XI
188
Sauap.org
Қалалық партия комитетінің алдында адам бүгін тіпті кӛп. Біреу келіп,
біреу кетіп, сапырылысып жатыр. Партияда бары да, жоғы да Мейрамның
алдын бір кӛріп шығады. Мейрам екі күннен бері соларды қабылдаумен
отыр. Мінезі, ұлты, жынысы әрқилы кӛпшілік бӛркемік басшыны мүжісе,
қайратты басшыны қайрамай ма. Мейрам қажыған да, жалыққан да жоқ.
Әрқайсысынан бір ӛзгешелік кӛріп, кӛрген сайын құныға береді. Оқып
жүрген кезінде түйінді, философиялы тақырыптарды алыстан іздейтін. Енді
ӛмір ӛзі тықпалам тұр. Miнe алдыңдағы үш коммунистің бірі оңай мәселені
қиындата қойды:
— Ӛлкелік партия комитетінің қаулысымен келдім. «Мыңның» бірімін.
Тегім батырақ. Азамат соғысын басымнан кешірдім. Әріректе болыстық
ревкомды, бертінде аудандық атқару комитетін басқардым. Шырағым-ау,
енді атқораны басқар дегенің қағажу қылғаның ба, танымағаның ба? Міне
документ...
Орта жаста, орта бойлы, кӛлденеңі шығыңқы, безеу бет, қара кісі
кӛнетоз қағаздарды будыратып, жайып тастады. Бел қылған, бетке ұстаған
қағаздары кірлеп, бүктесіңдері қырқылып қалыпты.
— Тоздырып тастапсыз ғой,— деді Мейрам.
— Тозса кӛшіртіп алам, оқа емес.
— Кӛшірмеден түп нұсқа қымбатырақ. Қымбатын сақтаңыз.
Документ иесі бұл әзілге түсінді ме, түсінбеді ме, жауап қайырған жоқ.
Мейрам документтермен танысты. Маусымбаевтің сіңірген еңбегі рас екен.
Бірақ, бір кезде үлкен Маусымбаев, бұл кезде тіпті қораш кӛрінді.
Документтері қандай ескірсе, ӛзі де сондай секіруге айналған. Атқораны
менсінбейді, одан үлкен қызметті кӛтере алмайды. Кеудесі жоғары, ӛзі тӛмен,
ақпейіл жан әлін білмей, дәмесі үлкенде.
— Бүкіл Қарағандыда Щербаков пен Гительманда ғана бірден машина
бар. Оны алып бере алмаймын.Ол орынға ӛзіңіз де таласпассыз. Щербаков
ұйғарса, әзірше сол атқорасына бара тұрыңыз. Қырық-отыз ат, қаншама
сайман, шаруашылық бар қарамағыңызда. Келешекті ісіңіз айтар.
Маусымбаев қағаздарын жинап алып, шығып кетті. Үндемесе де үйдей
ӛкпе арқалап кетті. Қалған екеудің біреуі Аталық деген жігіт. Бір сұраққа бір
сағат сӛйлесе, жалығар емес, ағып тұр. Аз ӛмірінде кӛп шарлаған. Суретші,
биші, режиссер, драматург, ақын кӛрінеді. Бес мамандықтың бірін мықтап
ұстамапты. Кӛп шарлауы содан болса керек. Бұл да документтерін қопара
бастағанда.
— Қозғамаңыз,— деді Мейрам.— Айтқаныңызға сендім. Кӛп білген
жақсы, соның ішінде бірді мықтап ұстаған жақсырақ. Қалалық советке
барыңыз. Қанабек орналастырады.
— Бармаймын, барғамын,— деп ӛршеленді Аталық.— Қанабегіңіз
тентек. Салған жерден «летун», «балтун» деген соң кетіп қалдым. «Мыңның»
ішінде келген кадрды осылай қабылдай ма?
— Ол кісі сізді бұрыннан білетін бе еді?
189
Sauap.org
— Білгенде қандай...
Мейрам әдетінше жымия күлді. Қанабек тауып айтқан тәрізді.
Қарағандыға тұс-тұстан құйылып жатыр халық. Соның ішінде партияның,
үкіметтің ерекше қаулысы бойынша бес жүздеп, мыңдап тобымен келетіндер
бар. Алғашқы «бес жүздің» ішінде: Бейсек, Ырымбек, Гительман,
Жұманияздар, одан соңғы «мыңның ішінде Әшірбек, Қанабектер, кейінгі
«мыңның» ішінде Маусымбаев, Аталықтар келді. «Бізді партия, үкімет
жіберді» деп, бұлардың қайсыбірі бұлдана келеді. Ӛндіріс әркімге ӛз бағасын
береді. Әділін айтқан Мейрам жау түгіл кейде жақынның, да кӛңіліне қаяу
салды. Тап тартысы, пікір таласы, жеке мүдде мен кӛп мүддесінің
арасындағы қайшылықтар, ӛрге сүйреген ӛнер-білім, кейін тартқан надандық,
икемсіздік, бұларға жұмыс үстінде кездесетін табиғи қиындықтар қосылып
жатыр. Осының бірі қалалық партия комитетіне соқпай кетпейді. Бәрін
кезінде шешу керек. Созса у шығады. Үлгірем деп Мейрам күннің қалай
ӛткенін білмей жүр. Қайнаған ӛмір, оның жігерін де қайнатқан. «Шаршадым»
деген сӛз шықпайды аузынан. Қайта ер адамды, әр қиындық ширата, тыңайта
түсетін сияқты. Күндіз-түні алды босамай, кӛп талқысында отырса да,
Аталыққа күле қайырды жауапты.
— Мен сізді Қанабектен кем білем. Біреудің ісіне қол сұғу лайықсыз.
Әйтседе айтып кӛрермін. Сол кісіге тағы барыңыз. «Летун», «балтун» дегені
рас болса, шамданбау керек, болмауға тырысыңыз. Бекер болса ӛзінен-ӛзі
қалады...
Аталық та ауыр шықты үйден. Бірге кірген үшеудің үшіншісі әйел
болатын. Жасы отыз шамасында, аласы аз, мӛлдір, үлкен кӛзі байсалды, ойлы
қозғалады. Келгелі үн қатқан жоқ. Анда-санда Маусымбаев пен Аталықтың
сӛзіне жәй ғана езу тартып отырған. Әлі де үнсіз еді.
— Жеңгей, сӛйлеңіз,— деді Мейрам.
— Мен, жаңағы кісілердей саудаласпаймын. Тек трестің қарамағына
жібере кӛрмеңіз.
— Трестен неге қашасыз?
Әйел кідіріп қалды. Мейрам ежіктей түсті.
— Қызмет кӛп. Себебін айтсаңыз, онда жібермеуге болады.
— Тресте менің айрылысқан күйеуім істейді.
— Кім?
— Бейсек Керимов.
Мейрам алдындағы тізімге қайта қарады. «Марияш Керимова» таныс ат,
таныс фамилия. Бейсек Керимовичтің партиялық ісін ақтарғанда
кездестірген. Сол Марияш осы екенін жаңа білді.
— Екеуіңіз де жас, мінез, білім жағынан ұшқалақ кӛрінбейсіз. Қалай
айрылысқансыздар?
— Бізді айырған ұстамсыздық емес, ұстамдылық. Әрқайсымыз түскен
жолымыздан қайта алмай кете бардық.
— Жолдарыңыз бӛлек болғанда қалай қосылғансыздар?
190
Sauap.org
Марияш тӛмен қарап, толғана отырып, тағы да бір езу тартты:
— Ұзақ жолдық айрылыстарын білмеппіз,— деді содан кейін.— Ол кісі
ертеректе оқыған. Мен совет тұсында ғана рабфакті бітірдім, екеуміз де
коммуниспіз. Біріміз Ӛлкелік комитетте әйелдер бӛлімінде істедік. Біріміз
халық комиссары болдық. Келе-келе ол тӛмендеп, облысқа кетті. Неге
тӛмендегені белгілі. Айрылыстым екен деп, ағына қара жара алмаймын.
Зерек, іскер, ойлы адам. Бірақ, қанына сіңген кейбір ескілік — феодалдық
мінездерін тастай алмады. Мен оған шыдадым. Сол мінез ақыры
ұлтшылдыққа, оңшылдыққа әкеп соққанда, қарсылық білдірдім. Бұған ол
шыдамады. Айрылысып тындық.
— Ӛлкелік комитеттен не себепті кеттіңіз?
— Күйеуімнен қала алмадым. Бетке шіркеу түскен соң қалудың ӛзі қиын
екен.
— Бұнда да қала алмай келдіңіз бе?— деп қалжыңдады Мейрам.
— Иә,— деді Марияш.— Онда қимай ерсем, енді қиып келдім. Бұл ӛте
қауіпті адам. Аңдуға, аластауға келдім...
Ашусыз жәй айтып отыр. Сӛзі ызғарлы, орамды жатыр. Жастық, әйелдік
мінездер байқалмайды. Басынан кешкенді мұқият есептеп, түйген түрі бар.
Ӛмірдің ендігі ұсынғанын тексермей, таңдамай қабылдар емес. Мейрам
ұзағырақ әңгімелесіп: кӛп еркектен қабілетті, ойлы әйел екен деген пікірге
келді.
— Қалалық партия комитетінде істесеңіз қайтеді? Бізде қазақ әйелінен
партия қызметкері жоқ.
— Лайықтағандарыңыз болсын.
— Онда маған азырақ уақыт беріңіз. Қызметіңізді ойласып белгілейік.
— Жарайды,— деді Марияш. Қоштасып шығып кетті.
Кабинет оңаша. Жаңа келген топ бӛлініп, орналасып болды. Ұзақ
отырыстан кейін Мейрам бой жазып жүр. Антонина Федоровна енді.
Қолында папка. Папканы столға қойып, сұлық тұр. Әдепті, байыпты тұрыс.
Мейрам орнына келіп отырғанда ғана тіл қатты:
— Бюроның қаулысы. Бүгін ас ішпедіңіз ғой?
— Қол тимеді.
— Жүдеп барасыз. Тым құрыса үзіліс уақыттарың демалыс күндерді
дұрыс пайдалансаңызшы.
— Дұрыс айтасыз,— деп Мейрам папканы ашты. Қол қояр қағазын
машинкеден кейін де бір оқып шығады. Нүктесіне, үтіріне дейін түгелдейді.
Бұл ұқыптылығы басқаны да ұқыптылыққа үйретіп келеді. Ӛз мекемесі
тұрсын, басқа мекеменің адамдары ол оқитын қағазды қадағалап қарайды.
Әсіресе, Антонина Федоровна сақ, іскер, бастығынын, стилін біліп алған,
кӛңілдегі жерден шығады.
— Уақыт кетіріп қайтесіз. Мен екі рет оқыдым,— дейді.
— Сенем сізге. Сенгіштік кейде салақтыққа апарады. Соған бармау үшін
оқимын.
191
Sauap.org
Антонина Федоровна таза, кӛкшіл кӛзін күлімдете, басын әнтек
шайқады да шығып кетті. Мейрам бюроның қаулысына үңілуде. Бұл бір
ӛзгеше маңызды қаулы. Ӛндіріс ӛскен сайын басшылыққа қойылатын тілек,
талап та ӛсті. Кешегі күннің биігі, бүгін аласарып, кешегі тәсілдің
бірсыпырасы бүгін тозып қалған. Бейсек, Ырымбек, Әлібек сияқты жаулар
ашынса, Гительман сияқты достар түсінбей томсарып жүр. Былайғы жұрттың
ішінде ескі мен жаңалық күресі, ӛскелең индустрияны баурау күресі жүріп
жатыр. Еңбек, салт-сана майданындағы тартыстар жаңарған, тереңдеген кез.
Осы қиын жағдайда мына қаулы үлкен ӛзгерістер жасамақ: жаңа жұмысшы
табын партия маңына шоқтай үйіріп ұстауға шақырады. Ӛндіріс,
мекемелерде жұмысшы бақылауын күшейтеді. Комсомол ұйымының
басшылығымен «жеңіл кавалериялар», озат жұмысшылардан екпінді
бригадалар құрылады. Ӛжет, іскер, талапкерлерді батыл кӛтеріп,
қажығандардың қолынан тізгінді алып отыр. Сейтқалы шахта басшылығынан
ауысып, шахткомға келмек. Жұманияз кӛміршілер комитетінен жоғарылап,
қалалық профсоюз кеңесін басқармақ. Жанабіл қалалық комсомол
комитетінде бірінші орынбасар болмақ...
Бюрода осы ойларын ӛткізген Мейрам, қаулыны оқып шыққанда, жаңа
ауа жұтқандай сергіп қалды. Қарсы күштерді кӛріп қауіптенсе, халық күшін
кӛріп ерленді. Қол қойып болған соң, қою қара шашын қайырып тастап,
кірпік қақпастан әлденеге қадалып отыр. Қолы ӛздігінен қоңырауға барғаның
Антонинаның қайтып енгенін байқаған жоқ.
Оның ойы осы кезде сонау жер астында, тереңде, табиғат қамалдарын
бұзып жатқан шахтерлермен бірге істеп жатты. Сол ойды бұзуға қимай,
сезгіш Антонина тұрыңқырап қалды.
— Қол қойдыңыз ба?— деді, әлден уақытта.
— Қойдым. Бастауыш партия ұйымдарына телефонограмма беріңіз:
талқыласын, әр забойдағы шахтер білетін болсын бұл қаулыны,— деді де
телефон трубкасын кӛтерді.— Сергей Петрович! Бірінші шахта божырап
барады. Осипов табысқа мас болып қалған және сізді арқа тұтатын кӛрінеді.
Осы шахтаның жиналысына ӛзіңіз қатнасыңыз.
— Әбден қатынасамын!—деді Сергей Петрович.— Онда бірсыпыра
мәселелер туып отыр.
Мейрам трубканы іле-сала қайта кӛтерді.
— Қанеке! Бүгінгі газеттегі жұмысшы хабарын оқыған шығарсыз?
— Оқымақ түгіл комиссия құрып тексерткелі жатырмын,— деген
Қанабектің дауысы сарт-сарт естіліп тұр.
— Дұрыс істегенсіз. Карточкаларды товарландыруда былық кӛп. Әр
магазинге кӛпшілік бақылауын дұрыстап қоймайынша, ол былықтан арылу
қиын.
Асшы әйел тамақ әкеп қойды. Ол кеткен соң Мейрам Антонинаны
қоңыраумен шақырып алды:
— Шаршадым. Күлдіргі, кӛңілді бірдеме айтып жіберіңізші, жеңеше?
192
Sauap.org
— Жӛнелдемеде не түседі ауызға. Айтпақшы Сергей Петровичтің
мақтауымен Ардақты кӛруге мектепке бардым бір күні. Ардақ мұғалімдер
бӛлмесінде кездесті. Сылтау тауып жарты сағаттай әңгімелестім. Ӛмір қанша
бай болса да ақыл, кӛрік, мінез, сӛз, ғылым, қайрат — бәрін бірден ілуде бір
адамға береді. Ардаққа берген сияқты. Сондай қызды сіз әлі қинап келесіз,
Сергей Петровичтің сізді қатал деуінде ең құрыса шындықтың ұшқыны
барма деймін,— деп Антонина күлімсіреп телміре қарады. Ӛткір кӛзі терең
іштің түбін кӛріп тұрған тәрізді.
Мейрам Ардақ десе толқымай қойған емес, жұқалаң ақ-сұр жүзі қызғылт
тартты. Толғана қайырды жауапты:
— Жат түгіл жақынның кӛбі кӛңіл шіркінді тани бермейді. «Қаталдық»
ұстамдылықтан туады. Бұл адамға ең керекті қасиет. Ӛзіңіз мақтаған Ардақ
қандай қатал! Әйелді «нәзік» деген ұғым бар. Сол «нәзік» әйелдің тӛзімділігі
еңбекте, махаббатта, еркекті әлденеше орап жатыр. Қадірлі Антонина, сырлас
дәмдес болсақ та түсінбепсіз мені. Қинаушы мен емес, Ардақ.
— Солай ма! Оның да бір себебі бар шығар. Жақының кейде жаттан әрі
қинайды, бірақ, жақынның берген азабы, жаттың берген рақатынан
жайлырақ.
— Дұрыс сӛз. Ал, мен шахтаға кеттім,— деді де Мейрам киіне бастады.
XII
Қысқы қысқа күндер тез ӛтіп жатыр. Шахта ӛмірінде бір күн елеусіз
ӛтпейді. Шахтерлердің әр күннен алашағы бар, алса қуанады, алмаса
ренжиді. Қайсысы болса да кӛп алдына сарапқа түсіп, әйгіленіп отырады.
Қазір бірінші шахтада қызу жиын. Тақтай — стандарт үйдің бір бӛлмесі
қызыл мүйіс. Онда екі жүзге тарта адам жиналған. Дені қайлашы, тіреуші,
күрекші, вагоншілер. Бірсыпырасы жұмыстан шыққан бетінде, жұмыс
киімдерімен келіп, артжақта бірыңғай отыр. Абажурсыз электр лампалары
кӛз ұялтады. Ойлы ӛңдері суық топ, ӛткір жарыққа шүйіле қарап, қыбыр
етпей тыңдауда. Тиыштық бұзған дыбысқа алара қарайды. Трибунада трест
инженері Әшірбек сӛйлеп тұр. Бастауыш партия ұйымының секретары —
екпінді бригадир Ермек, қалалық комсомол комитетінің екінші басшысы —
Жанабіл, қалалық профсоюз кеңесінің бастығы Жұманияздар президиум
столында, тӛрде. Осы жаңадан жоғарылағандардың ортасында нар денелі
Щербаков, нәубес Сейтқалы да отыр. Бір шахтаның ӛзіндік, сменалық
жиналысына ӛндіріс, қала басшылары келе бермейді. Бұл Қарағандыда
тұңғыш туған, жоспары үлкен, жұмысшысы кӛп шахта. Сӛз, ӛнеге осыдан
басталады. Әшірбек сонда да қатты сынады:
— Ескі Ресейдің, жебір ағылшын байларының жанды жеген қолбұран,
атбарабанынан тез құтылғанымыз қуаныш болса да, мақтаныш емес,— деп
кеуде қағып жүргендерді бір тежеп тастады.— Бүгінгі капиталист
ӛндірістерінен мол, әрі арзан беру мақсат. Сондықтан социалистік жоспар,
социалистік қарқын барған сайын үдей түседі. Үдеудің де мӛлшері бар.
193
Sauap.org
Бірінші шахта еткен жылы ай бойында бергенін, биыл бір күнде беріп келеді.
Сонда да аз беріп келеді. Күшті дұрыс бӛліп, дұрыс пайдаланса, жұмыс
тәсілін тапса, бұдан әлдеқайда артық берген болар еді...
— Сол тәсілін айтшы, тәсілін!— деген дауыс шықты артжақтан.
— Иә, иә!— деп оны орта кезден тағы біреу қостады.
— Дайындық жұмыстары бӛгеп жатыр,— деді Әшірбек. Ортасы дӛңес
мұрнын орамалмен қапсыра ұстап сіңбірді Бұрын ашылмаған адам
ашыларда, біреуге соқтығарда, ӛзі тиыш тұра ала ма. Қызып алған. Тершіп,
тықыршып тұр — Бұл шахта қысылмау үшін мың метр жол ашу керек еді.
Ашқаны алты жүз ғана. Жол ұзармай, кӛбеймей қалың кӛмір қойнына
кіргізбейді. Сырттан қажалап ауыз толтырмақ түгіл, тісің батпай тұрып
қаласың біразда. Шахта бастығы жолдас Осипов күнделік норманы асыра
орындаса, трест бастығы Щербаков жолдас арқаға қағады. Ермек жұмыс ӛрісі
тарылып барады, кеңейтейік деп зарласа, Осипов «байбалам» деп күледі.
Күнделік табысқа мәз болып, айлық, жылдық табысты жоғалтатын басшыны
арқаға қаққаннан, маңдайға шерткен пайдалырақ. Жол ашушы — проходшы
Ермек бригадасын жеңіл табыстарға пайдаланғандықтан шахта әрі кетсе екі-
үш айда тұйыққа тығылады. Ол тұйықтан шығаруға айлар, бәлки жыл,
мыңдаған сом ақша керек. Осипов жолдас мұны неге есептемейді? Кейінгі
бір айдың ішінде екі жүз жетпіс бес жұмыс сағаты ӛндірудің орнына, бос
тұрумен, бүлінгенді түзеумен кетті. Жол бұзылып қалады, тӛбе құлайды,
материал кезінде келтірілмейді... Бұған істеушілер, басқарушылар кінәлі
болмай мемлекет неге кінәлі! Бәрін «білместікке», «тәжірибесіздікке» жауып,
шығынды мемлекетке аударып келеміз. Осы «білместік», «тәжірибесіздік»-
тің ішінде зиянкестік, жауапсыздық жоқ па? Неге тінте қарамаймыз?
Осиповтың үстінен Щербаков құс ұшырмайды. Артық сенімнің арты
алданышқа соқпай ма?..
Ешкімнің бетажарына қарамастан Әшірбек ӛзара сынмен сойып салды.
Сарғылт беті қызарып, самайынан тер ақты.
Әшірбектен кейін трибунаға асыға шыққан Осипов еді. Тым ерте
сүрінді. Салған жерден:
— Сергей Петрович біледі... Сергей Петровичтің кӛрсетуімен...— деп
Щербаковтің тасасына тығылса да қоймады жұрт.
— Ӛз білерің бар ма?
— Жаңағы айтылған кемшіліктерді кӛремісің, сірә?
Түс-тұстан іліп-қаққан соң күйгелек Осиповта береке қалмады. Түкірігі
шашырап, қолын дамылсыз сермейді. Сӛз желісі үзілген:
— Бремсберг... Орлов ашқан запас бар...— деп қайта-қайта айтады.
Бремсбергі бүкіл шахтаны сүйреп тұрғаны рас, бірақ ол қаншаға жетеді?
Орлов тапқан ұзын жал кӛмір әлі алусыз екені де рас. Алған күнде жылдық
жоспар орындала ма? Жоспарлы дайындық жұмыстарын тоқтатып, қолда
барға қанағаттанған Осиповты Әшірбек қаттырақ соқты:
194
Sauap.org
— Кӛмір теңізі тұрғанда құдық шұқыған бишара!— деді мырс етіп.—
Уклон ұзамай, штрек кӛбеймей шахта кеңімейді, кӛмір молаймайды. «Орлов
тапқан запасты» зерттеу керек әлі..
— Зерттелген. Дайын кӛмір.
Кӛптің ішінен қарт шахтер Сыпанның жуан даусы естілді:
— Зерттелсе, аржағында кӛл қанша жер екен?
Осипов мүдіріп қалды. Орловтан естігенін айтып еді, Орловтың ӛзі де
зерттеуге үлгірмей кеткен. Бұрғы салып байқау керек. Ол ұзын жал кӛмірдің
аржағында «Герберттың» үлкен кӛлі жатыр. Алыс-жақын жатқаны белгісіз.
Біліп алмай оңай кӛмірге қызығып, су апатына ұшырау да мүмкін.
— Сол қызыл маман тегін айтқан жоқ, зерттелсін,— деді Сыпан.
«Қызыл маман» дегені Әшірбек. Ағылшындар тұсында басшыларды жек
кӛретін ескі жұмысшыларға ол жаға білген. Солардың бетімен пікірін батыл
айтты. Бірақ, кӛп тыңдап, аз сӛйлеп, ауыр отырған бұл жиынның қазіргі
сырын сезе алмады. Ысқақ, Құсайын, Шәймерден сияқты қарт шахтерлер
ойланып, томсара қалған. Жаңа жұмысшылар бұлардың аузына қараса, бұлар
президиумдағы Ермекке қарайды. Ермек басын тӛмен тұқырып, ӛзімен ӛзі
болып отыр. Осипов біраз шырылдады да трибунадан кетті. Сӛйлеуші жоқ.
Жиналыс басқарушы Ермек:
— Кім сӛйлейді?— деп үш рет қайталады. Ешкім шықпаған соң:
— Сӛйлемесе болмас,— деді де, жәй басып, салыңқы қабақпен ӛзі
кӛтерілді трибунаға. Қол соқты, бәрі, бұрынғылардың біріне соқпаған. Аз
сӛзді, ауыр мінезді, турашыл Ермегінен, кӛңіл түйткілдерін жадыратуды
асыға күтті кӛпшілік. Ермек асықпай тұрып:
— Қаңғыраған бес-алты қорадан, ӛндірісті үлкен қалаға айналған
Қарағанды жұмысшы білегімен жасалса, сол жұмысшылар Мейрам мен
Щербаковтың еңбегін ӛзгеше бағалайды,— деді қабағын түйе — Осипов пен
Әшірбек Щербаковқа орынсыз жармасады. Сын — шын, әділ болғанда ғана
адамды түзейді.
Ермек енді ішкі тәртіпті, жұмысшылардың ӛзін мінеп тұр. Басқалар
сипап, жасқана айтатынды, қымсынбай батыл айтады. Қайлада алдына жан
салмаған қарулы, балғын дене күшімен ғана емес, турашыл мінезімен,
беделімен де бағындырып алыпты кӛпті. Бәрі бүлк етпей қарап қалған
аузына...
— Қалалық партия комитетінің қаулысы бойынша құрылған «жеңіл
кавалерия» жұмысшы бақылауын жандандыра түсті. Былық, бюрократизм,
жауапсыздық дегендер бірінен соң бірі ашылып жатыр. Бұл, ӛндіріс жегілері
құрымай ӛндіріс ӛркендемейді. Кешегі тексеріс бір ғана сменада кӛмірмен
аралас бес вагонетка порода шыққанын кӛрсетті. Бұны тапқан Жанабіл
жолдастың комсомолдарына кӛп рақмет.
— Қалтайдың сменасы одан да кӛбірек берді,— деп салпауыз Әкім
айғайлады.
195
Sauap.org
— Әне, кеше келген жас: Забойшы— «жеңіл кавалерияның» мүшесі
Әкім қарт Қалтайдың бетіне басты,— деді Ермек.
— Күрес тек кӛмірді мол ӛндіруде емес, сонымен қабат кӛмір тазалығын
сақтауда. Ленин айтқандай, аз беріп, кӛп алғысы келетіні мемлекет
мақсатынан ӛз мақсатын жоғары қоятын сұмдар бізде де бар. Вагонеткалар
кейде тӛрт елідей толмай шығады. Бастапқы кезде олақ ӛлшеуден жеп
дәндегендер енді вагонеткадан жемек. Конторшы, есепшілердің ішінен де
жемтіктестер табылады. Бұл ұрылардың жегенін желкесінен шығармай
тынбаймыз,— деп Ермек, жуан жұдырығымен столды қаттырақ нұқып
қойды.— Бізде «бүркіт» деген бір сӛз бар. Құсбегілер оны аңға жіберсе,
біздің «бүркітшілер» шахтаны қиратуға жібереді. Арқан үзіледі, тіркеу темір
шығып кетеді, не жол бұзылады. Әйтеуір вагонетка қашады. Бұл «бүркіт»
кӛбінесе адамға түседі. Тіреу кезінде тірелмей, тірелсе дұрыс тірелмей тӛбе
құлайды. Вагонеткашілер жол жамандығынан мықшыңдап жатқаны.
Қайсыбіреулер сылтау тауып, жұмысқа шықпайды, онысын тағы
хабарламайды, сӛйтіп бүкіл бригаданың жұмысын ақсатады... Әшірбек
айтқан «жоспарлы дайындықты» былай қойғанда, осылардың ӛзі еңбекті
шідерлеп, берекені кетіріп тұр. Ашып айту керек, ӛндіріс жауы біреу емес,
екеу. Бірі— жыландай жорғалап, абайсызда шағатын тап жауы болса,
екіншісі — бейқам, жауапсыз достар. Ленин партиясының қағидасы —
революциялық қырағылық, алғыр ой, батыл, шебер қимыл — пролетариат
дәстүріне айналды. Бұл дәстүрді бұздырмаймыз ешкімге!
Ермек салқын барып, қызу қайтты трибунадан. Сол қызу кӛптің қызуы
екен. Әр тұстан қол кӛтеріп, сӛз сұрап жатыр. Кӛсе Ысқақ орнында тұрып,
аузынан жалын шашып тұр:
—...Айтқан соң әкесін танытып, кӛзін шұқи айту керек. Мынау отырған
Бодаубек «бүркітін» екі рет жіберді бізге. Бірінде — бәрімізді қиратып кете
жаздады. Бірінде — бір адамның аяғын сындырды. Енді жіберіп кӛрші, құдай
біледі, әкеңді танытамыз. Әлгі «кӛсеу қара» бар ма осында?!— деп Ысқақ
жан-жағына қарады. Кӛптің, ішінен кӛре алмады Әлібекті — сол ылғи
кезеңді істің кезінде ауыра қалады, жайшылықта сау. Әзірге мені екі рет
отыртты. Ауру болса жер үстіне ауыссын. Бұдан былай қоспаймын
бригадама. Жәнібектің кӛзі адырайып барады. Адыраймақ түгіл шығып кетсе
де жасыра алмаймын. Сен әнеукүні ішіп түстің шахтаға. Десятник
бұлғалақтап жүргенде, жұмыс түзу жүрмейді. Үремке достарға жағдай
жасағыштығың бар. Тиімдірек, қолайлырақ жұмысты соларға бересің. Шахта
сенің жеке меншігің емес. Бұл мінезді тастамасаң білек сыбанып күресеміз,
жолдас...
Адуын Ысқақ босаңсығанның біразын қарпып-қарпып алды. Бүкпесі,
қалтқысы жоқ, тілі ұзын, ниеті ақ, екпінді, ескі шахтердің мінезі бәріне
мәлім. Ешқайсысы айтыса алмады. Астыңғы ернін салбырата, трибунаға
Әкім шықты. Тіпті мол дене, ӛзгенің емшегінен келсе, бұның кіндігінен
келеді трибуна. Аңқау сӛйлеп, салқам тұр. Ӛзі баулыған жас қайлашының
тұлғасын, сӛзін қызықтап Ермек жымың-жымың етеді.
196
Sauap.org
—...Ермектен кейін ақшаны кӛп алатын, кӛмірді кӛп беретін мен едім,—
деді Әкім.— Басыбайлы забойым жоқ. Десятник Жәнібек біресе раскосқа,
біресе күрекке салады. Қайлашының күні ұсақ-түйек жұмыспен, бос
жүріспен ӛтсе, кӛмірді кім береді? Забой болмаса кӛмір қайдан шығады?
Жанабіл жолдас күнде ұрысады маған. Комсомол мүшесісің, екпінді едің, не
қара басқан дейді. Мені қара басқан жоқ, басса десятникті, шахта бастығын
басқан болар.
— Комсомолдар ондай басшыны сергіту керек!— деген Жанабілдің
дауысы саңқ етті. Қасындағы Осипов бұрыла қарады оның бетіне.—
Комсомол жиналысына неге салмайсыңдар? Пікірлеріңді партия алдына неге
қоймайсыңдар?
— Ол кісі бұл ұйымның екеуінде де жоқ қой....
— Профсоюз қайда!— деп Жұманияз араласты — Шахтаком не бітіреді?
Ӛндіріс мәжілістерін де елемей ме, Осипов?
— Елемейді. «Жеңіл кавалерия» талай былықтың, үстінен түсті. Ӛндіріс
мәжілістерінде, қабырға газетінде жұмысшылар он үш түрлі мәселе кӛтерген.
Соның үшеуі ғана шешілген. Ӛзгесі қағаз бетінде қалып қойыпты...
Қалып қойған он үш мәселені Әкім атап берді. Жаңылмастан жатқа
айтты. Озат жұмысшылардаң комсомолдардан құрылған «жеңіл кавалерия»
партия қолында қырғи сияқты. Мекеме, ӛндірістерді үймелей бастаған
былықтарға тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ешкімнің бет ажарына қарамастан
газет бетінде, топ алдында айыптыны сӛгеді, сынайды. Оның ақыры
біреулерді сотқа тартып, не орнынан алып тынады. Бүгінгі жиын Осиповқа
кӛбірек шүйілді күнделік табыстарға мәз болып, шахтаның келешегін аз
ойлапты.
Әсіресе, Осиповтың ӛзімен бірге келген Костя Симаков сияқты Донбасс
жұмысшылары батыл сынады. Міне енді трибунаға жас Ворона кӛтерілді.
Ашаң, қоңыр жүзі қызғылт, салған жерден қолын сермей қызу сӛйлеп
барады:
—...Партияның алты шарты орындалмайынша, ӛндіріс алға баспайды.
Осипов жолдас шаруашылық есепке шорқақтығын әбден әйгіледі.
Кемшіліктердің кӛбі обезличкадан, әр жұмысшыны ӛз орнына қоя
білмегендіктен туып жатыр. Бұған шахта бастығы Осипов, десятник Жәнібек
қана кінәлі ма?! Бұл кінәға Ермек Борантаевич,— партком де, Сейтқалы
жолдас — профком де, Щербаков жолдас сіз де ортақ.
— Дұрыс айттың!— деді Әкім. Сүйсінгеннен қопаң етіп бір қозғалып
қойды. Щербаков Ермекті түртіп қалып, күлім-күлім етеді:
— Тос арқаңды комсомолецтерге.
— Бұл екеуі ӛзара жарысып, бір жарым, екі нормадан беріп келе жатқан
комсомолецтер. Кейінгі үш күнде бӛгетке ұшырап еді. Бүгін дәу де болса
Жанабіл қайрап салған шығар,— деді Ермек қалжыңдағанда.
197
Sauap.org
— Кім қайраса да ӛткір қайраған,— деді Жанабіл.— Сақал-мұрттарыңыз
ӛсіңкіреген екен, қырып жатыр Ворона, кейбір комсомолдардың да аузын түк
басайын деген.
Ворона ешкімнің бетажарына қараған жоқ. Ӛзі «жеңіл кавалерияның»
мүшесі болатын. «Треугольниктің», жеке комсомолдардың мінін кӛрсете
келіп, Донбасс тәжірибелерінен мысал келтірді...
Ұзаққа созылған қызу жиынның ақырында Щербаков ӛзі шықты сӛзге.
Жұмысшы талқысын талай-талай кӛрген қарт салмақты, кең тұр. Асыра
сілтеушілерге де «мынауың артық» демеді. Ӛзіне керегін талдап алып, кӛп
сӛзді қорытып тұр...
—...Ӛзара сын жаңа әуе сияқты денені сергітеді. Ӛндірісті үймелеген
иіс-қоңысты айдап шығады. Бүгінгі жиын ұйымдастыру шеберлігіміз
жетімсіз екенін де ашты. Талап үлкен, табыстар да үлкен. Кертартпақ түгіл
жеткен жерде тұрып қалуға правомыз жоқ, алға, әман алға басамыз. Бірақ,
осы алға басудың киікше орғу, бақа қыбыр, қарыш адымы бар. Әшірбек
жолдас мың метр жол ашып, киікше орғымақ. Жас индустрия керек құралды
түгел бере алмай жатыр. Жаңа жұмысшылар еңбекті еркін баурай алмай
жатыр. Сондықтан мен алты жүз метр жол әзірге жетер деп едім.
— Жетпейді, Сергей Петрович,— деді Жұманияз. Жанабіл де бір қағып
қалды:
— Былтыр бесіктегі бала, биыл жүріп кетті, тілеуіне тіл бітті.
Щербаков таласқан жоқ. Қалжыңдап қайырды жауапты:
— Ауызбайлық мал болса, Бейсек Керимович екі мың метрсіз тоқтар
емес,— дегенде күліп жіберді бірсыпырасы.— Жоспарды ӛсіру оңай,
орындау қиын. Егер асыра орындасаңыздар тіпті жақсы. Бұған таластың
керегі не? Әуелі талассызды тындыралық. Сенгіштікпен мен байқамаппын.
Енді байқадым. Не қыл дейді жұртшылық? Қайтсе жұмыс алға кетеді?
Қаулысын берсін. Сол қаулыны алған соң толғана отырып, тӛтенше шаралар
қолданады трест.
Қаулы проектісін жасауға бес кісіден комиссия құрылды. Алдағы
сенбіде проектіні талқылауға тағы да жиналмақ болып, топ тарады.
Щербаков жалғыз кетті. Бұлыңғыр түнде шықыр-шықыр жай басып,
ойлы келеді. Қызу жиынның кӛңілде қалдырғаны кӛп, қорыта келеді. Мезгіл
сағат бірден асса да үйіне қайтпастан треске келіп енді. Жолындағы ӛз
кабинетіне бұрылмай, үстіңгі қабаттағы горкомға кӛтеріліп барады.
Горкомда да бұл кезде түнгі қызмет аяқталған, тек секретарь Кабинетінің
алдыңғы бӛлмесінде тырсылдаған машинка дыбысы естіледі.
— Кеш жарық,— деді Щербаков кіре бере.— Мейрам Омарович бар ма?
— Бар,— деп Антонина басып отырған қағазын жиыстыра бастады.—
Бӛгеле тұр. Орджоникидзе жолдаспен сӛйлесіп жатыр.
Екеуі оңаша шүңкілдесіп отырғанда кабинетінен Мейрам шықты. Кӛзі
күлімдеп, ашаң аққұба жүзі күреңіткен, сӛзінде толқын бар.
198
Sauap.org
— Григорий Константиновичтен сәлем сізге. Сізбен сӛйлеспек екен,
таба алмай менімен сӛйлесті. Сұрағаныңыз азырақ екен, кӛбейтті. Осы
кварталда отыз врубмашина жіберетін болды! Оның екеуін үйрене тұруға
осы айда жібереді.
— Бәрекелді, — деді Щербаков. Сүйсіне, қозғалғанда астындағы
орындығы шықырлады.— Отыз машина мың қайлашының бергенін береді.
— Тағы да елу жүк машинасын жібермек.
— Бұл бес жүз атпен барабар.
— Бес легковойды жақында аламыз. Каргрэс құрылысын тездеткелі
жатыр...
— Міне, міне, ең керегі электр!— деді де Щербаков сырт киімін шеше
сала, Мейрамды қолтықтай кабинетке енді.— Жаңа техника келе береді
осылай. Басқаруға дайындығымыз жеткілікті ме?
— Мұны мен сізден сұрамақ едім.
— Айтайын. Әнеугі әңгімеден кейін бірнеше шахтаны жете зерттедім.
Қазір жұмысшылардың жиналысынан шықтым. Обезличкадан әлі
арылғанымыз жоқ. Әр адамды ӛз орнына қоя алғанымыз жоқ. Авария,
простойлардың кӛбі осыдан туып жатыр.
— Соны тап жауының қалдықтары ушықтыра түседі.
— Әрине. Шаруашылық есепке, жаңа техникаға сай біраз ӛзгерістер
енгізбекпін. Жаңа келген жұмысшыны ӛз жұмысымен таныстырып алмай,
ӛндіріске жіберуге мүлде тыйым салам...
— Дұрыс-ақ!— деді Мейрам.— Баулу, үйрету жауаптылығын күшейте
берелік.
— Кейбір шахта басшылары пайда-зиянның бәрін әлі де мемлекетке
жүктегісі келеді. Олардың бойына шаруашылық есепті сіңірерлік,
қолданбақпын. Осиповты орнынан алғым келеді. Жұмысшылар қатты
сынады.
Мейрам ойланып қалды. Жауап қатпаған соң Сергей Петрович ежіктей
түсті:
— Қостамайсыз ба, әлде?
— Осипов Сейтқалы емес. Кемшілігін түзеуге күші жетеді. Мүмкін,
сындардан кейін түзелер.
— Онда сӛгіс беріп қалдыра тұрайын. Ермекті жоғарылатып, соған
орынбасар етсек қайтеді?
— Дұрыс. Ермек тәжірибелі, алымды адам.
— Жиналыста мені сынаса да, Әшірбек маған ұнады. Ойлы, қажырлы
жігіт. Кӛтерейік!?
— Қайда?
— Бірінші шахтаға бас инженер етсек деймін.
— Бұл да дұрыс. Сонда үлкен шахтаның басшылығын бірсыпыра
күшейткен боламыз.— Сергей Петрович кӛзілдірігін киіп, қойып книжкасын
199
Sauap.org
алды қолына. Әдемі, ұсақ жазулы книжка ӛндіріс ойларымен толы екен, сағат
үшке дейін айтып бітіре алмады. Сӛзінің ең ақырында:
— ...Енді жаңа техниканы баурау мәселесі тұр. Қазақтан жұмысшы
армиясы жасалды. Сол армияның командирлерін де қазақ ету мәселесі тұр,—
деді.— Курстар, фабрик-завод мектептері оқыта берсін, маман
жұмысшыларды жекелеп үйрете берсін. Олармен қанағаттанбай Донбасс
тәжірибелерін үйренуге — жүз, Кузбасқа — елу қазақ жұмысшыларын
жіберсек?
— Кӛбінесе жастардан жібере кӛріңіз.
— Қарттар да қағажу қалмасын,— деп Сергей Петрович қалжыңдай
тұрды орнынан. Екеуі әзілдесе ауыз бӛлмеге шыққанда Антонина Федоровна
жайраңдай қарсы алды:
— Кӛп отырдыңыздар ғой. Шаршаған шығарсыздар. Екеуіңізді мен
қонақ етейін, жүріңіздер.
Үшеуі қалжыңмен қағыса бірге кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |