
Бұл  сӛздерден  Бейсектің  де  денесі  бір  шымыр  етсе  керек.  Тыныш 
отырғанымен  тышқан  кӛзі  ойнақши  береді.  Бірақ,  кебіңкі,  кесіп  алса  қан 
шыққысыз  қарасұр  жүзінде  қобалжу  жоқ.  Үнсіз,  ұзақ  тыңдап  кезек  ӛзіне 
тиген  соң  да,  үлкен  ернін  жымыра  бірсыпыра  отырды.  Шешендігі, 
қайсарлығы ӛз ортасынан озған жігіт толғана, әдетінше жәй бастап, мүдірмей 
бір әуенмен, әлденеге қадала қарай сӛйледі: 
— Сақтық,  қорқақтыққа  айнала  кӛрмесін.  Совет  разведкасының  күші 
халықта.  Біз  халыққа  сенуді  қойған  соң  дара,  шебер  әрекеттерімізбен  ел 
аяғына шынжыр шідер болдық. Кірбеңдеп, адымын еркін жаза алмай келеді. 
Бір  Қарағандының  ӛзінде  жиырма  сегіз  авария  жасалды.  Екі  жүз  тоннадай 
азық  ӛртенді,  бүлінді.  Екі  мыңдай  карточканы,  ӛз  тілегімізше  жұмсадық. 
Орлов ӛлімі ондаған ӛлімге тұрады. Бұлар мемлекет мойнына миллиондаған 
шығын ғана салған жоқ, жүздеген адамның жанын түршіктірді. Біз сүйенген 
разведканың  қиын тәсілдерін  совет  разведкасы  табалмай жүр.  Егер  Мейрам 
анық білсе, сені бұл күнге дейін аман қоя ма? 
— Солай-ау!— деп Ырымбек орнынан қозғала түсіп қопаң етті. Бейсек 
бұдан әрі халықаралық жағдайға тоқталды. 
Ер-тоқымымен  аунай  бастаған  тортӛбел  әңгімені  бӛліп  жіберді. 
Ырымбек жүгіріп барып, тұрғызды да қайта келіп отырды. 
— Дегенмен  біз  қазған  ор  саяз  әлі.  Не  шығып,  не  аттап  кете  береді. 
Кӛктемде күткеніміз бұдан үлкенірек еді ғой. 
— Темір  жол  құтқарды,  —  деді  Бейсек.—  Әйтпесе,  әсем-ақ  отыратын 
еді.  Сӛйтсе  де  аз  әурелегеніміз  жоқ.  Қарағанды  түгіл  Алматы,  Москва 
қобалжыды. Ӛзді-ӛзі қырқысып жатыр. Комиссия бір қап материалмен ертең 
қайтады.  Мейрамның  баяндамасы  Алматыда  тыңдалады.  Сол  сапардан 
қайтпас ол. 
— Ӛзің Москваға неге барасың? 
— Негізгі жұмыс ӛзіміздікі. 
Ырымбек білуге құмартса да досы одан әрі «ӛз жұмыстарын» айтпады. 
Оны білгенше мынаны біл дегендей, тез ӛзгертті тақырыпты: 
— Босататын  болған  соң,  арыз  беріп  босанғаның  жақсы  болды.  Енді 
басқа жаққа кет. Із таста. Сезіктінің соңынан қалмайды бұлар. 
— Ӛз  ойым  да  сол.  Ісімді  қуып  обкомға  барам  да,  жаңа  құрылыстың 
біріне кетем... 

242 
Sauap.org
 
Күн еңкейіп барып қалған. Аспанның батыс жақ етегінде сәуірдің ұлпа 
ақ  бұлттары  тау-тау  болып,  жусап  тұр.  Шығыс  жақ  етекте,  тіпті  алыста 
топталған  қара  бұлттардың  жарқылы  кӛрінбейді,  күрілі  солғын  естіледі. 
Жауып  жатыр.  Жауын  жақта  доғаланған  әдемі  кемпірқосаққа  құныға  қарап 
отырды да, Бейсек орнынан тұрды. 
— Қой атқа қоналық. Құс аз екен. Жұмыртқа басуға тараған болар. 
— Жолда бір кӛлсымақ бар, соға жүреміз. 
Кӛлсымаққа  соға  жүрді  бұлар.  Киқулаған  қызғыштар  ғана  қарсы  алды. 
Басқа құс  жоқ.  Алдарында биік, ұзын жоннан будақтаған түтіндер  кӛрінеді. 
Тұрғын  ел  бұл  жонды  «Сәменқұдық»,  «Аққұдық»,  «Қарақұдық», 
«Жетіқұдық», «Тоғызқұдық», «Кымызқұдық», «Торқасқа» деп, әр сайына ат 
қойған.  Малдылар бел  асып,  жайлауға  тартқанда,  кедей,  кәсіпқой  «Елатаң», 
«Ӛжекең»  қыстауларынан  онша  ұзамай  осы  құдықтарда  отыратын.  Талай 
жылдар жайлау, күзек, егінжай еткенде міні құрамаған «құдықтар» қазір дал-
дал.  Бұрын  байтақ  жонның  бетінде  тоқымдай-тоқымдай  қарасындар  жатса, 
енді  қарарындардың  арасында  тоқымдай  ашық  алаңдар  жатыр.  Жыртып 
тастаған. Будақтаған түтіндер егінші бригадалардікі. Іргелес отырған бірінші 
совхоз  да  қалыспапты.  «Кӛкпекті»,  «Борлысай»,  «Бӛрітескен»,  «Байбасы», 
«Кәрітүлкі»,  «Шолақтүлкі»  жайлауларына  дейін  отар-отар  мал,  егінші 
бригада, звенолар. Қарағандының бұл оңтүстігі болса, солтүстігі белгілі қара 
Нұра. Жағасы самсаған ел, батыста «Долинка» совхозы. Бұл бір алып. Екі ұру 
Алтай-Қарпықтың жеріне азар сиып отыр. Жалаңаш далаға ағаш, бақша еге 
бастады.  Сусыз  ойпат,  жыралардан  ӛзен,  кӛл  жасап  алды.  Мал  мен  егісті 
кӛбейте отырып, сапасын арттыруды, табиғаттың кемтігін толтыруды мақсат 
еткен совхоз... 
Жер  жайына,  ел  жайына  жетік  Ырымбек  бәрін  кӛйтіп  келеді. 
«Торқасқадан» аса бергенде тракторшыларға кездесті. Ақ шатырдың қасында 
бес-алты  жаяу,  бір  салт  атты,  екі  трактор  тұр.  Атты  жұдырықтай  ғана  шал. 
Қолында  домбыра.  Кешкі  тұнық  әуеде  домбырасын  бұлғай-бұлғай  еліре 
шырқайды. Егіншілер аузына қарап қалыпты... 
— Тӛкен  қақпас-ау,  а?—  деді  Бейсек.  Жеткенше  бірсыпыра  мінеп 
тастады.— Аузы балпаңдап тек мақтауды біледі, дәм жоқ сӛзінде... 
Тӛкен ӛлеңін тоқтатпастан, ӛлеңмен қарсы алды бұларды: 
— Мал  балалап,  дән  балалап  жатқанда  құсқа  да  үкімет  «ӛс»  деген. 
«Ӛсірмен оны» дегендей, бұларың не теңдеген? 
— Үйрек қой. 
Кӛктей орған егінді — 
Кӛкаяз таба нан жейді. 
Семіртпей сойған арықты 
Кӛке жасық ет жейді, 
Еті түгіл қаны жоқ 
Келіндер бұдан не жейді? 
Қызығы керек те? 

243 
Sauap.org
 
Жетім тастап баласын, 
Анасын ату қызық па? 
Жайнаған мына дүниеде 
Басқа қызық құрып па, 
Қанды болса қолдарың 
Құртып берші қасқырды, 
Күнде шауып қотанға 
Ұйқы шайдай ашылды... 
Бейсек ӛлеңнің ақырын күткен жоқ. «Болды, қой, әрі!» дегендей қабағын 
кіржите тәкаппар мінез кӛрсетті де жүріп кетті. 
Менің де ісім асығыс 
Қош тұрыңдар, балалар, 
«Норма» деген қапшықтың, 
Толтыра аузын байлаңдар, 
Диқаншы жұртты аралап, 
Сол үшін ақын жар салар,— 
деп Тӛкен де тебіне жӛнелді. 
Былайырақ шыққан соң Бейсек артына бұрыла қарап: 
— Қап!—деді.— Анау қақпас болмағанда егіншілердің де аужайын түйе 
кететін едік. 
— Тіпті  сӛз  беретін  емес.  Сексенге  келгенде  шоқытуын  қарашы.  Не 
қысып барады екен бұны, жатсайшы. 
— Халық ақыны деп, құтыртып қойған жоқ па? Жәй жүріп, заман жәйін 
ӛздерінше  толғап,  кӛз  байлана  қалаға  енді  екеуі.  Аттарын  жолшыбай 
атқораға  қалдырды.  Бейсек  ертең  Москваға  жүрмек.  Пәтері  жолда  болатын. 
Құс  етін  жей  отырып,  тағы  да  әңгімелесуге  Ырымбекті  ерте  келді. 
Күлімдеген қызметші қызы бар. Жер ауған орыс кулагының қызы. Сол қызға: 
— Шайды самауырмен бер. Мыналарды қуырдақ жаса,— деді де Бейсек 
түйіле,  тым  сылбыр  барып  қисайды  диванға,  бір  жері  ауырған  түрі  бар. 
Ырымбек сезе қойды: 
— Шаршап қалдың ба? 
— Ӛзен  басынан  аттанғаннан  бері  жүрегім  жайсыз.  Қобалжи  ма,  айни 
ма, білмеймін. 
— Ӛлі  су  ішкен  жоқсын.  Арақты да  аз  іштің...  Колбаса,  консервілердің 
бірдемесі болмаса. 
— Асқазаным дұрыс тәрізді. 
— Ендеше суық сумен жуынайық, тез сергітеді. Жуынса да Бейсек серги 
алмады.  Алдында  альбом,  Ырымбекке  ертеректе  түскен  суреттерін  кӛрсетіп 
отыр. Қазақтың ескі оқымыстыларының, алаш басшыларының бірсыпырасы 
бар екен. 
Қызметші қыз: 
— Ас дайын,— деген кезде есік қақты біреу. 

244 
Sauap.org
 
Қызыл жағалы, қарулы екі адам енді. Қолын ұсынғанда екеуі екі ордерді 
қоса  ұсынды.  Бозарып  сылқ  отыра  кетті  Ырымбек.  Бейсек  түнере,  сілейіп 
тұр... 
— Киініңіздер! 

245 
Sauap.org
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет