Функциональды қасиеттері
.
Тауардың функциональдық қасиеттері
оның негізгі қолданыстарын мінездейді де, оның оң тиімді қолданылуына әсер
етеді.
Функциональды қасиеттерді топтау кезінде тауардың негізгі міндетін
атқара алу қасиеті шешуші
мәнге ие: дәрілік зат үшін бұл –
берілген
нозологияны емдеу сапасы, электрокардиограф үшін бұл –
берілген уақыт
аралығында электрокардиограммаларды жазу сапасы мен саны, мүгедек
арбасы
үшін бұл –
жүрудің жеңілдігі мен басқару мүмкіндігі.
Тауардың негізгі қызметін
орындауы қолданылған шикізаттың
сапасына, оны дайындау технологиясына, сапасын бақылау әдістеріне
байланысты.
Медициналық бұйымның маңызды функциональды қасиеті болып оның
қолдану
әмбебаптығы
болып табылады, ал ол бұйымды бекітілуі бойынша
қолдану
мүмкіндігімен өлшенеді. Қолданылу әмбебаптығы
бірқатар қосымша
қызметтерді орындай алуымен анықталады. Мысалы: кварцты шамдардың
әмбебаптығы
оның бра және үстел шамы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін
конструкциясымен анықталады.
Көмекші қызметтер
мүмкіндіктерді кеңейтеді
және қолдану ыңғайлылығын жоғарылатыды (мысалы: сарысуды сақтауға
арналған мұздатқыштың автоматты түрде еру мүмкіндігі). Бірқатар
жағдайларда көмекші қызметін
қолданылатын тауарлардың санын қысқартуға
мүмкіндік береді (мысалы: SETARAM типті құрылғыны қолану, бір мезгілде
термогравиметриялық және газохроматографиялық талдауды
жүргізуге
мүмкіндік береді). Әрбір тауардың өзіндік көмекші қызмет
жүйесі бар, оның
қызметін орындауынан көбіне қолдану нәтижесіне
байлынысты болып келеді
(мысалы, мүгедектерге арналған арбаның
қозғалу кезіндегі жылдамдығы мен
күші беріліс жүйесінің құрылымына тәуелді болып келеді).
Сенімділік қасиеттері
.
Бұл қасиеттер келесі көрсеткіштерімен
мінезделеді: сенімділік, ұзақ қолданысқа төзімділігі, үзіліссіз
жұмыс істеуі,
жақсы сақталуы, жөндеуге төзімділігі және т.б.
Сенімділік –
тауардың
берілген режим мен берілген қолдану шарттарында өз қызметін
орындау
қабілеті, осымен қатар белгілі бір уақыт аралығында пайдалану
қасиеттерін
медициналық бұйымдар үшін немесе жарамдылық мерзімін (дәрілік
препараттар үшін) сақтай алуы
(
мысалы: дәрілік заттар үшін –
мемлекеттік
стандартта көрсетілген сақтау жағдайларында әсер ету эффективтілігін
сақтауы) медициналық бұйым үшін пайдалану
үрдісі
кезінде жұмыс істеу
қабілетін сақтай білу қабілеті.Ұзақ мерзім қолдануға төзімділігі бұйымның
жұмыс істеу қабілетін максималды сақтауы. Жұмыс істеу қабілеттілігі
дегеніміз бұл бұйымның нормативті құжаттарда бекітілген параметрлерді
сақтай отырып өз қызметін
атқара алу жағдайындағы күйін айтамыз.
Жұмыс
істеу қабілетін толық немесе жартылай жоғалту істен шығу деп аталады. Істен
23
шығу пайда болу себептеріне және мінезіне, оны жою мүмкіндігі мен
қиындығы
бойынша жіктейді. Істен шығу себебі құрылымдық қатерлер мен
жетіспеушіліктер, өндіріс кемшіліктері, дұрыс емес тасымалдау мен қолдану
және техникалық қызмет көрсету, сыртқы факторлар, сапасыз жөндеу
жұмыстары болуы мүмкін.
Құрылымның
қатерлері мен кемшіліктеріне жеке
элементтердің немесе бүкіл құрылымның жеткіліксіз беріктігі, құрылымның
технологиясыздығы, жеткіліксіз қорғанысы (сыртқы факторлардан, ылғал,
шаң, қызудан), қызмет көрсету ыңғайсыздығы жатады.
Өндірістік
кемшіліктерге жасырын дефекттер, сәйкес емес материалдар,
дайындау не жинау технологиясының бұзылуы жатады.
Дұрыс емес қолдану
мен техникалық қызмет көрсету де істен шығу себебі болуы мүмкін. Бұлар
эксплуатация ережелерінің бұзылуымен, техникалық қызмет көрсету
ережелерін
сақтамауымен,
қызмет
көрсету
персоналының
төмен
біліктілігімен, көмекші механизмдердің бұзылуымен байланысты.Істен
шығуды тудыратын сыртқы факторларға жоғары немесе төмен температура,
жоғары ылғалдылық, жоғарғы немесе төменгі атмосфералық қысым, ауаның
ластануы және т.б. Сыртқы факторларға электрлік тізбектегі ток кедергісін
жатқызуға болады, себебі, ол электроқұралдардың
жұмысына әсерін тигізеді.
Сапасыз жөндеу материалдық сәйкес келмеуінің, дайындау технологиясының
және дайындаудың бастапқы шарттарына сәйкес емес жинаудың және жөндеу
жұмысының нашар бақылануы мен жүргізілуінің нәтижесі болып табылады.
Көрсетілу түрі
бойынша істен шығу айқын және жасырын болып
бөлінеді. Айқын істен шығу визуалды қараған кезде көзге түседі (мысал:
медициналық аспапта
хромды жапқыштың сырылып кетуі,шыны шприц
корпусында сынық пайда болуы және т.б.). Жасырын істен шығу
құралдыңжұмыс істеуі кезінде байқалады
(
мысалы
: «
Жасанды бүйрек
»
аппаратында резеңке
шлангтың жыртылуы). Істен шығуларды жөндеу
қиындығына байланысты орташа жөндеу мен түбегейлі жөндеу болып
бөлінеді.
Жөндеу
жүргізу
мекеніне
байланысты
істен
шығулар
эксплуатациялық және стационарлық жағдайда болып бөлінеді.
Тозу
–
сыртқы орта әсерінен бұйымның сапалық көрсеткіштерінің
өзгеруінің соңғы нәтижесі. Тозу түрлі факторлардың әсерінен болады:
механикалық, физика
-
химиялық, биологиялық және комбинирленген.
Эксплуатация кезінде бұйым әртүрлі механикалық әсерлерге ұшырауы
мүмкін, мысалы, соққылар, майысу, созылу және т.б.
Эксплуатация кезінде
бұйымның алатын механикалық әсерлері сыртқы және ішкі тозуды тудырады.
Сыртқы тозуда бұйымның беті бұзыла бастайды. Бұл уақытта бұйымның
қалыңдығы, массасы, беріктігі азая бастайды. Тозу дәрежесі бұл жағдайда
материал қасиетіне, беткей құрылымына және тоздыратын әсерлердің
қарқынына
байланысты болып келеді.
Ішкі тозумен қатар материалдық
құрылымы өзгереді, ал бұның нәтижесінде оның механикалық қасиеттері
өзгереді. Ішкі тозу кезінде бұйымның сыртқы көрінісі белгілі
бір уақытқа
дейін өзгермейді. Бірақ та материалдық пластикалық қасиеті төмендейді, ол
қатты және сынғыштық қасиетке ие бола бастайды. Ішкі тозуды анықтау үшін
механикалық сынықтар жүргізеді: созады, майыстырады және т.б.
24
Физика
-
химиялық факторларға: жарық
әсері, жылу, атмосфералық ауа,
ылғал, жуғыш заттар, ластанулар, органикалық еріткіштер, температура
әсерлері және т.б. жатады. Биологиялық факторларға саңырауқұлақтар,
микроорганизмдер, бұнақ
-
денелердің әсері жатады. Физикалық тозумен қатар
моральдық
тозу
болады, яғни бұйым формасы, құрылымы, техника
-
экономикалық көрсеткіштері бойынша ескіре бастайды. Моральдық
тозу
тауарды қолдануға сұраныс пен оған деген қарым
-
қатынас өзгерумен
байланысты болып келеді.
Қарсылықсыз
жұмыс істеу қабілеті –
белгілі бір
уақыт немесе белгілі бір жұмыс аралығында құралдың
жұмыс істеу қабілетін
сақтауы. Мысалы, 2 құрал
10 жыл бойына жұмыс істеді, оның біреуі
жөндеуден 1 рет өтті, ал екіншісі 10 рет. Осылайша, құралдың
қарсылықсыз
жұмыс істеу қабілеті
2-
нен 10 есе жоғары.
Сақталу қабілеті бұйымның сақтаудан немесе тасымалдаудан кейін
жұмыс істеу қабілетін сақтауы. Осылайша, батарейканың сақталуы өз бетінше
разрядталу жылдамдылығымен анықталады.
Жөндеуге
жарамдылығы
бұйымның құрылымдық
ерекшеліктерін және өндіру әдістерін бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |